Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдері

Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Салыкбаева Танслудың 4 «А» сыныбының
МАТЕМАТИКА пәні бойынша қысқа мерзімді жоспары

26-ақпан,3-күн,2-сабақ
Сабақтың тақырыбы Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін
пысықтау
Оқыту мақсаттары -Көп таңбалы сандар түсінігін сіңіре түсу.
-Әрбір орынның атқаратын қызметін анықтау
-Тексеру жүйесін қалыптастыру.
-Амалдарды сауатты жазуды жетілдіре түсу.
-Өрнек мәнін табудағы сауаттылық.
-Есеп шартын тиянақты жаза білу
-Бір өлшемнен екінші өлшемге өтудегі оңай жолдарды білдіре түсу.
Күтілетін нәтиже -Сандар әлемін түсінеді.
-Есептің шарты арқылы есептің тез шешілу жолдарын
қарастыра алады.
-Өлшем бірліктермен сауатты жұмыс жасап біледі.
-Өлшем бірліктердің геометриялық есептерде алар орны мен қызметін түсінеді.
-Көп таңбалы сандармен өрнек мәндерін табуда жылдамдық танытуға,уақытты тиімді пайдалануға жаттығады.
Түйінді идея Математика-ғылымдар анасы
Іс-әрекеттер 1-тапсырма:
3 топқа да бірдей 1-есепті беру.Қай топ сандықша ішінен өрнек жауабын неліктен тез тапты ?-деген сұраққа жауап алу.
2-есеп бойынша да қатені табу.Неге қате екенін түсіндірту.
2-тапсырма:
Оқушыларға көп таңбалы сандармен жұмыс жасауды жаттықтыра түсу үшін 8-есептің А,Ә,Б-бөліктерін 3 топқа бөліп беру.Және әр топ шығарған есептерін келесі топқа түсіндіру.
6-есепті де 3 топқа бөліп беру.
3-тапсырма:4-есептің екі бөлігін де тақтада орындату.
4-тапсырма:
6км90м= 6090м
Әр топты өзді-өзіне бағалату
Кейінгі тапсырмалар 3-есеп,60 бет
Бағалау Формативті бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше