Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі:Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіру. Сөз таптары туралы білімдерін бекіту.

ә) Дамытушылығы:Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

б) Тәрбиелігі:Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру, «Кім жылдам?» ойыны.

Сабақтың көрнекілігі:Тірек-сызба, корточка, слайдтар.

Пән аралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқу құралдарын даярлату.

3. Назарларын сабаққа аудару.

4. Психологиялық дайындық.

Ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу»

Мақсатымыз: «Еңбектену, 4-5-ке қол жеткізу».

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

– Балалар үйге қандай тапсырма берілді? (8-жаттығу 114-бет)

ІІІ. Өткен сабақты қайталау.

«Біз нені білеміз?» -деген сұраққа жауап алу.

– Балалар біз қандай үлкен тарау өтіп жатырмыз? (Сөз таптары)

Тірек-сызбаға назар аударып, ой қозғайық.

– Біз осылардың ішінде қайсысын өттік? (Зат есім, сын есім, етістік)

– Енді, қазір біз «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз?

– Ең алдымен топқа бөлініп алайық.

І-топ. «Зат есім»

– Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

– Зат есімнің көптік жалғауларын ата? (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

– Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?

– Әке сөзін тәуелде.

ІІ-топ. «Етістік»

– Етістік дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

– Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

– Туынды етістіктің жұрнақтарын ата? (-ла, -ле, -та, -те, -да, -де)

– Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?

ІІІ-топ. «Сын есім»

– Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

– Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?

– Туынды сын есімнің жұрнақтары қандай? (-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, -дай, -дей, -дау, -деу, -лау, -леу, -тау, -теу).

– Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?

ІV. Жаңа сабақ.

Балалар мына ребусты шешсең бүгінгі өтетін тақырыптың аты шығады.

Ребусты шеш:

– Сан есім туралы не білеміз?

– Айтылу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

– Есептік және реттік сан есім дегеніміз не?

1. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.

Жұмбақты оқып шешуін тап.

Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теселіп, тербеледі адам соқса.

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанмен,

Не пайда, үндемейді адам жоқта.

(Домбыра)

Сан есімдерді тауып, қандай сан есімдер екенін айт.

2-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.

Бір кісі қазған құдықтан,

Мың кісі су ішеді.

Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Мақалдың мәнін түсіндір.

Сергіту сәті.

Бір отырып, бір тұрып

Біз бір дем алайық.

Түсірейік төменге

Міне былай, қарайық

Құстай қанат қағайық.

3-жаттығу.

Шығармашылық жұмыс.

Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құрған сөйлемдерінде олардың қандай мүше болып тұрғанын айт.

І-топ. Біреу.

ІІ-топ. Бес.

ІІІ-топ. Жетінші.

Өзіндік жұмыс.

5-жаттығу. Өзгертпе сөзді (аннаграмманы) шеш.

Бірінші менің бөлігім –

Шұңқырмын – екі-ақ әріппін.

Екінші менің бөлігім –

Бір түстік жұртқа таныттым.

Екеуін қоссақ жөнімен,

Орасын шөпті онымен.

Сан есімдерді сөз құрамына талда.

6-жаттығу.

Ребусшы шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

(Бірлік)

– Бірлік қандай сөз мағынаны білдіреді?

– Олай болса әңгіме құраймыз.

– Әңгіменің ішінде сан есім болу керек.

V. Сабақты қорытындылау.

Мына тапсырманы орындау арқылы жасырын сөзді табу.

І-топ. «Раушан»

Қырық – 3, алты – 1, у , үш – 2, жиырма – 6, он – 2.

ІІ-топ. «Бәйшешек»

Бір – 1, ә, й, үш – 2, екі – 1, үш – 2, екі – 1, екі – 2.

ІІІ-топ. «Қалампыр»

Қырық – 1, алты – 1, алты – 2, жиырма – 6, жиырма – 5, жетпіс – 4, қырық – 2, бір – 3.

Бұл – гүлдердің тапсырмасы.

Сан есімнің сұрақтарын қайталау.

VІ. Үйге тапсырма.4-жаттығу. 144-бет

VІІ. Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан үш топтың да балаларын мақтап, білімдерін бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше