Балқашымның тағдыры – адамзаттың тағдыры
Армысың, сәлем бердім, ана Балқаш
Өзіңсің нәр сыйлаған санаға алғаш.
Суың бал, пана болған барша жанға,
Толқындап жатырсың ба дара Балқаш?
(С. Сұлтанғазин)
Балқаш, Балқаш болмай тұрғанда Көкше аталған екен. Бабаларымыз алғаш орныққанда судың көлеміне қарап, “көл”, “көлшік” деуге қимай, “Көкше теңіз “ деп атапты. Балқаш көлді қалай “Көкше теңіз” атаса, солай қарт Каспийді де аумағына қарап “ теңіз” атаған болар… Ал, “Балқаш” деген атау бертін келе пайда болған . Балқаш атауы-Балқия есімді бай, көпес әйелге қатысты пайда болыпты. Ол Оңтүстіктен Солтүстікке түрлі жібек маталар, бағалы бұйымдар тасып, сауда жасаумен айналысқан көрінеді. Балқияны дос- жарандары өз атымен атамай, Балқаш, Балқашжан десе керек. Сол Балқия Көкшенің бойымен өтіп бара жатып, аз –маз тынығып алмақшы болады да, жағалауға келіп тоқтайды. Тәңірдің маңдайына жазғаны сол болса керек, желді, толқынды күні суға шомылмақшы болады. Тулаған толқын қоя ма? Әлгі Балқияны су түбіне тартып әкетіпті. Мінеки, уақыт өте келе Балқия батқан суды төңіректегі ел “ Балқаш” деп атап кеткен екен.
Орындаған: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Сарышаған кенті жалпы орта білім беретін мектебінің:
11 «Б» сынып оқушысы Кульмаганбетова Айгерим Бекетқызы.
Жетекшісі география пәнінің мұғалімі:
Қоңқабаева Орынкүл Артельбайқызы.
