Мәселелік есептерді қолдану
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы
«Тасқала колледжі» МКҚК физика
және информатика пәнінің мұғалімі
Валиева Жадыра Бақытжановна
Мәселелік есептерді қолдану
Қазіргі кездегі физиканы оқыту әдістемесінде мәселелік оқыту әдісі қолданып жүр. Мәселелік оқытудың ұйымдастырудың мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар. Мәселелік оқыту оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыруды, шығармашылық есептерді шығару жөніндегі белсенді ақыл-ой қызметінің негізінде білімдерді меңгеру, сондай ак білім алу әдістерін игеруді талап етеді.
Эксперименттік физика-математика сыныптарында міндетті түрде мәселелік есептер мен шығармашылық есептерді шығаруды пайдаландық . І курста газ заңдары өтілгеннен кейін оқушыларға төмендегідей мәселелік эксперименттік есептерді ұсынуға болады.
