Прогрессия тақырыбына есептер шығарту. Пәні Алг ебра 9а
Ақжанова Гүлнара Серғазықызы
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Прогрессия тақырыбына есептер шығарту. Пәні Алгебра 9а
Мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау;формулаларды пайдаланып прогрессиялардың n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту; математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету;математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету, өзін-өзі бағалай білуі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар арифметикалық және геометриялық прогрессияның мүшелерін табу формулаларын жатқа біледі, есептерге қолдана біледі. Арифметикалық және геометриялық прогрессияның п-ші мүшелерін табу формулаларын есеп шығаруда қолдана алады.
