Қолданбалы курс: «Химиядан алгоритмдік жолмен е сеп шығару»

ШҚО, Семей қаласы, Шүлбі кенті.

«Шулбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені»

Химия пәнінің мұғалімі: Тлеубердина Меруерт Муратбековна

Қолданбалы курс: «Химиядан алгоритмдік жолмен есеп шығару»

Сынып: 11

Сабақтың тақырыбы: Электролиз

Сабақтың мақсаты: Элекролиттік диссоциация және электролиз жайындағы білімдерін толықтырып, есептеррді шығара білу

Міндеттері:

А) білімділік: Оқушылардың химиядан тотығу дәрежесі және тотығу-тотықсыздану реакциялары, электролиттік диссоциация жайындағы білімдерін «Электролиз» тақырыбына қолдану. Білімдерін физикалық эксперимент арқылы ұштастыру және есептер шығару.

Б) дамытушылық:есте сақтау, сөйлеу мәнерін, әр түрлі жағдайларда білімін қолдану арқылы оқушылардың өзіндік ойлау деңгейін дамыту; экспериментті орындауда техникалық машықты қалыптастыру,ерітінді және балқыма электролиздеріне байланысты есепті шығара білу.

В) тәрбиелілік: Пәндердің қоғам өміріндегі рөлін көрсете білуді , ғылыми көзқарасты қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауды үйрету.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі :Жұптық жұмыс

Көрнекілігі : проектор,электролиз жасауға приборлар, мыс (ІІ) сульфаты, калий йодиді

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру

Оқушылар «Химик», «Физик», «Математик» деп бөлінеді

Эксперт мұғалім

ІІ Өтілген тақырыпты қайталау.

Миға шабуыл

1. Тотығу-тотықсыздану деп қандай реакцияларды атайды?

2. Тотықтырғыш дегеніміз не?

3. Тотықсыздандырғыш дегеніміз қандай зат?

4. Электролиз дегеніміз не?

5. Катодтық процесс?

6. Анодтық процесс?

7. Электролиздің қолданылуы

ІІІ Эксперименттік бөлім

Тапсырма 1.

Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролиз сызбанұсқасын құрып, тәжірибе жүзінде көрсетіңдер. «Химик» мыс (ІІ) сульфатының электролиз сызбанұсқасын жазады.

«Математик» электролиз теңдеуін теңестіреді

«Физик» тобы электролиз тәжірибесін жасап көрсетеді.

Тапсырма 2.

Калий йодиді ерітіндісінің электролиз сызбанұсқасын құрып, тәжірибе жүзінде көрсетіңдер. «Химик» мыс (ІІ) сульфатының электролиз сызбанұсқасын жазады,

«Математик» электролиз теңдеуін теңестіреді.

«Физик» электролиз тәжірибесін жасап көрсетеді.

Оқушылар қайта топтасып, топтық тапсырмалар орындайды.

ІҮ Есеп шығару бөлімі

Оқушыларға екі есеп беріледі

1. Электронды баланс әдісін қолдана отырып, тотығу–тотықсыздану реакциясының теңдеуін құрып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар:

I2 + K2SO3 + …. → K2SO4 + … + H2O

2. Массасы 33,2 г сілтілік металл иодидінен түзілген тұз ерітіндісінің электролизі кезінде катодта 2,24 л (қ.ж.) газ бөлініп шықты. Қандай сілтілік металл иодиді электролизге ұшырағанын анықтаңдар.

Есептің шешу жолының алгоритмі:

1. Электронды баланс әдісін қолдана отырып, тотығу–тотықсыздану реакциясының теңдеуін құрып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтау үшін белгісіз көп нүктенің орнына тиісті заттарды қоямыз.

I2 + K2SO3 + KOН → K2SO4 + KІ + H2O

электронды баланс құрамыз:

I20 + 2e = 2I- 1

S+4 -2e = S+6 1

Реакция теңдеуі бойынша коэффициенттерін қоямыз:

I2 + K2SO3 + 2KOН → K2SO4 + 2KІ + H2O

Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаймыз:

I20 + 2e = 2I- 1 тотықтырғыш тотықсызданады

S+4 -2e = S+6 1 тотықсыздандырғыш тотығады

2. Массасы 33,2 г сілтілік металл иодидінен түзілген тұздың электролизі кезінде катодта 2,24 л (қ.ж.) газ бөлініп шықты. Қандай сілтілік металл иодиді электролизге ұшырағанын анықтаңдар.

Берілген бойынша есептің шартын құрамыз:

Берілгені:

MМеІ = 33,2 г

V = 2,24 л

Табу керек: сілтілік металл Ме – ?

Шешуі Сулы ерітіндінің электролиз реакциясын жазамыз:

МеІ (H2O)

2МеІ →2Me + I2

Катод

2H2O + 2e = H02 ↑ + 2OH- 2I- -2e = I2 ↓

Электр тогы

2Me 2+ + 2I- + 2H2O → H02 ↑ + I2 ↓ + 2Me2+ + 2OH-

2МеІ + 2H2O → H02 ↑ + I2 ↓ + 2MeOH

2 – 1

X – 0,1 x= 0,2

MMeI = г/мл

М (MeI) = 166 – 127 = 39 г/мл

Жауабы: Белгісіз сілтілік металл – калий К

V. Бекіту

1. 500 г ерітіндіде мыс (ІІ) және күміс нитраттарының 12,8 г қоспасы ерітілген. Ерітіндіні толық электролиздегенде катодта бөлінген металдардың массаларының қосындысы 5,34 г болған. Бастапқы берілген ерітіндідегі нитраттардың әрқайсысының массалық үлестерін анықтаңдар.

Рефлексия.

· Сіздер бүгін алдарына қойылған мақсаттарға жетіндерме? Қандай деңгейде жетіндер?

· Сабақ үстіндегі жұмысты талдап, сөйлемді аяқтандар:

· Мен бүгінгі сабақта жақсы жұмыс істедім.

· Сабақан қайндай көңіл күймен кетесіздер, соны смайл түрінді суреттендер

Үйге тапсырма:

1. Есеп. Зауытта массасы 468 кг натрий хлоридінің ерітіндісін электролизге ұшыратты. Алынған газдар хлорсутектің синтезі үшін қолданылады. Алынған хлорсутек газын 708 л суда ерітті. Алынған ерітіндідегі тұз қышқылының массалық үлесін есептеңдер.

2.Ақпараттың қосымша көздерін пайдаланып, электролиздің осы күнгі технологиялық процестерде қолданылуы туралы шығармашылық жұмыс.

3.Үй жағдайында электролизге тәжірибе жасау

Ү Қосымша тапсырмалар

1. Ерімейтін анод алынып күміс нитратының сулы ерітіндісінің электролизі 25 минут бойы 3А ток күшімен жүрді. Токтың шығымы 95% екендігі белгілі болса, катодта күмістің қандай массасы бөлінеді?

2. 500 г ерітіндіде мыс (ІІ) және күміс нитраттарының 12,8 г қоспасы ерітілген. Ерітіндіні толық электролиздегенде катодта бөлінген металдардың массаларының қосындысы 5,34 г болған. Бастапқы берілген ерітіндідегі нитраттардың әрқайсысының массалық үлестерін анықтаңдар.

Электролиз 11 Ашық сабақ — копия.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше