“Қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресі. Х алық батырлары”
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Новенький ОЖББМ
Жаңа форматты бастауыш класс мұғалімі
Тулепкалиева Ляйла Шапбазкереевна
| Класс 4 «а» | Күні | ||
| Тақырыбы: | Қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресі. Халық батырлары. | ||
| Мақсаты: | Жоңғар басқыншылармен қарсы күресті ұйымдастырған хандар мен батырлар туралы білу | ||
| Күтілетін нәтиже: | А. Жоңғар басқыншылармен қарсы күресті ұйымдастырған хандар мен батырлар туралы айта алады.
В. Оқиғалардың кезеңдерін ажырата алады, физикалық картадан көрсете алады. С. жоңғарлармен соғыс неліктен «халықтық» деп аталғандығы жөнінде пікірлерін дәлелдей, болжамдар жасай алады |
||
| Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер: | зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме,
шеңбер әдісі Сабақты аяқтау:Стикердегі он сұрақ; |
||
| Оқыту мен оқудағы сыни түрғысынан ойлану: | жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар, топтастыру, «Қарлы кесек» әдісі. «Стоп кадр» | ||
| АКТ: | Стоп кадр арқылы суреттерге өз ойларын айтады. | ||
| Көрнекілігі: | Компьютер, ақ беттер, маркерлер, смайликтер | ||
| Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің әркеті | Оқушының әркеті | Формативті бағалауды қолдану |
| Кіріспе | Ұйымдастыру.
Амандасу Тренинг Топқа бөлуге байланысты. Мақал бойынша топқа бөлу Үй тапсырмасына «Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазу. |
1-топ: Туған жердей-жер болмас.
2-топ: Жері байдың елі бай. 3-топ: Отан-отбасынан басталады. Бір-бірінің жұмыстарын ауыстырып тексеріп өз критерлері бойынша бағалайды. (Орындамай келетін оқушыларға арнап 2 сұрақтан әзірлеуге барамын) |
Критери арқылы бағаланып отырады. |
| Тұсаукесер: | Ой қозғау сұрақтары
«Елім-ай» әнін тыңдату арқылы өз білу. |
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сабақ тақырыбын ашады, сабақтың мақсаттарын айтады | Қалай оқу керектігіне байланысты дағдыларын дамыту, сабақ барысы бойынша мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижеге жету жолдарын оқушылардың қарастыруына мүмкіндік беру. |
| Негізгі бөлім: | «Шеңбер әдісі» арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беремін, жұпта, топта ой бөліседі.
Физикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға жеке жұмыс ретінде беремін, Сергіту сәтіне «Стоп кадр» әдісін пайландым. Оқушылар слайдта берілген суреттерге қарап өз ойларын ашық айтуға еркіндік сәті берілді. Сұрақтар қою – Жоңғарлармен соғыс неліктен «халықтық» деп аталады? – Неліктен халқымыз батырларын ардақтаған? Кеңейтілген сұрақ. – Біздің батырларымыздың ерліктері неліктен ұмыт болмайды деп ойлайсыңдар? Үйге тапсырма Батырлар туралы қосымша мәліметтер тауып алып келу. Және А,В,С оқушыларға жеке тапсырмалар беру. |
Жеке оқып «шеңбер әдісі» бойынша топта өз оқығандарын ортаға салады. Әр өз йын білдіргені үшін бір конеттен алып отырады.
Физикалық картамен жұмыс жасайды. Картадан Жоңғарлар соғысы болған жерлерді көрсетеді. Өз болжамдары ойынша дәлелдер келтіреді. С. Интернеттен http://tarihi-tulgalar.kz/category/batyrlar.html сайтына кіріп мәліметтер іздеу. В. тақырып бойынша ойландыратын 1 сұрақ ойлап жазып келу. А. Назым қыздың ерлігі туралы оқып, оның кім екенің айтып келу. |
Бағалау критерилері арқылы бағалау.
Бір-бірінің жауаптарын бармақ әдісі арқылы бағалайды. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауда ынталандырып, өз-өздеріне сенімді болуға жігерлендіріп отырамын |
| Қорытынды | «Стикердегі он сұрақ» бойынша сабақты қорыту.
Рефлексия парағын беремін. |
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша айтылған сөздерді ішінен табу керек. | Сабақта жоғарыда аталған бағалаулар бойынша бағалап, кей оқушыларға ынталандыруға бағыт сілтеймін. |
