Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы
Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы
Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған
көпсалалы лицей-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ана тілі-жүрек үні
Мақсаты:тіл мерекесінің көздеген мақсаты-тіл өнерін,шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану,үлгі алу. Ел тағдырын шешкен дана билер,ел ішіндегі талантты адамдар да тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, халықтың алтын қазынасына айналдырған. Жалаң ұрандардан гөрі халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап, ана тілінң өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу көзделді.
Қазақ әдебиеті, 9 «а» класы
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтау, кеңейту, пысықтау, толықтыру;
2.Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп , сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулу, танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ауызша тілін дамыту, сөздік қорларын молайту;
