Оқушыларды ҰБТ – ға дайындаудың жаңа жолдары мен тәсілдері
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің
тарих – география пәнінің мұғалімі Айдын Салибайұлы Баймуханов
Тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ – ға дайындаудың жаңа жолдары мен тәсілдері
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ – ға дайындауда білім сапасының жақсаруына жағдай жасау, оқушының жеке ерекшеліктерін және дайындық деңгейін ескере отырып, қысқа уақыттың ішінде тарих пәні бойынша мектеп курсын қайталау, реттеу, тереңдету, оқушыларды стандартты қателіктерді жасамауға үйрету, білімдегі бар жетіспеушіліктерді жоюдың жаңа жолдары мен тәсілдерімен мұғалімдерді таныстыру. Тарих сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ҰБТ – ға дайындаудың жаңа жолдары мен тәсілдерін көрсету. Тарих сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын тапсырмаларды орындау.
Сабақтың ұраны: «Егерде оқушы бір рет болсада жеңіске жетсе, онда ол осыны қайталағысы келеді…»
