Сақшының міндеттері

Қызылорда облысының білім басқармасы

«Аймақтық дене тәрбиесі орталығы»

Оқу-спорт бөлімінің басшысы

Сағымбаев Қазыбек Балтабайұлы

Тақырыбы: Сақшының міндеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері

мен әскери құрылымдардың Гарнизондық және қарауылдық қызмет

жарғысы туралы түсінік беру, сақшының негізгі міндеттерін ұғындыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Қазақстан патриоты, өз Отанын қорғау үшін дайын

болуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Танымдық қызығушылықты ҚР ҚК қатарында өз білімін

пайдалана білу қабілетін арттыру.

Өтетін орны: Алғашқы әскери дайындық аудиториясы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Оқулық АӘД Алматы «Мектеп» 2010, Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің Жалпыәскерлік Жарғылары, интерактивті тақта

(электронды оқулық), оқу АК-74 қаруы, сүңгі-пышақ, қарауыл

қалашығы (бақылау мұнарасы, пост «саңырауқұлағы», байланыс

құралдары).

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшінің рапорт тапсыруы, Әскери сәлемдесу,

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1) Қарауылдық қызметтің міндеттері мен тағайындалуы жайлы айтып беріңдер.

2) Қарауылдық қызметті атқару неге жауынгерлік тапсырманы орындау болып есептеледі?

3) Қарауыл құрамына кім кіреді?

4) Қарауыл деп кімді айтамыз?

5) Сақшы деп кімді айтамыз?

6) Пост дегеніміз не?

7) Сақшы объектіні қалай күзетеді?

8) Күзетілетін объектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?

9) Аса маңызды объектілерде қандай арнайы құрылыстар саналады?

10)Постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болу керек?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1 Сақшының міндеттері.

2 Қарауылдың ауысуы. Қарауылдағы қаруды оқтау және оғын алу тәртібі.

3 Сақшыны ауыстыру

4 Сақшының қаруды қолдану реті. Постыға немесе күзетілуші объектіге қабылдау

кезіндегі сақшының іс-әрекеті

Сақшы – қол сұғылмайтын тұлға болып табылады.

Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:

• оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша қорғалатындығы;

• оның белгілі бір тұлғаларға ғана – қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;

• бұл тұлғалардың сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі;

• Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.

Сақшының тұрған постысынан алу құқығына қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және сақшы тікелей бағынатын таратушы ғана ие.

Егер физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және таратушы сақшыны ауыстыра алмайтындай болса, оны әскери бөлімнің қарауыл жөніндегі кезекшісі рота (батарея) немесе батальон (дивизион) командирінің қатысуымен ғана ауыстыра алады.

Постыға түсер алдында сақшы таратушының (қарауыл бастығының немсе оның көмекшісінің) қатысуымен және өзі ауыстырған сақшымен бірге өзі күзететін объектілерді постылар табеліне сәйкес қабылдап алуға міндетті.

Сақшының міндеттері:

• өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;

• қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынатындарға да бермеуге;

• көрсетілген бағдар бойынша жылжи отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұқият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленеген уақыттарда баяндап тұруға;

• тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету – әскери қылмыс болып табылады;

• ГжҚҚЖ-ның 117-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару болуы және әрдайым әрекетке дайын болуға;

• постылар табілінде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;

• қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;

• постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге;

• объект қоршауынан (постыдағы) ақау тапқанда және өз постысынан жақын жерде не көрші постыда тәртіп бұзушылықты анықтаған кезде қарауыл бастығын шақыруға;

• қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге міндетті.

Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге тыйым салынады.

Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың ғана сұрағына жауап беруі керек.

Жарғылардың ережелерін және сақшылардың ерекше міндеттерін зерделеу жөніндегі сабақтар қарауылдарды даярлауға арналған кластарда, гарнизондық қарауылмен практикалық сабақтар – осы мақсатта арнайы жабдықталған қарауыл қалашығында, ал ішкі қарауылмен – әскери бөлімнің қарауыл қалашығында жүргізіледі.

Қару постыға шығар алдында оқталады. Қарауыл бастығы таратушылар мен қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй-жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызып: «Ауысым, оң жақтан бір-бірлеп оқта!» деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді де, қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді (ГжҚҚЖ; 116, 117-баптар). Қаруды оқтап болған соң, әскери қызметші: «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!» деп баяндайды, сонан соң жеке алып, «Қарубауға!» күйінде ұстап, бір адым шегінеді.

Осындай тәртіпте басқа жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.

Ауысым қаруларын оқтап болғаннан кейін жаңа қарауыл бастығы қызметке кіргізу жөнінде ауызша бұйрық береді де: «Ауысым – оң-ҒА!», «Постыларға адым-БАС!» деп пәрмен етеді. Осыдан кейін әр таратушы өз ауысымын постыларына алып кетеді.

Бірінші ауысым қарауыл үй-жайынан шыннан кейін қарауыл бастығы (бастықтың орынбасары) қарауылдың қалған бөлігінен резервтік топ жасақтап, оны күзетілетін объектілерге шабуыл жасалса немесе өрт шықса, басқа да дабыл қағылса дайын отыру үшін жоғары ұрыс дайындығына келтіреді.

Постылардан қайтып келген ауысушы және жаңа ауысымның таратушылары ауыл бастығына ауысым жөнінде бандайды. Мысалы: «Лейтенант мырза, ауысым өткізілді, постылар ақаусыз тапсырылды (қабылданды). Бірінші таратушы сержант Сәдіров»

Постыдан оралған соң қарудың ғы алынады. Қарудың оғын алдымен таратушы алады, содан кейін таратушы: «Оң жақтан бастап, бір-бірден – ОҒЫН АЛ!» деп пәрмен береді.

Осы пәрмен бойынша, оң қапталда тұрған қарауыл алға қарай бір адым жасап, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды (патроны бар оққалтаны) сөмкеге салады да: «Қарудың оғы алынды!» деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарауыл бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді. Қаруды сақтандырғышқа қояды да: «Сақтандырғышқа қойылды!» деп баяндайды, сүңгіні алып тастап, қаруды «қару бауға» күйінде ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орнына барып тұрады.

Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін ға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар бұрыңғы қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылары қарауыл үй-жайларына барады.

Сақшыларды ауыстыру тақ немесе жұп сағаттарда, 2 сағ сайын жүргізіліп отырады. Ауаның температурасы -200С және одан төмен, жел соғып тұрған және қатты аяз болған кезде сыртқы постылардың, сондай-ақ пеш жағылмайтын үй-жайлардағы ішкі постылардың сақшылары 1 сағ-тық кезекпен ауыстырылад. +300С және одан жоғары болғанда да (көлеңкеде) ауыстыру 1 сағ сайын жүргізіледі

Сақшыларды 1 сағ сайын ауыстыру туралы нұсқауды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекші береді.

Егер сақшылар 1 сағ-тан кейін ауыстырылса, онда қарауыл бастығы пост тізімдемесінде сақшылар қай уақыттан бастап 1 сағ-тан кейін, ал басқа ауысым келгенде, қай уақыттан бастап 2 сағ сайын ауыстырылып отырғаны жайлы жазып қояды. Қарауыл үй-жайларына кіреберістегі сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады.

Ауысым сақшыға 10-15 адымға жақын келгенде, қылдың таратушысы «Ауысым, ТОҚТА!» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайына бақылау жасауды (ауысым мәшинемен жүргенде қаруды оқтап, бақылау жасауды) бұйырады. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Ақназар, постыны және оған кіреберістерді қадаға!»

Сақшы жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «қарубауға» (карабинді-аяққа) күйінде ұстайды және өз қызметі жөнінде таратушыға рапорт бере. Мысалы: «Сержант мырза, менің қызметім кезінде ешқандай төтенше оқиға болған жоқ. Үшінші ауысымдағы екінші пост сақшысы – қатардағы жауынгер Лекеров». Осыдан кейін сақшыға: «ТІК ТҰР!» деп пәрмен берген таратушы жаңа қарауылды жібереді. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Ботабаев. Посты қабылдап ал». Бұл кезде сақшы тік тұрып, оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады.

Бұрыңғы және жаңа қарауылдың таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында бір-екі қадам арақашықтықта бір-біріне қарап тұрады.

Бұрыңғы қарауылдың жұмысқа таратушысының: «Сақшы, постыны тапсыр!» деген пәрмені бойынша сақшы постыны ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір-біріне қарай бастарын бұрады. Постыны ауызша тапсыру кезінде сақшы постың нөмірін атаған соң, постыны күзетуге келген қарауылға постылар табеліндегі күзетуге жататын барлық объектілерді айтады, сондай-ақ қызметті атқару кезінде пост маңында байқалған жайттарға назар аударады.

Постыны ауызша тапсырып болған соң, сақшы жұмысқа таратушысының: «Қаруыл, постыны қабылдап ал!» деген пәрмені бойынша жаңа қарауыл таратушымен бірге сақшы мен бұрыңғы қарауылдың таратушысының қатысуымен күзетілетін объектілерді қарап шығуға және сақтау орындарының (қоймалардың), есік-терезелерін, қабырғаларын, жарықтандыру жүйесін, қоршауларын, құлыптарын, баулардың, мөрлердің (сүргілердің) бар-жоқтығын және олардың көшірме бедерлеріне сәйкестігін немесе күзетілетін ұрыс мәшинелерінің (басқа қару-жарақ пен әскери техниканың) санын тексеруге, техникалық күзеттегі ұрыс мәшинелерінің (басқа қару-жарақ пен әскери техниканың) санын тексеруге, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының және пост киімдерінің бар-жоқтығын, жай-күйін тексеруге міндетті. Постыны қабылдап алу кезінде қамалған адамдары бар камералар жанында тұрған сақшы, оған қоса, олардағы қамалып отырған адам санын тексеруге міндетті.

Егер қажет болса, постыда тұратын жаңа қарауыл таратушысының көмегімен постыда тұрушыларға арналған киімді киеді.

Егер постыны тапсыру-қабылдау кезінде қандай да бір болмасын ақаулар (қоршаулар бұзылса немесе мөрлер, сүргілер, құлыптар, баулар, есіктер, терезелер бұзылса) немесе мөрлердің (сүргілердің) көшірме бедеріне, сондай-ақ күзетілетін ұрыс мәшинелері (басқа қару-жарақ пен әскери техника) пост табелінде көрсетілген санына сәйкес келмесе, жұмысқа таратушы постыны тапсыруды тоқтатады да, қарауыл бастығын шақырады; жаңа қарауыл постыларды қабылдаған кезде, бұл жағдайларда бұрыңғы және жаңа қарауыл бастығы шақырылады.

Постыны тапсыру және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен постыға жаңа келген қарауыл жұмысқа таратушыға қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы жауынгер Балтабек нөмірі бірінші постыны тапсырды». «Аға сержан мырза! Қатардағы жауынгер Бақтыбай нөмірі бірінші постыны қабылдап алды».

Баяндаудан және жұмысқа таратушыдан нұсқауларды алғаннан кейін. ГжҚКЖ-ның 321-бабында көрсетілгендей, сақшы қаруды алып, постыдағы өз міндеттерін орындауға кіріседі.

Қарауылдың сақшыға айналуы (сақшының қарауылға айналуы) қабылдау (өткізу) жөніндегі баяндаудан кейін таратушының бұйрығы бойынша іске асады.

Сақшы өзіне немесе өзі күзететін объектіге тұтқиылдан шабуыл жасалған жағдайда, қаруды ескертусіз қолдануға міндетті.

Сақшы қарауыл бастығынан, өзінің жұмысқа таратушысынан, оларға еріп келген адамдардан басқа немесе постыға тыйым салынған шекараға жақындаған барлық адамдарды: «ТОҚТА!», «АРТҚА ЖҮР!» немесе «ТОҚТА», «ОҢҒА (СОЛҒА) ЖҮР» деп дауыстап тоқтатады.

Постыға немесе тыйым салынған шекараға жақындаушылар айтылған талапты орындамаған жағдайда, сақшы тәртіп бұзушыға: «ТОҚТА, АТАМЫН!» деп ескертеді және дереу қарауыл бастығын немесе өзінің таратушысын шақырады. Егер тәртіп бұзушы бұл талаптарды орындамаса, сақшы оқшантайға патрон салады да, аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Тәртіп бұзушы бұл талапты да орындамаған жағдайда – сақшы оған оқ атады.

Пост табелінде көрсетілген қашықтықтан постыға немесе тыйым салынған шекараға жақындаушыларды көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда, сақшы оларды: «ТОҚТА!», «КІМ КЕЛЕ ЖАТЫР?» деп дауыстап тоқтатады. Егер жауап болмаса, сақшы: «ТОҚТА, АТТАМЫН!» деп ескертіп, тәртіп бұзушыны кідіртеді. Кідіртілген тәртіп бұзушы туралы сақшы белгіленген дабылмен қарауыл үй-жайына хабарлайды, оны назарға ала отырып, өзіне тапсырылған объектіні күзетуін жалғастырады және тәртіп бұзушының іс-қимылын бақылап отырады.

Егер тәртіп бұзушы тоқтамаса және күзетілген объектіге (постыға) басып кіруге тырысса немесе мұндай әрекеттерден кейін қашатын болса, онда сақшы аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Тәртіп бұзушы бұл талапты да орындамаған жағдайда, сақшы оған оқ атады.

Егер сақшының дауысына: «Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) келеді» деген жауап естілсе, онда сақшы: «Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы), МАҒАН КЕЛ, қалғандарың орындарыңда қалыңдар!» деп бұйырады; қажет болғанда, сақшы жақындағандардың бет-жүзіне жарық түсіруін талап етеді. Өздерін атаған адамдардың шын мәнінде қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) екендігіне көзін жеткізген соң, сақшы келген адамдарды өзіне қарай жібереді.

Егер қарауыл бастығы деп аталған адам (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) бейтаныс болып шықса немесе онымен келгендер сақшының орнында қалу туралы талабын орындамаса, онда сақшы оларды: «ТОҚТА АТАМЫН!» деп ескертеді. Тәртіп бұзушылар бұл талапты орындамаған жағдайда – сақшы оларға оқ атады.

Қалыптасқан жағдайда байланысты қоян-қолтық шайқас басталып кетсе, сақшы өз күзетіп тұрған объектінің амандығы үшін жан аямай күресуге міндетті.

Постыда өрт болған жағдайда, сақшы бұл жөнінде қарауыл бастығына баяндап, дереу өрт сөндіруге кірісуі керек. Егер күзетілген объект ішінен және сыртынан берік қоршаулармен қоршалған жағдайда, сақшы бұл жөнінде қарауыл бастығына хабарлап, өзі қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бұйрығына сай әрекет етуі керек.

Аяқ астынан ауырып (жараланып) қалған жағдайда, сақшы ол жөнінде қарауыл бастығына немесе таратушысына хабарлап, күзетті әрі қарай жалғастыруы керек.

Шыдау мүмкін емес жағдайда байланыс үзіліп қалса, сақшы қарауыл бастығын немесе таратушыны аспанға оқ ату арқылы шақыра алады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1) Постыдағы сақшының қаруы қандай болу керек?

2) Сақшының міндеттерін айтып беріңдер.

3) Сақшыға қол сұғылмауы нені білдіреді?

4) Сақшыға не тыйым салынады?

5) Қарауылдағы қаруды оқтау және оғын алу тәртібі қалай жүзеге асырылады?

6) Постыдағы сақшы қандай жағдайда қару қолдануы мүмкін?

7) Сақшыны ауыстыру және постыны қабылдап алу қалай жүзеге асырады?

8) Сақшы қаруды ескертусіз қай кезде қолдана алады?

V. Сабақты қорыту (талдау).

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру: Т2С7 АӘД оқулығы Алматы «Мектеп» 83 бет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше