Іздегенде табылатын қасыңнан…

Невский ОМ Хосан Ж.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан…

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:

Дос, достық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Ашық тәрбие сағатының міндеттері:

–Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

-Айнала қоршаған адамдарға тілеулес ізгі ниеттерін дамыту;

-Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;

Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі:

Слайд, тірек-сызба, гүлдер, мақал-мәтелдер;

Ашық тәрбие сағатының эпиграфы:

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет Өтемісұлы

Психологиялық тренинг: Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, көк аспан.

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Жүргізуші:

«Досым, саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен» -деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, адам жүрген жерінде, сапарда, елде, бөтен жерде, мектепте де түсінісетін, жарасып жүретін жан іздейді. Достық-алдымен бірін-бірі сатпауы, қиындық кезде қол үшін беруі. Сонымен достық дегеніміз не? Қатысушылардың ой-пікірін тыңдау

– Өте жақсы

Іздегенде табылатын қасыңнан… атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Ашық тәрбие

сағатымыз, сайыс түрінде өтеді.

Сайыс бағдарламасы 5-турдан тұрады. Атап өтетін болсам:

1-тур: Таныстыру (Эмблема)

2-тур: Жағдаяттан шығу (әр топтың пікірін тыңдау)

3-тур: Топтастыру;

4-тур: Мақал-мәтелдер

5-тур: «Ақылына күші сай»

Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз топтарын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Топтарды жеңімпаздар деп жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал топтарға сәттілік тілейікші.
I тур:«Таныстыру»

Өнер қуып топтар өтер деймін,
Топтардың өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін -дей келе топтар өздерін таныстырады.

Жүргізуші: II тур: Жағдаяттан шығу (әр топтың пікірін тыңдау)

1-топ:

– Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сендер не айтар едіңдер?

2-топ:

-Арман қанаша әуреленсе де есепті шығара алмады. Мектепке барғанда қасындағы досынан есепті көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ есепті өзі дұрыс жазып, Зейнепке қате жазған жерін айтпады. Сендер не істер едіңдер? Арманның іс-әрекеті дұрыс па?

–Сенің досыңа үлкен балалар тиісіп жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

III тур: Топтастыру: Жүргізуші:

Дос– Жомарт, сабырлы, адал, мейірімді, төзімді қарапайым

Дұшпан- өсекші, сатқын,адамгершілігі жоқ, көре алмайды, қызғаншақ, мақтаншақ

IV тур: Мақал-мәтелдер:

Жүргізуші:

Мықты болсаң мақал-мәтелдерге жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсеңдер егер сүрінбей,
Жүлде сендерде, қуана бер, күлімде-дей келе, мақал-мәтелдердің басын бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар ма?-Иа. Өте жақсы

  • Ағаш (тамырымен), адам (досымен) мықты.
  • Күлме (досыңа), келер (басыңа)
  • Доссыз (өмір) – тұзсыз (ас)
  • Дұшпан (күлдіріп)айтады,

Дос (жылатып) айтады.

  • Дос (егіз),

Дұшпан (сегіз)

  • Дос (сыртыңнан),

Дұшпан (көзіңе) мақтар.

  • Досы ( көппен) сырлас,

Досы (жоқпен) сыйлас.

  • Дос (басқа) қарайды,

Дұшпан (аяққа) қарайды.

Жүргізуші:

V тур: «Ақылына күші сай» –дей келе, ер балаларды ортаға шақырып, қолдарының күшін және 10 рет отырып тұру керек.

Қорытынды:

Жүргізуші:

Достық деген не?

Достық- жомарт, сабырлы, адал, мейірімді, төзімді қарапайым

Әділқазыларға сөз кезегі беріледі.

Ән: Іздегенде табылатын қасыңнан…

Жүргізуші:

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Бұл ғаламға күлкі етер- деп Шалкиіз жырау айтқандай, әрдайым досымызбен, қасымызды айыра білейік дей келе, бүгінгі «Іздегенде табылатын қасыңнан…» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көптен-көп рахмет!

Невский ОМ Хосан Ж..zip

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше