Етістіктің жіктелуі 4 сынып. Жатыс септік 4 сынып

Атырау қаласы. Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Берікқалиева Бейбітгүл Жайлымқызы

Сабақтың тақырыбы: Етістіктердің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік және етістіктің жіктелуі туралы білім білігін толықтыру.

1. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін арттыру.

2. Оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.

3. Әсемдікке, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, іздену

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, дайындау.

ІІ. Психологиялық дайындық. – Балалар, сабақты бастамас бұрын, тәлім сөздермен бастайық.

1 оқушы: – Әрбір адам?

Бәрі: – Туысым, досым, жұрағат.

2 оқушы: – Әрбір сөзің?

Бәрі: – Шындық, бірлік, адалдық.

3 оқушы: – Әрбір ісің?

Бәрі: – Тірек, тірлік, адамдық.

Мұғалім: – Әрбір сабақ?

Бәрі: – Үйрену, ұғу, ұлағат. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы А. Байтұрсынов. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге ат салысып, білімдеріңді көрсетуге тырысайық!

(Сыныпты топқа бөлу. Үш жаққа бөлінген сөздер арқылы )

ІІІ. Өткенді пысықтау. «Етістік» Топтастыру стратегиясы

Не істеді? Қайтті? Іс қимылды дара

Етістік

Негізгі күрделі

Туынды болымды

Болымсыз қимылды

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру. Қалаған тақырыпта эссе жазып келу.

Оқушылардың жазған жұмыстарын «Туған жер» әңгімесімен қорыту.

Ү. Жаңа сабақ. (Оқушылардың назарын тақтаға аудару)

Аяулы мекенім,

Оқимын, жетемін.

Туған жер, кей – кейде

Сағынып кетемін.

Етістіктерді тапқызу. Қай жақта айтылғанын байқату. Оқимын, жетемін, кетемін. І Жақ, жалғаулары – мын, – мін. Етістікке іс – әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанатынын түсіндіру.

Етістіктерді үш жақта жекеше, көпше түрде айту.

Жекеше Көпше

Мен оқимын, жетемін, кетемін Біз оқимыз, жетеміз, кетеміз

Сен оқисың, жетесің, кетесің. Сендер оқисыңдар, жетесіңдер, кетесіңдер

Сіз оқисыз, жетесіз, кетесіз. Сіздер оқисыздар, жетесіздер, кетесіздер Ол оқиды, жетеді, кетеді. Олар оқиды, жетеді, кетеді.

ҮІ. Өз бетімен жұмыс. Кез келген етістікті алып, жекеше, көпше түрде жіктеп жазу. (2 оқушы тақтада орындайды)

ҮІІ. Оқулықпен жұмыс. 9 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Мен домбыра үйірмесіне қатыса….. . Сен қандай үйірмеге қатыса…. . Біз сабаққа бірге дайындала….. .

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс. Аяқталмаған мақал – мәтелдерді толықтыру.

1. Көп білсең де,

Көптен артық ……………. (білмейсің)

2. Халық айтса, қалп ……….. (айтпайды)

3. Ер өлсе де, аты ………… (өлмейді)

4. Еңбек етсең ………… (емерсің)

5. Отпен ойнама ………….. (күйерсің)

Сумен ойнама …………… (батарсың)

ІХ. Сергіту сәті. Суреттерді әр қайсысының іс қимылын білдіретін сөздермен сәйкестендіру.

Х. Топпен жұмыс. І топ Жұмбақты шешу. Жұмбақтың шешімі болған сөздерді қатыстырып, 5 жол өлең құрастыру.

1. Тұмсығы – қашау,

Кәсібі – ұя жасау.

Ағашты қорғап,

Зиянкесті асау. (тоқылдақ)

ІІ топ Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, өтірі жаңылтпашты көшіріп жазу.

Құлынның тұлымын,

Бұрымыммен тара….. .

Шынының сынығын,

Шұлығыммен жама…. .

ІІІ топ. Етістіктерді теріп жазу.

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп, марқаяды,

Қыста бірден қартаяды.

ХІ. Қорыту. Семантикалық карта

Айтамын, келесің, бара жатыр, жаздым, оқиды, барасың, ойнады, жүгіремін, қыдырасың, шабасың, келеді, іштім,

Сөздер І жақ ІІ жақ ІІІ жақ
Айтамын
Келесің
Бара жатыр
Жаздым
Оқиды
Барасың
Ойнады
Қыдырасың
Шабасың
Келеді

ХІ. Үйге тапсырма. 11 – жаттығу.

ХІІ. Бағалау.

Cабақтың тақырыбы: Жатыс септік

Сабақтың мақсаты: Жатыс септік туралы түсінік беру.

1. Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту, жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.

2. Жаттығулар орындата отырып, жатыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, талдау.

Көрнекілігі: суреттер, мақал – мәтел, жұмбақтар, интербелсенді тақта.

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім – дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық. Сабағымызды бастамас бұрын, топқа бөлінейік. Ол үшін мына қағаздарда сөздер жазылған. Сол сөздерден қалағанымызды алып, сөздерді оқып танысып, сол сөздерді неше топқа бөлуге болатынына назар аударайық. Яғни ол сөздер бойынша топқа бөлініп отырамыз.

(асық, бала, кітап, кеме, білімнің, қаланың, мұғалімнің, кеменің, балаға, асыққа, кемеге, білімге, баланы, кемені, кітапты, мұғалімді)

І топ Атау септік

ІІ топ Ілік септік

ІІІ топ Барыс септік

ІҮ топ Табыс септік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Табыс септік жалғаулары бар мақал – мәтел жазып келу.

ІІІ. Өткенді пысықтау.

І топ Қазақ тілінде неше септік бар?

ІІ топ Септік жалғаулары дегеніміз не?

ІІІ топ Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

ІҮ топ Табыс септік жалғаулары дегеніміз не?

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздерді байланыстырып оқу.

1. Тырна көк….., тұяқ жер…. .

2. Бір ауыл… мың туысың болғанша,

Әр ауыл…. бір туысың болсын.

3. Ананың көңілі бала….. ,

Баланың көңілі дала….. .

4. Жақсылық жер…. қалмас.

Бұл сөйлемдегі сөздерді байланыстыру үшін қандай жалғау жалғадың?

Бұл қай септіктің жалғауы екенін білу үшін ребус шешейік. Бұл ребусты шешу үшін әр сөздің алғашқы әріптерін алу керек.

(Жатыс септік) Ендеше біз бүгін жатыс септігімен танысамыз? (Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу)

Ү. Оқулықпен жұмыс. 55 – жаттығу. Жұмбақ шешу. Шешуі: сексеуіл. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Олардың жалғауларын, қай септікте тұрғанын табу. Сексеуіл туралы түсінік беру.

Сексеуiл — діңі  мен  бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт  сынатын  жапырақсыз  қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр. Сексеуiл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi.

ҮІІ. Жатқа жазу. Мақалдарды оқып, жатқа жазу. Жатыс септікте тұрған сөздердің астын сызып, сұрақ қою. Күш – білімде. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Ерлік білекте емес, жүректе.

ҮІІІ. Суретпен жұмыс. Бұл қандай ағаш?

Бұл ағаштың атын білу үшін сөз жұмбақ шешейік.

р
у
н
е
Ү
й

1. Ақ қолғаппен құшақтап,

Келе жатыр қыс ………..

Қ
ұ
р
м
а
ш

2. Әбдірахман Асылбековтің өлеңі

б
о
р
н
а

3. «Көксерек» әңгімесінің кейіпкері

4. Қысқы табиғат құбылысы.

Арша – кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы. Жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20-30 метрге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.

57 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу. Мәтінге ат қою. Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтау. Алғашқы сөйлемін сөйлем мүшесіне талдау. Арша тасты жерлерде, таулы аймақтарда өседі.

ІХ. «Сен маған, мен саған» тапсырмасы. Төрт топ бір – біріне тапсырмалар береді.

І топ. Септік жалғаулары жалғанған сөздері бар 3 мақал жазу.

ІІ топ. Септік жалғаулары жалғанған сөздері бар 4 тыйым сөз жазу.

ІІІ топ. Арша сөзін септеп жазу.

ІҮ. топ. Жұмбақты шешіп, сөз табына талдау.

Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Х. Өз бетімен жұмыс. 59 – жаттығу.

Өзен, жайлау, қыс, көген, бесік сөздеріне жатыс септігі жалғауларын жалғап, әрқайсысымен сөйлем құрау.

ХІ. Қорыту.Семантикалық карта.

Сөздер Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік
Бөлмеде, құмда, Айданада
Суретшінің, ағаштың, оқушылардың
Оқушы, кітап, ағаштар
Шеңберді, саңырауқұлақты, Әсемді
Ауылға, мектепке,

Сәулеге

Эссе жазу

Бірнеше оқушыдан тыңдау, парақ дайындап қою.

Мен жатыс септігімін. Кімде?, неде?, кімдерде?, нелерде?, қайда? деген сұрақтарға жауап беремін. Маған –да,-де,-та,-те жалғаулары жалғанады. Жалғаулар дұрыс жалғанбаса мен сөздермен байланыса алмай қаламын. Тұрлаусыз мүшемін.т.б.

-Жатыс септігіне мысал келтіру. -Бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едім, енді өлеңмен аяқтайын. Сендер қолымды көтергенде Қазақ тілі деп айтып отырасыңдар.

Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,

Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі.

Қазақ тілі – көгіңдегі шамшырақ

Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге.

ХІ. Үйге тапсырма. 60 – жаттығу.

ХІІ. Бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше