А. Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Атырау облысы Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Урынбаева Камшат Еркиновна
7-сынып қазақ әдебиеті
| Оқытудың оқудағы тәсілі | · Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану;
· Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау, жетістіктерін ескеріп, біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында формативті бағалауды пайдалану; * Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау. |
||||||||||||||
| Тақырып | Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» | ||||||||||||||
| Мақсаты | Оқушыларға сөз өнері, ән туралы жазған өлеңдерінің идеялық-көркемдік қасиетін жүйелеп, өз бетімен іздене білуге, өлең композициясындағы түйінді ойлар мен сырлы сөздерге өзіндік пікір қалыптастыра білуге ықпал ету; | ||||||||||||||
| Оқытудың нақты нәтижесі | Оқушылар өлеңмен толық танысады, мән-мағынасын ұғынады.Әннің құдіреті туралы біледі. | ||||||||||||||
| Уақыты | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті | |||||||||||||
| Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау |
Оқушылармен амандасу
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.
|
1. Мұғаліммен сәлемдесу.
2. Өздері суырған сөздер бойынша топтарына барып отырады. 3. Бағалау парағымен танысады. |
|||||||||||||
| «Ой шақыру» | Білу
|
-Қойылған сұрақтарға жауап береді.
– Өз білетіндерін ортаға салады. – Ой жинақтайды. |
|||||||||||||
| «Ой қозғау» статегиясы | Түсіну.
Тірек сөздермен жұмыс Өнер. Ән. Табиғат. Білім-ғылым. Махаббат |
Берілген тірек сөздерді қолданып өз ойларын айтады. | |||||||||||||
| «Талаптыға нұр жауар» кезеңі | Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы
|
Берілген өлеңді оқып, бір – біріне түсіндіреді. | |||||||||||||
| Топпен жұмыс | Қолдану
– Ақынның айтайын деген ойы қандай? – Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды) 3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық көзқарасын, көркемдік тәсілін талда.
Сергіту сәті |
Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді. | |||||||||||||
| «» | Талдау
Өлең құрылысына талдау |
Өлеңді талдайды. | |||||||||||||
| «Бірге ойлаймыз» | . 1. «Менің сүйікті әншім» 2. «Сүйікті әншім»
|
||||||||||||||
| «RAFT» әдісі | Қорытындылау
«Мен қазақтың қарапайым әнімін» тақырыбына әр оқушы сол рольге еніп, өз ойын жазады. Ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Өткен тақырып бойынша түсінгендерін жіпке тізіп айтып шығады. |
Оқушылар рөлге еніп ойларын еркін жазады. | |||||||||||||
| «Авторға хат» | Бағалау.
«Авторға хат жазу» |
Оқушылар өз ойларын айтады. | |||||||||||||
| Үйге тапсырма | 1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан)
2. Шығарма «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы» |
||||||||||||||
| Кері байланыс | Рефлексия
– Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады. |
Кері байланысты іске асырады. | |||||||||||||
| Қорытынды сөз | Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?
Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе? Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс, Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. |
||||||||||||||
