Қышқылдар, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы

ШҚО, Семей қаласы, Шүлбі кенті.

«Шулбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені»

Химия пәнінің мұғалімі: Тлеубердина Меруерт Муратбековна

Пәні: Химия

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы

Мақсаты: Қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, аталуын, қышқылдардың құрамы мен алу жолдары, қасиеттері және қолданылуы туралы түсінік беру

Міндеттері:

Білімділік: Қышқылдардың құрамын қарастыра отырып, оның қасиеттерін ЭДТ тұрғысынан анықтау. Қасиеттерін қарастыра отырып, қоданылуын болжау

Дамытушылық: Салыстыру, болжау арқылы логикалық ойлау және абстрактілі ойлау қаблеттерін дамыту. Реакция теңдеу құру дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелілік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ой еңбегіне баулу, шығармашылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, логикалық – шығармашылық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: ерігіштік кестесі, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, химиялық реактивтер, электронды оқулық, виртуалды зертхана

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Б) Сабақтың жоспарымен таныстыру.

ІІ. Өткенді қайталау

Оксид дегеніміз не?

Оксидтердің жіктелуі

Венн диаграммасын толтыру

ІІІ. Жаңа тақырып:

Күнделікті өмірде қолданып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Мысалы: лимонға қышқыл дәмді – лимон қышқылы, ал алмаға – алма қышқылы, ашыған сүтке — сүт қышқылы береді.

Қышқылдар дегеніміз – металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутектің бір немесе бірнеше атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқылдардың жалпы формуласы НnА,

А – қышқыл қалдығы.

Қышқылдар ( электролиттік диссоциация көзқарасы тұрғысынан) электролиттер, судағы ерітіндіде сутек катионына ( Н+ )және қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады.

Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттер. ( Демонстрациялық жұмыс).

Қышқылдардың жіктелуі:

Органикалық (Сірке қышқылы, лимон қышқылы, алма қышқылы, құмырсқа қышқылы);

Бейорганикалық (Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышықлы т.б.).

Сұрақ: Екі қатарға топтасқан қышқылдардың айырмашылығы неде?

НСl, HBr, H2S HNO3, H2 SO4 , H3 PO4

Жауап: Қышқыл құрамында оттектің болу немесе болмауына байланысты: оттекті және оттексіз қышқылдар.

Сұрақ: Қышқылдар қандай ерекшелігіне байланысты топтастырылды?

Жауап: Қышқыл құрамындағы сутектің санына қарай: бірнегізді, екінегізді және үшнегізді болып жіктеледі.

Алынуы

Қышқылдарды көп жағдайда қышқылдық оксидтерге су қосып немесе алмасу реакциясы көмегімен және тікелей жай заттардан синтездеу арқылы алады.
1. Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады:
SO3 +H2O = H2SO4
P2O5 +3H2O=2H3PO4
2. Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады:H2 + Cl2 =2HCl
H2 + S = H2S
3. Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарынa концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады:
Na2SiО3 + 2HCl = H2SiO3 ↓ + 2NaCl

Физикалық қасиеттері: Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық және қатты күйде болады. Көптеген қышқылдар суда жақсы ериді, тек кремний қышқылы ерімейді. Қышқыл әсерінен күлгін лакмустың түсі қызарады, ал метилоранж қызғылт түске боялады.

Қауіпсіздік ережесі: Күйдіргіш зат! Теріні және ағаштан, былғарыдан жасалған заттарды күйдіреді. Егер қышқыл ерітіндісі қолыңызға тамып кетсе, дереу қатты ағынды суға жуып, сосын жарақаттанған жерді 2%- дық ас сода ерітіндісімен сүртіңіз.

Күкірт қышқылын суда еріткенде сақ болу керек, ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін, демек суды қышқылға құюға болмайды.

Химиялық қасиеттері:

1. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).

Қышқылдардың диссоциациясы:

HCl -> H++Cl-

HNO3 -> H++NO3-

Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады. Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады.

H2SO4H++HSO4-

HSO4-H++SO42-

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше