Математика 1 сынып “Қайталау”

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда мектеп-балабақша комплексі
ММ бастауыш сынып мұғалімі Жумабай Гүлмира

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты:

1) 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, санды

өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару, оқушылардың білім білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру деңгейін анықтау.

2) Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.

3) Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.

Түрі: жарыс

Әдіс –тәсілдері: талдау, көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, ат макеттары, тақта, эмблемма, ойындар, шоколадтар, мақал, сөзжұмбақ, ребус, әуен, таға –фишка ретінде.

Барысы:

– Психологиялық дайындық

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсен басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Дегендей қадір бізде қай

сабақ болды?

– Математика сабағы

Математикалық диктант

4+3= 5+4= 3+6=

10-4= 8-4= 9-5=

Бір-бірін тексеру

«Таза тақта» ойыны

6+2; 5+4; 6+4; 7-2; 5+1;

8-5; 7-4; 6+3; 2+5; 10-5;

І. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Алдағы уақытта не істейтінімізді сендер өздерін біліп, табу керексіңдер. Ол үшін мен сендерге тапсырма беремін.

* Тапсырма: Берілген сандардың орналасуы бойынша сөздерді оқы.

(тапсырманы әр топқа үлестіру)

Т Р А Ж А С Ы
1 2 3 4 5 6 7

3, 1 АТ

4, 5, 2, 7 , 6 ЖАРЫС

-Балалар бұл сөздер сендерге таныс па? –Сонда бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін ат жарысы, жарысқа түсеміз, атпен ойналатын ұлттық ойындарды ойнаймыз.

– Міне аттармен жарысамыз. Әрине әр кезеңде көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз, кім мәреге бұрын жетеді, сол жеңімпаз болады.

– І топ – Құлагер

– ІІ топ- Тайбурыл

– ІІІ топ – Маңмаңгер

Алғашқы кезең – «Бәйге»-логикалық есептер

Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі.

1. Ағашта 4 құс отыр; 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр? – 2-

2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды?

3. Екі таяқтың неше шеті бар?–

1. Сен, мен және біз. Нешеуміз?

2. Аслан- 4 жаста, Дариға -9 жаста. Кім үлкен? Кім кіші?

3. Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды? Қай Назар тауар алған жоқ?

1. Уақытты немен өлшейді?

2. 1 қолыңда неше саусақ бар?

3. 5 пен 7 арасында қандай сан бар?

4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

5. Есік қандай геометриялық фигура?

2-кезең Теңге ілу

Ұлттық ойын. Ойынға қатысушылар аттың үстінде шауып келіп, 20-30 метрде жерде жатқан теңгені іліп кетуі керек.

Әр топтан қатысушылар шығып, әр теңгенің артындағы есептерді тақтада орындайды.

10-5=5 10-2=8 10-1=9

10-8=2 10-9=1 10-7=3

10-6=4 10-4=6 10-3=7

3 кезең- «Көкпар»-салыстыруға есептер

Көкпар – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды.2 топтағы көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді

Әр топ қатысушылары кезек-кезек шығып, тақтада ілініп тұрған есеп шығарады.Қайсысы бірінші-сол көкпарды алған болып есептеледі.

6 + 3 * 7 + 1 7 + 0 * 7 – 0 5 – 5 * 5 – 2

6 + 0 * 6 + 2 4 + 4 * 4 + 0 3 + 2 * 3 + 0

8 – 6 * 8 – 8 3 * 6 – 2 10 – 2 * 9 + 1

5 * 4 + 2 10 * 7+3 5+1 * 3

9-4 * 7 8+0 * 7 6-5 * 8

Сергіту сәті:

1) Бұл шеңберде нүкте нешеу,

Сонша қолыңды көтер дереу.

2) Қанша шаршы көріп тұрмыз,

Сонша алға еңкейеміз.

3) Кесінді нешеу болса,

Сонша секір қуана.

1) Үшбұрыштарды санайық,

Сонша отырып, тұрайық.

-Демалдық па , балалар, ендеше бәйгеміз жалғасады.

Келесі кезең –аударыспақ- топ басшылары сайысы

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Әр топ басшысына есеп беріледі. Сол есепті тақтада шығарады, қалғандары көшіріп алады.

Қанат 5 сурет салды, Айдос одан 3 сурет артық салды. Айдос қанша сурет салды?

Өрісте 10 қой жайылып жүр, 3 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қой қалды?

Нұржан анасына 7 гүл, Гүлжан 3 гүл сыйлады. Гүлжан анасына неше гүл кем сыйлады?

5 кезең – Салма алу-қызықты тапсырмалар

Бір шұңқыр қазылып, оған қаптағы ауыр зат салынады. 30-40 метр жерден шауып келіп, соны іліп кетуі керек.

Неше үшбұрыш? (5) Неше төртбұрыш? (5)

Адасқан сурет

Әр суреттегі қай сурет артық екенін табу.

Ребус шешу

Тест

1. 4 + 3

А)9

Ә)10

Б)7

2. 10 – 3

А) 7

Ә) 8

Б) 9

3. 5 + 4

А) 8

Ә) 9

Б)10

4. 6 + 3

А)9

Ә)6

Б) 4

5. 9 – 2

А)5

Ә) 6

Б)7

6. 6 – 3

А)4

Ә) 3

Б)5

Жалпы тексеру

Қорыту:

-Жарайсыңдар, балалар! –Қайсы топ жеңді екен?

-Балалар бүгін не білдіңдер? – Не үйрендіңдер? – Не істедіңдер?

-жарайсыңдар, ұлттық ойындарымыз ұнады ма?

-енді менің сендерге жүлдеге беретін сиқырлы сыйлығым бар

К Ү Ш – Б І Л І М Д Е

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Қане сол әріптерден сандарды өсу ретімен қойып, мақал құрайық. ( кітап формасындағы плакатқа жабыстыру)

-Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Ал білімді қайдан аламыз?

-Ендеше балалар, көп кітап оқып білімді болайық. 1-1-ге шапалақтайық.

-Сабағымыз аяқталды. Мадақтау.

Үй тапсырмасы-парақша

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше