Абдолова Әсем. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұға лімі
Абдолова Әсем. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Х. Наубетов атындағы орта мектеп
Атырау облысы, Исатай ауданы
Сабақтың атауы: Сөз тіркесінен өткенді қайталау
Сілтеме «Қазақ тілі» оқулығы 7- сынып Авторы :С. Исаев, Г. Қосымова
Жалпы мақсаты: Әр түрлі тапсырмалар арқылы сөз тіркесі туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.
Міндеттер: Оқушылардың қызығушылығын ояту Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу Сөз тіркестері туралы білімдерін дамыту
Сабақтың атауы: Расул Гамзатов « Ана тілі»
Сілтеме 7-сыныбына арналған әдебиет оқулығы авторы: Құтқожина Р, БітібаеваҚ, Жаманбаева Қ
Жалпы мақсаты: Ақынның шығармашылығымен таныстыру.Өлеңді мазмұнын меңгерту,талдау арқылы тіл дамыту. Өлең тақырыбы мен идеясын түсіндіру, әдеби теориялық талдау жасауға үйрету
Сабақтың атауы: Шандор Петефи « Ұлт өлеңі»
Сілтеме 7-сыныбына арналған әдебиет оқулығы авторы: Құтқожина Р, БітібаеваҚ, Жаманбаева Қ слайдтар
Жалпы мақсаты: Ш.Петефи өмірімен ,шығармашылығы туралы түсінік беру, Өлеңнің идеясы арқылы ақынның азаматтық болмысын таныту.
Сабақтың атауы: О.Генри «Соңғы жапырақ»
Сілтеме 7-сыныбына арналған әдебиет оқулығы авторы: Құтқожина Р, БітібаеваҚ, Жаманбаева Қ
Жалпы мақсаты: О Генри өмірі туралы мағлұмат бере отырып , әңгіменің мазмұнын меңгерту , кейіпкер бейнесін ашу
