“Әліппемен қоштасу” сценарийі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда мектеп-балабақша комплексі
ММ бастауыш сынып мұғалімі Жумабай Гүлмира
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕМ!
Тақырыбы: Қош бол сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау өз өнерлерін ата –аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін -өзін басқаруы мен ана –тілін сүйі, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертеңгілік.
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе, ана –тілі, , шарлар, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, пәнге арналған көрнекіліктер.
Сабақтың барысы:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулетін тарататын баршаға,
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар, қонақтар!
Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің ең жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отырмыз!
Олай болса, «Қош бол сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар,
Ән; «Домбырасыз ән қайда?»
Сақан Ақбота
Әлия:
Қайырлы күн халайық!
Әділет:
Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз!
Айбибі:
Шашу – шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!
Мұғалім: Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгіліне келіп отырсыздар. Олардың қолдарына тұңғыш ұстап, бетін ашқан кітабы Әліппе. Бүгін 1-сынып оқушылары сіздерге Әліппені қалай меңгеретіндігін көрсетпек.
Балалар, мен сендерге бір сұрақ қоюдан бастайын, сендер соған жауап айтыңдаршы:
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: (Хормен).
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Әліппе:
Сәлеметсіңдер ме жас достар! Құрмет көрсеткендерің үшін көп рахмет. Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.
Мұғалім: Ә ліппе бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағы сіз, сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
Әліппе:
Армыcыздар жас достар!
Армысыздар ата – аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әдіппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден!
Әділет:
Мынау менің Әліппем
Көгілдір туым түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған кісімдей
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Қанат:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналардың данасы
Сақан Ақбота:
Ең алғаш қолға алған әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры терең бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Ән «Әліппе» хор
Мұғалім:
Оқуды көп ойладық,
Қызығыңа тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық.
Бастарына макет киген балалар келіп тұрады.
Барлық әріптер бас иеді:
Мұғалім: енді ортаға кішкене әріпті бүлдіршіндерді шақырайық!
А-дегенің ана ғой
Ана деген дана ғой
Әжем әнге басады
Әтеш ұйқы ашады
Б дегенің бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Гу деп алғаш бөбектер
Гуілдейді ақырын
Ғалым , ғылым, ғасырды
Ғ білімге асырды
Дүлдүл аттап баптаған
Дәркенді жұрт мақтаған
Елге есті ер керек
Ер жет өсіп ертерек
Жан, жақсылық, жаңалық
Жатыр ж-дан таралып
Зауза ұшады зыңылдап
Зымыранша зырылдап
Кекілік-ау кекілік
Кетіп қалма секіріп
Лашын биікке самғайды
Лашын көкті шарлайды
Мектеп берген біліммен
Марқаясың, жас ұлан!
Наурыз айы келгенде
Наурыз тойы тойлансын!
Роза шықса ән салып
Риза болар бар халық
Игі іске батыл бол
Игілікке жақын бол
Сыйламаған жолдасын
Сыйлай алмас өз басын
Тырау, тырау, тырналар
Тамаша әнін тыңдап ал
Ұлытауға Ұ шығыпты
Төбесінде Ү шынықты
Хадиша сөмке көтерген
Хат хабар күнде әкелген
Ыдысты саздан жасаған
Ықылас- біздің жас маман
Мен Я соңғы әріп
Менен әрі барып көріңдер
Даурықпаңдар әріптер
Я-ны кей жұрт дәріптер
Қ.Ақбота:
«Алфавит сыры»
А- деген ол аналар ғой, ардақты
Ә- деген ол әкелер ғой салмақты
Б- деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Сондықтан да алшақ кетпей расында
Тұрады олар- алфавиттің басында.
Әділет:
Барлық әріп бағалы.
Айттық әділ бағаны,
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды,
Адам барлық әріпті.
Ардақтайды қолдайды.
Вальс биі
Мұғалім
Мектеп- анаң бүгіннен
Мектеп- алтын босағаң,
Мектеп алтын босағаң,
Марқаясың жас ұлан !
Енді оқушыларымыздың әліппе тойымызға арнаған өлең-шумақтары бар екен,соны тарту етейік;
Әлия:
-Өтті оқу,сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім,бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
Нұрдәулет:
Сақан Ақбота:
Үйретіп жазудың да өрнектерін,
Бойымды әріптермен тербеткенмін.
Зор қуаныш маған да, ұстазға да
Тілін біліп әріптерді сөйлеткенім.
Эльдар:
Кел,балалар оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңдар балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей – ақ табылар
Махаббат:
Үңіліп Әліппенің сырларына
Дыбыстың ілесіп ап ырғағына
Ажыратып дауысты мен дауыссызды
Бірін қызыл, бірін көк бөліп сыздық
Мирас:
Мектебің мынау,класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Жанэль:
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің ең сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи,жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім
Сапар Мұрат:
Мектебің мынау,класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ақжарқын:
Еркесі едім атамның
Еркесі едім апамның
Толып биыл жетіге
Мен оқушы атандым
Алдияр:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан
Қанат:
Дыбыстан буын жасап сөз құрадық
Мағынасына үңіліп
Кане көңіл бұралық
Таныған соң қырық екі әріпті
Жүгіртіп тез оқымай
Қалай ғана тұралық
Қ.Ақбота:
Айтары көп әріптің,
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың,
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Махаббат:
Ұстазымды тыңдадым,
Үйрендім әріпті.
Алғашқы айларым
Есімде қалыпты
«Қошақаным қайда екен?» әні
Орындайтын: ұлдар
Айбибі:
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым
Алдияр:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы
Қ,Ақбота:
Қазақстан-Республикам мақтанышым
Мен сені жырламаймын мақтан үшін
Құдайым маған құйттай жүрек берген
Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін
«Отан» әні хор
Әліппе:
Балалар сендер мені оқыдыңдар
Сонда менен, не үйрендіңдер!
Жұмбақ,
санамақ,
жаңылтпаш,
мақал
өтірік өлең,ән үйрендік!
Менен көп нәрсе үйреніпсіңдер. Ризамын, жас достар!
«Әліппеге рахмет» әңгіме оқу
Эльдар мен Сақан Ақбота
Өзбек биі
Орындайтындар; қыздар тобы
Мұғалім: Бәріңізді табыстырған Әліппе!
Әріптермен табыстырған Әліппе!
Бұл өмірде білім алған адамның,
Болашағы әрқашанда жарық де!
Әліппе: Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар,
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен, –
Ана тілін таныңдар,
Ақыл, білім алыңдар.
Қош, сау болыңдар, балалар!
Ана тілі:
Сәлем, ойшыл достарым!
Терең білім, ой-саналы,
Әрбір сөзім, ой салады.
Ғылым, тәлім өнерім көп,
Достасқанға берерім көп.
Балала, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына, байлық, оқу-білімде.
Мұғалім: Балалар сендердің енді жаңа достарың «Ана тілі».Сондықтан Әліппені қалай меңгерсеңдер,ана тілі сабағын одан да жақсы меңгеретіндеріңе ант бересіңдер ме?
-Иә
-Кітапты ұқыпты,таза ұстауға!
-Ант береміз!
-Сабақты жақсы оқуға!
-Ант береміз!
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын,
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын!
«Бала тілегі» әні хор
Қорытынды: Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау, сәлемет болыңыздар!
