Ұстаз-өмір бойы үйренуші

Қостанай облысы Жітіқара қаласы.
№9орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Ердавлетова Айгүл Мәльтайқызы

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай.- педагогиканың жан-жақтылығын осы деңгейлік курстың барысында көзім жетті деп айтсам артық айтқандық болмас. Өйткені бұл оқу барысында педагогиканың қыр-сырын шындықпен, басқа қырынан көре бастадым.

«Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, осы оқу курсынан өту барысында оқытушылық мамандыққа шеберлігімді шыңдау үшін ұстаз-ақылы, білімі, ары, мінезі бәрін де тренерден, әріптестеріммен бірлесе отырып, өмірмен байланыстыра, адами-құндылықтарды ескере отырып, ынтымақтастықпен білім алуға, барлық жағдайаттарды шешуге, болатынын көзіммен көріп, ұқтым. Әр уақытта озық ойлы білімдар адамдар заманның,

қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейтініне шын көзім жеткендей күй кешудемін. Ендіеше оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асатындығын біз бұрын да көре алмағандай екенбіз, мен соны түсіндім. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру,өмірге,өзгермелі, жедел дамып келе жатқан жаңа қоғамға үйретуді нақты көздейді. Бүгінгі таңда біз үйреніп отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» нақты уақытында, заман талабына сай ұсынылып отырған ең озық жүйе деп мен айтар едім,себебі мұндағы оқушы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі бір-бірінен ажырамайтын, бірін бірі толықтырып отыратын жеті модуль арқылы жүйелі түрде іске асырылатындығында, осы жеті модульмен таныса бастағанда мен осылардың ішінен өзіме қажеттісін таңдап аламын деп ойлап ізденген едім, енді осы модульдерді түсініп саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын түсіндім,бұл модульдар бірін бірі толықтырып байланысып жататындығымен маңызды екендігі маған енді түсінікті болды. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды, және өте қуаныштымын.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше