Tренинг “Алдымен ардақтағын ата-анаңды”
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда мектеп-балабақша комплексі
ММ бастауыш сынып мұғалімі Жумабай Гүлмира
Тренингтің тақырыбы:«Алдымен ардақтағын ата-анаңды»
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар,суреттер, түрлі түсті қарындаш, жүрекше
Алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстары:
1. Төмендегі сұрақтар бойынша түсірілген бейнебаян.
а) Ата анаңа қандай тілек тілеген болар едіңіз?
2. “Менің отбасымның суреті”деген тақырыпта сурет салу
3. Тренингке шақыру қағаздарын дайындау
Тренинг бағдарламасы:
1. «Өрмек» жаттығуы
2.Ассоциация
3. «Қолынан танып біл!». Жаттығу
4.«Менің анамның үні».
5. «Біздің отбасы» сурет салу
6. «Біздің үйіміз» жапсырмалау
7. «Анаңды білесің бе?» ойыны.
8. «Жүрек жылуы»
10. Рефлексия
Тренинг барысы:
Әр қатысушы өз ата-анасы туралы, әр ата-ана өз баласы туралы айтады. Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Психолог: Ендеше құрметті ата аналар осындай мейірімді, жаймашуақ атмосферада емін еркін отырып әңгімелессек дейміз. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі . Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.
-«Ассоциация» жаттығуы.
«Мен анамды …. теңеймін.»
«Мен әкемді … теңеймін».
«Мен баламды … теңеймін».
-«Қолынан танып біл!». ойыны
Көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
– «Менің анамның үні».
Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.
– Отбасымен бірлесіп «Біздің отбасымыз» тақырыбында сурет салу.
– «Біздің үй» Үйлерін жапсырмалау арқылы көрсету.
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
-Ата-анамды білемін бе? Балаларға әртүрлі сұрақ қою арқылы ата-аналарын қаншалықты жақсы білетіндіктерін байқау
-«Жүрек жылуы» жаттығуы
Әр бала жүрекшеге
«Әке, ана, мен сіздерді жақсы көрем. Себебі, сіздер…» деген ойды аяқтап жазады.
Рефлексия
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Әкем-біреу, анамда біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,
Олар барда – мереке. Көрген емен,
Қабақтарын шытқанын түнергенін
Әке-білек, саусағы-балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.
