Қазақтың ою – өрнектері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
№22 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі : Токпанова Р.К.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бағдарлама тараулары: Сурет салу
Тақырыбы: Қазақтың ою – өрнектері
Мақсаты:
– Балалардың ою – өрнек туралы білімдерін қорытындылау, оюдың түрлерін, шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою – өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, оюдың суретін сала білуге үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту;
– балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту;
– қызығушылық ынтасын арттыру, балаларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт – дәстүрге баулып, тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Ұ.О.І.Ә – нің түрі: Аралас.
Құрал жабдықтар: Ою – өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, слайдтар, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, түрлі – түсті қағаздар, қошқар мүйіз оюының шаблоны, бояулар.
Қостілдік компонент: Ою – орнамент, өрнек – узоры.
| Әрекет
Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс – әрекеті |
| Мотивациялық-
қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Кел, балалар, күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Кел, балалар, күлейік Күлкіменен түлейік Күлкі көңіл ашады Көңілді болып жүрейік. |
Балалар бір – біріне күлімдеп қарап, күлкі туралы шаттық шеңберін құрды. |
| Іздену – ұйымдас – тыру – шылық |
а. Кіріспе б. Саяхат «Әжей ауылы» в. Оюхан еліне саяхат. Ою – өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев: Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай ою – өрнектердің түрлерін білесіңдер? /балалардың жауабы/ Сергіту сәті: Тәрбиеші: Балалар, әже ауылына саяхатқа барғыларың келеме? «Әжей ауылына» саяхат. /Әжейдің үйіндегі тұрмысқа қажетті жиһаздары/ «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлапдан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар? Оның бірі – ою – өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз. Апа: Сәлеметсіңдерме, төрлетіңдер. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Тәрбиеші: Балалар, кім әжеге ою – өрнек туралы өлең оқиды? Міне, балалар, біздер әжей ауылына барып, көптеген мағлұмат алдық. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең!» дегендей, біздер қазір жұмбақтар тыңдаймыз. Затыңды аман сақтайды»/сандық/ Текшелеп төрге жиғаным не?/көрпе,жастық/ Әжемен қоштасу. – Жарайды балалар, енді біздер Оюхан еліне барамыз. Кішкене еңбектенейік. Тәрбиеші балаларға қағаздарын үлестіреді. (әр баланың алдында қажетті құрал – жабдықтар тұрады) |
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мүйіз, қосмүйіз, арқар мүйіз, қошқармүйіз, қырықмүйіз, сынықмүйіз. Жомарт мынау табиғат Өсіргендей бізге арнап Қып-қызыл болып жалындап Қырға өседі қызғалдақ /Арнұр / Қазағымның оюын Әжей кесте тігеді Көздің жауын алатын Киіз үйдің ішінде Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек, Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз» Балалар саусақпен салу тәсілі арқылы ою салады. |
| Рефлек –сивті – түзетуші -лік | Қорытынды:
Балалар, бүгінгі күн сендерге ұнады ма? Несімен? Бүгін біз не жайлы айттық? Оларды қай жерлерде кездестіруге болады? Ою – өрнектер неше топқа бөлінеді? Кімнің үйіне саяхатқа бардық? Балалардың жұмыстарына баға беру. Мақтап – мадақтау. Соңында тәрбиеші халқымыздың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өлеңінен үзінді оқиды: Түрін-ай текеметтің, асыл қандай! Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай Келе ғой қошақаным өзімен деп Әжем кеп сипағандай шашымнан жай. Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі, Тұрғандай ана көңіл тербеп мені. Жан бітіп жайраңдады жан-жағымда Қазақтың қошқармүйіз өрнектері, деп сабағымызды қорытындылаймыз. |
Балалардың жауабы.
Иә Сурет салу, жұмбақ шешу, құрастыру, т.б. Фариза Оңғарсынованың өлеңінен үзінді тындады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ұлттық ою – өрнектер тарихын,сырын,тілін.
Болу керек: рухани бай,мәдениетті,ұқыпты.
Істей білу керек: ою – өрнектерді сала білуге,ажырата білуге,ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе білу.
