Жаңа сабақтар

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы Қызылор да қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп тің 4 «В» сынып оқушысы Серікбай Айгерім

Серікбай Айгерім Бағдатқызы 2004 жылдың 12-ші желтоқсанында Қызылорда қаласында дүниеге келді. 2010-2011 оқу жылында Қызылорда қаласындағы №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің мектеп алды даярлық тобында оқыды. 2011-2012 оқу жылында 1 «в» сыныбына оқуға қабылданды. Өнердегі ұстазы музыка пәні мұғалімі Төлеутаева Ләззат Сүйінтайқызы мектеп алды даярлық тобында оқып жүргенінде оның бойындағы музыкаға деген қабілетінді байқап, өнерге баули бастады. Айгерімді вокал үйірмесіне алып, ән айтудың қыр-сырымен таныстырды, көптеген әндер үйретті. Мектепте өтетін түрлі іс-шараларда ән айтқызды. Мектепішілік, қалалық ән байқауларына қатыстырып, Айгерімді сахна мәдениетіне үйретті.

2013 жылдың қаңтар айында, Шымкент қаласында өткен «Жұлдызға жол» атты І республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-конкурсына ән жанры бойынша қатысып, ІІІ орынға ие болды. Бұл Айгерімнің үлкен сахнада ән айтқан өнердегі алғашқы жеңісі болатын. Әділ қазылар алқасының төрайымы Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, продюсер Майра Илиясова апайдың қолынан марапат алғанымды мен мақтаныш етемін, — дейді әнші қыз. Осы байқау менің ән айтуға деген ықыласымды арттыра түсті. Конкурста 2 ән айттым. Акапелла және жергілікті композитор Алтын Бекенованың әні «Нұр-Астана»,- дейді Айгерім.

2013 жылдың сәуір айында облыстық ХV «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, лауреат атанды.

2013 жылдың қараша айында Алматы қаласында өткен республикалық Х «Ақкөгершін» балалар шығармашылығы байқауына ән жанры бойынша қатысып, І орынды жеңіп алды.

2014 жылы наурыз айында Астана қаласында өткен Халықаралық VІІІ «Ақкөгершін» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды.

2014 жылы облыстық ХVІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, лауреат атанды.

Мектептің мақтанышы, оқу озаты Айгерім мектептегі барлық іс-шараларға белсене араласады. Мектепте өткен «Тіл — тәуелсіздік тірегі» атты мәнерлеп оқу сайысында І,ІІ орындарды иеленді. Одан басқа пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. Айгерім өте салмақты, ақылды, еңбекқор, инабатты оқушы. Сыныптас достарымен тату, ешкімнен көмегін аямайды. Суреті мектептегі құрмет тақтасында ілулі тұр. 1 мамыр мерекесінде Орталық алаңда өткен озат оқушылар мен үздік ұстаздар шеруіне қатысты. Өте жақсы жетістіктерінің арқасында мектеп ұжымы Айгерімге жазғы каникул кезінде Астанаға демалып қайтуға қалалық білім бөлімінен жолдама алып берді.

«Менің осындай жетістіктерге жетуіме ылғи қолдау көрсетіп отыратын әрине, ең алдымен ата-анама, Ләззат апайыма, сынып жетекшім Омарова Динара апайыма, сыныптас достарыма үлкен рахмет айтамын. Ата-анам, ұстаздарым менен үлкен үміт күтеді. Қазір менің ән қоржынымда біраз әндер бар. Ұстазым Ләззат апай менің дауысыма лайық әндерді іздеп, репертуарыма қосады. Репертуарымда Роза Рымбаеваның, Бота Бейсенованың, Алтын Махамбетованың, Рамазан Таймановтың, Алтын Бекенованың, Индира Елубаеваның, Бексұлтан Байкенжеевтің әндері бар. Болашақта орыс, ағылшын тілдерінде ән айтқым келеді. Әнші болсам деп армандап жүрген достарыма сәттілік тілеймін.Мектебімнің, ата-анамның, ұстаздарымның сенімінен шығуға тырысамын.Қазақстанның өркендеуіне үлесімді қосамын, — дейді әнші қыз. Біз де оған өнерің өрге жүзсін, ойлаған арман-мақсаттарың орындалсын деген тілегімізді білдіреміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.