«Ұстаз-ұлағатты есім»

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Сағыз селосы № 9 орта мектеп мұғалімі: Махметова Ұлжан

Ұстаз-ұлағатты есім.Ұрпақ тәрбиесі,ұлт болашағы ұстазға байланысты.Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығары сөзсіз. «Ұстаз болу –жүректің батырлығы» демекші мұғалім шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беріп, адамгершіліктің ізгі қасиеттерін бойына сіңіріп,бағыт-бағдар беруде ұстаз еңбегі зор.Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» дегендей білім нәрін беруші мұғалім,алдында отырған шәкіртіне білімді игерте білсе мұғалім жетістігі,оның еңбегінің еш кетпегендігі.

Білім күші қашанда құдіретті болып саналмақ.Сол құдіретті білім күшін біз ұстаздан аламыз.Мектептің басты тұлғасы,жүрегі-ұстаз.Болашақтың басшысы да,данасы да,ел қорғаған батыр да ұстаздан білім алып сусындайды.Ұстаз алғаш қолыңа әліппені ұстатып,білім нәрімен сусындатады.Өмірдің сан құбылыстарымен таныстырып білмегеніңді үйретіп,білгеніңді мақтан тұтады.

-Ұстаз болу –өз уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау.

-Ұстаз ұлы есім

-Ұстаз-ұрпақ мақтанышы

-Ұстаз болу жүректің асылдығы

Сондықтан ұстаз есімі әрқашан биіктен орын алары хақ.Ұстаз есімі әрқашан ардақталып өтпек.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше