ТОП ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫ РУ

Бисембаева Райса

«№270 орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Жұмыстың өзектілігі. Өмір сүріп отырған ғасырымыз – өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуының кезеңі. Жаңа кезеңінде жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үлгісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылады. Яғни қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Ондай мәселелердің бірі – мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.
Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және нәтижеге аз уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде бастауыш сыныптарда оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, практикаға енгізілуде. Атап айтар болсақ, В.П.Беспалько, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, т.б.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше