Шылау

Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Салыкбаева Танслудың 4 сынып қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

7-сәуір 1-күн,2-сабақ
Сабақтың тақырыбы Шылау
Оқыту мақсаттары -Шылауды таныту; жазылуын,сөйлемде атқаратын қызметін
-Жаттығу орындау барысында сөйлем ішінен шылауларды айырып білдіру
-Шылауларды қолдана отыра мәтін құрастырып білу
Күтілетін нәтиже -Сөз табының тағы бірін біледі.
-Сауатты жазып біледі.
-Мәтін құрастыру барысында шылауларды қолданып үйренеді.
Іс-әрекеттер 1-тапсырма:
Әр топқа осы уақытқа дейін өтілген сөз таптары туралы білгендерін еске түсіру мақсатында қайталау сұрақтарына жауап беру үшін “Сұрақты ұстап ал!”ойынын ойнату.
1-жаттығуды орындау:Мәтін ішіндегі қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу,ол сөздердің мағынасына, қызметіне тоқталу.
Ережені әр топтан бір оқушыға оқыту,мысалдар келтірту.
2-тапсырма:
“Кім алғыр ?”ойынын ойнату,яғни әр топтан қанша адам жаттап үлгерді? әр топтан жаттағандарын тақтада жазу.Шылауды табу,олардың қандай қызмет атқарғанын,сөйлемге қандай үстеме беріп тұрғанын нақтылау.
Шылаулар бөлек тұрып қандай мағына білдіре алады?сұрағына жауап беру.
“Мен, туралы, дейін” шылауларын қатыстыра отыра 3 топқа тапсырма беру.
Құрастырған сөйлемдерін оқу және ол қандай дұрыс құрастырылған ба?сөйлемдерін салыстыру.
Айгүл мен Ердос мектепке барды.
Сабақта бұрыштар туралы білдік.
Бүгін кешке дейін мектепте боламыз.
3-тапсырма:
4-жаттығуды орындау барысында “МЕН”шылауы мен есімдігін салыстыру.Оқушыдардың есіне түсіру.Дыбысталуы бірдей,атқаратын қызметтері әр түрлі сөздердің “ОМОНИМ” сөздер екендігін тағы бір қайталау.
Мен қалаға келдім.Айгүл мен Сәуле сабаққа бірге келді
Ұқсастығы дыбысталуы.
Айырмашылығы: біреуі:есімдік,
біреуі:шылау.
5-жаттығуды орындауда көп нүкте орнына шылауларды қою,көшіріп жазу.
4-тапсырма:
Бағалау
Кейінгі тапсырмалар “Туған жердің ауасы да шипа”тақырыбына әңгіме құрап келу.
Бағалау Формативті бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше