Тіл және сөйлеу
Құланды орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Салыкбаева Танслудың 4 сынып
қазақ тілі пәнiнен қысқа мерзімді жоспары
| 24 сәуір,2014 жыл | |
| Сабақтың тақырыбы | Тіл және сөйлеу |
| Сабақтың мақсаттары | -Тілдің қымбат,өлшеуі жоқ қазына екендігін білдіру.
-Тіл туралы білімдерін саралау. -Тіл мен қимыл үйлесімділін анықтау. -Көңіл-күйден шығатын тіл ұғымын қалыптастыру. -Жау бастаудан да қиын аталу себебін ұғындыру. -Ғұламалар сөздерінің мәнін түсіндіру. -Өз ойларынан тіл туралы мағұлмат айтқызу,жазғызу, шығармашылыққа баулу. |
| Күтілетін нәтиже | -Сөз қадірін ұғады.
-Аз сөз көмір, көп сөз өмір екендігін түсінеді. -Орынсыз киліктеу мағынасын біледі. -Көп тыңда,аз сөйле жүйесімен жүруге дағдыланады. -Әр сөзге,әр тіркеске қатысты ойларын айтуға үйренеді. |
| Негізгі идеясы | Тіл-татулық тірегі |
| Іс-әрекеттер | 1-тапсырма:
Түрткі сұрақтар: Тіл не үшін керек? -Сөйлеу мақсатын қалай түсінесің? -Сөздер мен сөйлемдердің айырмасы бар ма? 2 тапсырма: Әр топқа смайликтер беру.Сол смайликке көңіл-күй жазу. 6-жаттығу бойынша баланың көңіл-күйін білдіретін бөлікті көшіріп жазу. 3-тапсырма: 8-жаттығуды түсініп оқу. Егер мен Еркебай болсам деген сұрақтар бойынша өз ойларын айту. 9-жаттығу бойынша ризалық сезімін білдіретін жолдарды көшіріп жазу. “Алғыс саған,алтын күз!” 10-жаттығу бойынша Тіл және сөйлеуге бірнеше мақал жазу және оларды қатыстыра отырып сөйлем қрастыру. 4-тапсырма: Білім ағашы бойынша рефлексия жасау. |
| Кейінгі тапсырма | Тіл туралы шығарма жазып келу. |
