Ондық бөлшектерді қосу
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Саржал ауылы.
«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мұғалімі С.М.Үркімбай.
Қазіргі кезде оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне басты назар аударылуда.Ұстаздың әрбір сабақтарын әртүрлі түрлендіріп өткізу оқушылардың математика пәніне деген ынта-ықыласын, қызығушылығын,белсенділігін арттырады.5-сыныпта өткізілген «Ондық бөлшектерді қосу» тақырыбында өткен жаңа білімді меңгерту мақсатындағы сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік:Ондық бөлшектерді қосуды үйрету,қосудың қасиеттерін есеп шығаруда пайдалана білу,тақырыпты оқушы санасына бекіту. Тәрбиелік:Оқушылардың өз ойларынашық айтуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,өз ойын жүйелеуге,тез шешім қабылдауға,ой-өрісін кеңейтіп,іздену қабілетін арттыруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ. Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың көренекілігі: Слаидтар,таратпа материалдар,формулалар,электронды оқулық.
Сабақтың әдісі:Дамыта,деңгейлеп оқыту. Сабақтың өту барысы: I)Ұйымдастыру. II)Математикалық диктант. 1) Ондық бөлшекпен жазыңдар: а)нөл бүтін оннан екі;
ә) екі бүтін мыңнан төрт жүз жиырма бес.
2) Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:17/100.
3) Ондық бөлшектерді салыстырыңдар:
а)6,3 пен 6,4;
ә) 4,632 мен 4,62.
4) Шамалар мәндерін ондық бөлшек түрінде жазыңдар: а)метрмен: 5м12см;
ә) Килограммен:3кг53г.
III) Электронды оқулықпен жұмыс. Жай бөлшектерді қосу,оларды ондық бөлшекке айналдыру тақырыбын электронды оқулықтан қайталау. IY)Тарихи мағұлматтар. Ондық бөлшектер және ондық бөлшектерге амалдар қолдану туралы ортаазиялық ғалым әл-Каши өзінің “Арифметика кілті”(1427) атты кітабында жазды.Әл-Каши ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу тәсілдерін қалыптастырды.Сондықтан ол есептеуде ондық бөлшекті ең алғаш пайдаланған ғалым ретінде тарихқа енген.Әл-Каши ондық бөлшектерді жазуда үтірді пайдаланбаған,бірақ ол үтірдің орнына тік сызық қойған. Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды шотландия математигі Джон Непер(1550-1617) және неміс аспан әлемін зерттеушісі И.Кеплер (1571-1630) енгізген. Y) Жаңа білімді меңгерту.(Дамыта оқыту технологиясын қолдану) Оқушылар өткен тақырыптағы алған білімдерін қолдана отырып, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып жай бөлшектерді қосып,шыққан қосындыны ондық бөлшекке айналдыра отырып жаңа білімді өздері меңгереді.
Ондықбөлшектерді қосқанда,қосудың қасиеттері сақталады :
а+в=в+а (қосудың ауыстырымдылық қасиеті)
14,25+7,341 = 7,341+14,25 =21,591
(а+в)+с=а+(в+с) (қосудың терімділік қасиеті)
(15,224+8,1)+1,9 =15,224+(8,1+1,9) = 25,224
YI) Жаңа білімді бекіту. Ондық бөлшектерді қосу үшін: Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір дәл келетіндей ) етіп баған түрінде жазу керек ; Разрядтар бойынша қосу ; Қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек . YII) Есеп шығару.№952(А),№969(в),№978(С) YIII) « Миға шабуыл » Логикалық есеп. Бактериялар минутына қақ екіге бөліну арқылы көбейеді.Қоректену қоспасы бар ыдысқа 1 бактерияны орналастырса,бір сағаттан соң ыдыс бактерияға толады.Қанша уақыттан соң ыдыстың жартысы толған болар еді ?Егер алғашында ыдыста екі бактерия орналастырылған болса, қанша уақыттан соң ыдыс бактерияға толар еді? а) 59 минутта в) 60 мин с) 30минутта д)45 минутта IХ)Сандар туралы ассоциация құру.
Жұп сан Аликвоттық бөлшектер Натурал сан
Жай сан Тақ сан
Құрама сан Жай бөлшек Ондық бөлшек
Х) Пәнаралық байланыс.
Сандар (цифрлар) туралы Шәкәрімнің жұмбағы.
Шәкәрім жұмбағы :
Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан,
Бірін –бірі буаз ғып,жуандатқан.
Тоғызының киімі тоғыз түрлі,
Келген кісі сияқты әр тараптан.
Босанғанда,тоғызы бір ұл тауып,
Балаға екі түрлі киім жапқан.
Бір киімі шешесіне ұқсаса да,
Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан.
Қатындар не? Киім не? Баласы не?
Көпке киім жетеді не себептен ?
(Ш.Құдайбердиев,Шығ.Алматы,«Жазушы»-1988,277-278 беттер).
Шешуі:
Тоғыз қатын,тоғыз сан,тоғыз бөлек.
Тоғыз цифр киеді түсі өзгерек,
Бірінен–бірі жуан бола беріп,
Ойласаң тоғыздан «он» туса керек.
Киімі оның бір цифр,бір ноль болар,
Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек.
Қанша санды жазса да осы он цифр,
Жететінін байқарсыз,болсаң зерек.
( Ш.Құдайбердиев,Шығ.Алматы.«Жазушы»-1988,277-278 беттер).
ХI) Үйге тапсырма беру . № 954(А -дейгей);970(В-деңгей);979(С-деңгей) 254,255-беттер.
ХII) Оқушылардың білімін ашық журнал арқылы бағалау.
| р/с | Оқушының
аты-жөні |
Матема
тикалық диктант |
Тарихи
мағұлмат |
Есеп шығару | Ассоциа ция құру | Қорытынды баға | ||
| А
деңгей |
В
деңгей |
С деңгей | ||||||
| 1 | Абылғазина Д | 5 | 5 | – | 5 | 5 | 5 | 5 |
| 2 | Алина С | 4 | – | – | 4 | – | 4 | 4 |
| 3 | Акимова А | 3 | 4 | 3 | – | – | 4 | 3 |
| 4 | Болатов Е | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 |
ХIII) Сабақты қорытындылау.
