Жануарладың тіршілігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№84 ЦИОЛКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП

Бастауыш сынып мұғалімі: Ф.А. Исраилова

Сабақтың тақырыбы:Жануарладың тіршілігі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларға өлі табиғаттың ,тірі табиғатқа әсер етуін және жануарлар тіршілігіне не қажет екенін түсіндіру;

2. Дамытушылық: Адам мен табиғат арасындағы байланыстың оң әсерін түсіндіре отырып, танымдық, логикалық ойлау, еркін сөйлеу дағдысын, өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру

3. Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі;Интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: Орталықтармен жұмыс

Әдіс–тәсілі:Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
а)Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ә) Оқушыларды орталыққа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Табиғат деген не?

2. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылығы неде?

3. Өсімдіктерге не қажет?

4. Өсімдіктердің жер асты мүшелерін ата.

5. Өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін ата.

6. Тест

Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту
Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Табиғат

Тірі

Өлі

Қосмекенділер

Балықтар

Бунақденелілер

Табиғат

Сүтқоректілер

Құстар

Жорғалаушылар

Жануарлар тіршілігіне не қажет?

Өсімдіктер сияқты жануарларға бес нәрсе қажет.

Мысалы:

ауа

су

жарық

жылу

қорек

Жануарларға

ІІ. Мағынаны тану

Сыныпта үш орталық құрылады

1.Табиғат орталығы

2. Ғылым орталығы

3. Өнер орталығы

1.Табиғат орталығы

1. Қандай жануарлардыжыртқышжануарлардейміз?

2. Жорғалаушылар тобына қандай жануарлар жатады?

3. Жорғалаушылар суретін салу және түсінік беру?

2. Ғылым орталығы

1.Қандай жануарлардыөсімдікқоректі жануарлар деп атайды?

2. Жануарлар тіршілігіне не қажет?

3. Сүтқоректілер суретін салу және түсінік беру?

3. Өнер орталығы

1. Қандай жануарларды жәндікқоректі жануарлар дейді?

2. Күнделікті көріп жүрген құстар тобын атап бер?

3. Қосмекенділер суретін салу салу және түсінік беру?

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық

Мың бір мақал

1.Ел көркі — мал, өзен көркі— тал.

2. Бақпаса мал өспейді,

Баптамаса егін өспейді.

3.Ат қадірін білмесең,

Жаяушылық көрерсің.

Ас қадірін білмесең,

Ашаршьшық көрерсің.

4.Жер көңді жақсы көреді,

Ат жемді жақсы көреді.

5. Жері байдың- елі бай.

6. Сулы жер-нулы жер.

7.Таза болса табиғат-аман болар адамзат.

8. Жерге берсең-жер,

Бермесең-қара жер.

Жануарлардың қайсысы қайда тұратынын анықа

Қызықты мәліметтер

1.Құмырсқа 7 жыл тырна 40 жыл, бұлбұл 45 жыл өмір сүреді екен.

2. Қасқыр табанына кірген шөгірді тісімен алады, егер ол ауырса өзіне өзі аштық жариялап, шөптермен емдейді екен.

3. Сары сілеусін, етін жаулары-суыр тышқандардың 2000-ын 1 жазда жейді.

4.Қоян терлемейді , оның бойындағы артық жылуды, ыстық күндері қан тамырлары ұзын құлағы арқылы сыртқа шығады.

5.Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр

жауады

6. Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.

7. Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.

8.Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.

9. Шағала келсе сең бұзылады.

10. Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.

11. Бозторғай ән салса, күн ашық болады.

12. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады

деп күткен жөн.

13.Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп

ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады.

14. Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар

жасаса, күз ұзаққа созылады.

Сабақты қорытындылау:

Семантикалық карта

Аттары Ауа Су Қорек Жылу Жарық Қанат Тұяқ
Сүтқоректілер + + + + + +
Құстар + + + + + +
Жорғалаушылар + + + + +
Қосмекенділер + + + + +
Балықтар + + + + + +
Бунақденелілер + + + + + +

Оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы: Жануарлар тіршілігі

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше