Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау. РГП бөліктері мен механи змдерінің жұмысы.
Қызылорда облысының білім басқармасы
«Аймақтық дене тәрбиесі орталығы»
Оқу-спорт бөлімінің басшысы
Сағымбаев Қазыбек Балтабайұлы
Тақырыбы: Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау. РГП бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жас жеткеншектерге танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау тәртібі туралы түсінік беру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға Отан алдындағы міндеттері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: РГП бөліктері мен механизмдерінің жұмысы және ату кезіндегі
кідірсітердің жою тәсілдері мен таныстыру.
Өтетін орны: Алғашқы әскери дайындық аудиториясы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Оқулық АӘД 11 сынып, Алматы «Мектеп» 2007 ж., интерактивті тақта
(бейне таспа), ИЖ-38 пневматикалық винтовкасы, АК-74 оқу қаруы,
төсеніш, нысана (мишень), плакаттар (кесте).
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшінің рапорт тапсыруы, Әскери сәлемдесу,
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1) Мерген кандай пәрмен бойынша атыс жүргізеді?
2) Жатып және тізерлей ату кезіндегі шынтақтың орналасуы туралы айтыңдар.
3) Оптикалық көздеуіш көмегімен ату тәсілдері туралы айтып беріңдер.
4) Атыс қандай пәрмен бойынша тоқтатылады?
5) Винтовканың оғын алу тәртібін ретімен атаңдар.
6) Винтовканы тексеру төртібі кандай?
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1 Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау.
2 РГП бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.
РПГ-7 және РПГ-7Д танкіге қарсы қол гранататқышы қарсыластың танкілерін өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылары мен басқа да сауытты құралдарға қарсы күрес жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар ол қарсыластың тасалар мен қала типтес құрылыстарында орналасқан адам күшін жою мақсатында да пайдаланыланылуы мүмкін.
Гранататқыштан атыс жүргізу ПГ-7В және ПГ-7ВМ кумулятивті әсер ететін танкіге қарсы калибрден үлкен гранатамен жүргізіледі.
Граната қарсыластың қазіргі заманғы танкілері мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларының барлық түрлерімен тиімді ұрыс жүргізуге мүмкіндік беретін сауытбұзарлық қасиетке ие.
Атыстың көздеу қашықтығы-500 м.
Ұрыстық ату жылдамдығы минутына 4-6 рет.
Оптикалық көздеуіші бар гранататқыштың салмағы: РПГ-7-6,3 кг, РПГ-7Д-6,7 кг.
Ату (дәрілі зарядты гранаталар) салмағы: ПГ-7В-2,2 кг, ПГ-7ВМ-2 кг.
Гранататқыш ұңғысы гаранатаның ұшуына және атыс кезінде дәрілі газдарды бұруға арналған.
Ұңғыда: ауыз жағында-гранатаның орнатуға арналған ойық; үстінгі жағында-қарауыл мен көздеуішті бекіту үшін дөңестер; астыңғы жағында-соққы-ағытқыш механизмі мен бұзғыш механизмінің негізіне арналған ұя мен соққы-ағытқыш механизмді бекітуге және дөңесті біріктіруге арналған құлақшалар; сол жағында-оптикалық көздеуішті бекітуге арналған дөңесті тақтайша; оң жағында-қаптары бар баулар мен иық бауларын бекітуге арналған екі қазықша болады.
Гранататқыш ұңғысында қамытшалармен бекітілген ағаш жабулар бар. Олар гранататқышты атыс кезінде күйіп кетуден сақтайды.
Соққы-ағытқыш механизм шүріппенің шаппасын қайыруға, бұзғышқа соққы беру мен гранататқышты тежегішке қоюға арналған. Ол корпустан, шүріппеден, тежегіштен, ағытқыш ілмектен, құрықшадан және ұрыстық серіппесі бар өзектен тұрады.
РПГ-7Д гранататқышының соққы-ағытқыш механизмінде қосымша серіппесі мен иінтірегі бар ауыстырушы, темір сына, штифт енгізілген, сонымен бірге тежегіштің құрастырылуы да өзгертілген. Ауыстырушыда иінтірек артқа бұрылғанда тежегіш қиған қиығына әсер ететін және түтік патрубкамен толықтай біріктірілмеген жағдайда гаранататқышты автоматты түрде тежегішке қоятын қиық болады. Гранататқыштың соққы-ағытқыш механизм корпусындатыйым салу өзекті механизмімен бірге жапқыштың алдыңғы бөлігіне арналған саңылау болады.
Шүріппе бұзғышқа соққы беру үшін арналған. Ол шүріппенінің шаппасын қайырып қоюға арналған басқыштан, құрықшамен ілінісуіге арналған екі сақтауыштан, ұрыстық дөңестен және шүріппе осіне арналған саңылаудан тұрады.
Тежегіш кенеттен атылуы мүмкіндігін болдырмау үшін ағытқыш ілмекті бекітуге бағытталған. Оның тежегіш жағдайына байланысты серіппемен қысылатын екі ұясы мен ернеуі бар. Гранататқышты тежегішке қою үшін қызыл сақина жолақ корпус қақпағымен бір деңгейде бататындай етіп тежегішті сол жағынан басу керек.
Ағытқыш ілмек шүріппенің шаппасын қайыруға арналған. Ағытқыш ілмектің шүріппенің дөңесімен ілінісінен құрықшаны шығаруға арналған үстіңгі тісі, осі үшін саңылау, атыс жүргізуде саусақпен басу үшін құйрықша және гаранататқышты тежегішке қою кезінде тежегіш ернеуін тіреу үшін астыңғы тісі болады.
Бұзғыш механизм гаранатаның капсюль-тұтандырғышын бұзуға арналған. Ол бұзғыш механизм түбінің ұясында орналастырылады және бұзғыштан, бұзғыш серіппесінен, тірек тығыннан және бұрандалы түтіктен тұрады.
Жарық блокадалау механизмінің негізгі түнгі көздеуішті қорғау механизмін әрекетке келтіруге арналған. Онда тіреуіш, иінтірек және фиксатор болады.
Көздеуіш аспаптары түрлі қашықтықтағы нысаналарды ату кезінде гаранататқышпен көздеуге арналған.
Гранататқыштың көздеу аспаптары ПГО-7В оптикалық көздеуіштен және механикалық (ашық) көздеуіштен тұрады. Олар атыс кезінде нысанаға гранататқышпен көздеуді қамтамасыз етеді.
Оптикалық көздеуіш гранататқыштың негізгі көздеуіші болып табылады. Оптикалық көздеуіш тіреуіші бар корпустан, оптикалық жүйеден, көздеуіш дәлелдеу механизмінен, түнгі жағдайдағы атыс кезіндегі торды жарықтандыру құрылғысынан, көзқалқанша мен маңдайшадан тұрады.
Корпус көздеуіштің барлық бөліктерін біріктіруге арналған. Онда гранататқышта көздеуішті бекіту үшін тіреуіш бар. Тіреуіште қыспалы бұранда, онда бұрауға арналған тоқтатқышы бар тұтқа, қыспалы бұрандаға тұтқаны бекіту үшін құлыпша бар.
Оптикалық жүйе бақыланатын нысанның бейнесін алуға арналған объективтен, бейнелеуді толық аударуға арналған призмадан, көздеу торынан, бақыланатын нысанның бейнесін қарауға арналған окулярдан, объективті қорғауыш шынылардан, көздеуішті ылғал мен шаңнан сақтайтын тордан тұрады.
Көздеуіш торында көздеуіш шкаласы (көлденең сызықтары), бүйір түзету шкаласы (тік сызықтары) және қашықтық шкаласы (тұтас көлденең және қисық үзік сызықтар) салынған.
Көздеуіш шкаласының бөліністері сол жақта 2,3,4,5 цифрларымен белгіленген, ол жүздік метрлердегі атыс қашықтығына (200, 300, 400, 500 м) сәйкес келеді.
Көздеуіш шкаласының бөліністері төменнен 1, 2, 3, 4, 5 цифрларымен (орталық сызықтан оңға және солға қарай) белгіленген. Екі тік сызық арасында арақашықтық 10 мыңдыққа (0-10) сәйкес келеді. Бүйір түзету шкаласы бойынша оң және сол жаққа 0-50 дейін бүйір түзетулерін енгізуге болады.
300 м қашықтыққа сәйкес келетін көздеу шкаласының сызығы көздеу кезінде қажетті бөліністі таңдауды жеңілдету үшін қос қабат етіп жасалған. Бұдан басқа орталық сызық гранататқыштың бүйір көлбеуін табу үшін көздеу шкаласынан төмен жалғастырылған.
Қашықтық шкаласы 2,7 м нысана биіктігіне есептелген. Нысана биіктігінің бұл мәні көлденең сызықтың астында көрсетілген. Жоғарғы үздік сызықтың үстіне бөліністі шкалалар салынған, олардың арақашықтығы 10 м нысанаға дейінгі арақашықтықтың өзгеруіне сәйкес келеді. Шкалалық 2, 4, 6, 8, 10 цифрлары 200, 400, 600, 800, 1000 м арақашықтыққа сәйкес келеді.
Көздеуіш шкаласының үстіне көздеуішті тексеруге арналған «+» белгісі салынған.
Жарықтандыру құрылғысы ымырт және түнде атыс кезінде көздеуіш торын жарықтандыруға арналған.
Маңдайша атыс кезінде ыңғайлы болу үшін жасалған. Ол оптикалық көздеуішке бекітіледі.
Қапшық оптикалық көздеуіш пен ЖАҚБ-ны (ЗИП) тасымалдауға, сондай-ақ гранататқышқа орналасқан көздеуішті жаңбырдан қорғауға арналған. Көздеуішті тасымалдауға арналған қаптың баулары бар.
Ашық механикалық көздеуіш оптикалық көздеуіш бұзылғанда (істен шыққанда) пайдаланылады. Ол доғанасымен көздеуіш планкасынан, негізгі және қосымша көздеуіштерден тұрады. Олар қаптамада орналасады. Ертеректе шығарылған гранататқыштарда жалғыз – негізгі қарауыл ғана болады.
Көздеу тақтайшасы ось арқылы қамтамамен біріктірілген және екі жағдайдағы: тік және көлденең серіппемен ұсталып тұрады. Көздеу тақтайшасының терезесі және 2, 3, 4, 5 цифрларымен белгіленген бөліністері бар шкаласы болады. Шкала цифрлары ату қашықтығын жүздік метрлерде (200, 300, 400, 500 м) белгілейді.
Қамытша көздеу тақтайшасына кигізіледі және осы жағдайда құлыпшамен ұсталынып тұрады. Оның көздеу үшін тесігі мен терезесі болады, терезенің төменгі ойығы көздеуіш қондырудың көрсеткіші болып табылады.
Негізгі қарауыл ауаның температурасы плюс болған кездегі атысқа қолданылады.
Сирақ түнгі көздеуіші бар гаранататқыштан атыс жүргізгенде тіреу үшін қолданылады.
Гранататқышты бөлшектеу толымсыз және толық болуы мүмкін: толымсыз бөлшектеу – гранататқышты тексеру, майлау және тазалау үшін; толық бөлшектеу – гранататқыш қатты ластанғанда, жаңбыр немесе қар астында қалғанда, жаңадан майлауға көшу, бөлшектенген түрде тексеру және жөндеу үшін жүргізіледі.
Гранататқышты бөлшектеу және жинастыру үстел немесе таза төсеніш үстінде жүргізіледі; бөлшектері мен механизмдерін бөлшектеу ретімен орналастырып, оларды сақтықпен ұстау керек.
Гранататқышты толымсыз бөлшектеу реті
• Гранататқыштың әуелі оқталатын, содан кейін ұңғы бөлігінің қабын шешу керек.
• РПГ-7Д гранататқыш ұңғысын бөлектеу: сол қолмен түтікті ұстап тұрып, бас бармақпен қоршау механизмі иінтірегін басып, оң қолмен соңына дейін сағат тілінің бағытына қарсы түтікшені бұрамыз да, оны түтіктен бөлектейміз.
Ұңғыны бөлектеу тек гранататқышты десант түсіру жағдайына ауыстыру, түтік пен түтікшенің біріктірілген жерін тазалау және тексеру кезінде жүргізіледі.
• Бұзғыш механизмдібөлектеу: гранататқышты бұзғыш механизмімен жоғары немесе оны тік қалыпқа қоямыз, ұңғыны сол қолмен ұстап, оң қолмен бұрандалы түтікті бұрауыш кілт көмегімен бұрап шығарамыз да, бұзғыш механизмнің түбінен тіреу тығынды, бұзғыш серіппені және бұзғышты шығарып аламыз.
• Соққы-ағытқыш механизм корпусының қақпағын бөлектеу: соққы-ағытқыш механизмді сол қолға аламыз, оң қолдағы бұрауыш кілттің көмегімен 4 бұранданы бұрап шығарамыз да, соққы-ағытқыш механизм корпусының қақпағын босатамыз.
Толымсыз бөлшектеуден кейін гранататқышты жинастыру реті
Соққы-ағытқыш механизм корпусының қақпағын біріктіру керек: корпус қақпағын орнына қойып, 4 бұранданы бұрап саламыз.
• Бұзғыш механизмді біріктіру керек: соққышқа серіппені кигізіп, тірек тығынын және серіппелі қаққышты соққыш механизм негізіне қондырамыз және бұрандалы түтікті тірек тығынының соңына дейін кіргенше бұрауыш-кілтпен бұраймыз.
• Соққы-ағытқыш механизмін біріктіру керек: соққыш механизм негізіндегі дөңесті соққы-ағытқыш механизм корпусындағы ойыққа кіргізіп, соққы-ағытқыш механизмді ұңғыға қарай қысамыз; сол жағынан мұрындықты тесікке қондырамыз.
• РПГ-7Д гранататқышының ұңғысын жинастыру керек: сол қолмен түтікті басып тұрып, бас бармақпен қоршау механизмінің иінтірегін басамыз, түтікшені түтікке кіргіземіз, содан кейін иінтіректі босатып, оң қолмен түтікшені сағат тілінің бағытымен бұраймыз.
• Гранататқыштың дұрыс жинастырылғанын тексеру керек: шүріппенің шаппасын қайырамыз (бұл кезде «сырт» еткен дыбыс естілуі тиіс), ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышты тез соғуы тиіс.
• Гранататқыштың әуелі ұңғы, содан кейін оқталатын бөлігіне қабын кигіземіз.
Гранататқышты оқтау үшін оны тежегішке қою керек; бұл кезде тежегіш ернеуі ағытқыш ілмектің тісіне қарама-қарсы тұрады да, ағытқыш ілмектің артқа қарай айналуына кедергі келтіреді.
Дайындалған гранаты гранататқыштың ұңғы бөлігіне граната фиксаторы ұңғыдағы ойыққа кіретіндей етіп қою керек; бұл кезде тұтандырғыш-капсюль соққыш тесігіне қарама-қарсы орналасады.
Ату үшін:
-шүріппенің шаппасын қайыру керек; ол үшін-оң қолдың бас бармағымен шүріппе тісін басып, артқа апару керек. Шүріппені өзектің үлкен дөңесіне қысып, оны төмен түсіреді де, ұрыстық серіппені сығады. Құрықша тісі шүріппе бойымен сырғанай отырып, шүріппенің ұрыстық дөңесінен секіреді де (сыртыл естіледі), шүріппе шаппасы қайырылады;
-гранататқышты тежегіштен алып тастау керек. Оң жақтан тежегішті басып, батырып жіберу керек;
-сұқ саусақпен ағытқыш ілмекті басу қажет. Бұл кезде ағытқыш ілмек өз осінен айнала отырып, жоғары тісімен құрықшаны көтереді де, оның шүріппенің ұрыстық дөңесімен ілінісіп тұрған тісін шығарып жібереді. Соққыш жоғары көтеріле отырып өз серіппесін сығады да, гранатаның тұтандырғыш капсюлін жарып жібереді;
-шүріппе соққышты ұрғаннан кейін ұрыстық серіппе әсерімен өзек кіші дөңесімен шүріппені соққыштан алып кетеді. Өз серіппесінің әсерінен соққыш ұңғы қабырғасындағы тесікке батып кетеді;
-ағытқыш ілмек құрықшаның әсерінен босатылғаннан кейін алға жылжиды. Құрықша тісі шүріппенің тежегіштік дөңесіне тіреледі.
Гранатаның тұтандырғыш капсюліне соққыш ұрылғаннан кейін капсюлдік құрам жарылады да, әуелі реактивті қозғалтқыш түбіндегі радиальды және осьтік арналардағы дәрі, ал содан кейін дәрілік заряд тұтанады. Дәрілік заряд жарылған кезде пайда болған газдар картон оқсауытты бұзып, ұңғы қуысы арқылы пенопласт тығынды итереді, трассер тұтанып, гранататқыш ұңғының арнасынан гранатаны лақтырып шығарады. Бұдан басқа дәрілік газдар турбина арқылы өтіп гранатаны айналдырады.
Гранататқыш ұңғысының арнасынан гараната ұшып шыққаннан кейін орталықтан тепкіш күштер мен ауаның қуалау ағысы әсерінен тұрақтандырғыш белдігі ашылады, ол ұшу кезінде гранатаға тұрақтылық береді.
Ату кезінде пиробәсеңдеткіш кезінде капсюль тұмсықты түйіреді де, бәсеңдеткіш құрам жанып бітерде реактивті қозғалтқыштың дәрілік заряды тұтанады. Реактивті қозғалтқыштың дәрілік заряды жанған кезде пайда болған газдар герметизаторларды итеріп шығарып, қуыс тесіктер арқылы шыға бастайды. Осының нәтижесінде реактивті күш пайда болып, граната ұшуының жылдамдығын көбейтеді.
Жарылғыш қайырмасы ату кезінде басталады да, ұңғының қиығынан 2,5-18 м арақашықтықта бітеді; бұл кезде қоршауыш ұрыстық қалыпқа ауысады және электродетонатор мынадай электрлік тізбекке қосылады: пьезоэлементті жарғыштың басы – гранатаның ішкі тізбегі – электродетонаторлы жарғыштың түпкі бөлігі – гранатаның сыртқы тізбегі – жарғыштың басы.
Нысанамен (бөгетпен) кездескенде пьезоэлемент қысылады да, электр тоғы пайда болады, оның әсерінен электродетонатор жарылып, ол гранатаның алдыңғы бөлігін жарады.
Ату кезінде өзін-өзі жойғыштың пиротехникалық құрамы тұтанады. 4-6 с өткеннен кейін, егер граната бөгетпен кездеспесе немесе жарғыштың электрлік бөлігі іске қосылмаса, пиротехникалық құрам жанып кетеді және өзін-өзі жойғыштың капсюль-детонаторы іске қосылып, граната жарылысын туғызады.
Гранататқышқа қажетті күтім жасап, дұрыс сақтап және сақтықпен ұстаса, ол сенімді және тоқтаусыз қызмет істейді. Ал гранататқышты ұқыпсыз ұстау нәтижесінде бөліктері ластанып, тозған, гранаталар ақаулы болған жағдайда ату кезінде кідірістер болуы мүмкін.
Ату кезінде кідірістер пайда болса, шүріппені қайтадан қайырып, атысты жалғастыру керек. Кідіріс қайталанса, гранататқышты қайта оқтап, атысты жалғастыру қажет. Егер қайта оқталғанмен кідіріс жойылмаса, төмендегі кестеде көрсетілгендер бойынша кідірістер себебін анықтап, жою керек.
| Кідірістер | Кідіріс себептері | Жою тәсілдері |
| Атылмау | 1. Гранататқыш ұңғысының арнасына атыс толығымен жіберілмеген
2. Гранатаның тұтандырғыш-капсюлінің ақаулығы 3. Соққыштың тозуы немесе сынуы 4. Ластану немесе соққыш-ағытқыш және соққыш механизм майларының қатып қалуы салдарынан соққышты, тұтандырғыш капсюлді жеткіліксіз дәрежеде соғуы |
1. Гранататқыштың ұңғысы бөлігіндегі ойық түбіне фиксаторды жететіндей етіп атыс жіберу
3. Соққышты ауыстыру 4. Соққы-ағытқыш механизм мен бұзғыш механизмді тазалау. Майын ауыстыру |
| Ұңғының арнасына гранатаның кірмеуі | 1. Ұңғы ластанған (картон оқсауыт, дәрілік тотықтардың қалдықтары) | 1. Ұңғы тазалау |
| РПГ-7Д гранататқышы тежегіштен алынбайды | 1. Түтік пен құлыпшаға қатысты алғанда түтікше толықтай бұралмаған, секторлық дөңеске түтікше кірмеген | 1. Құлыпшаға кіргенше түтікшені бұрау, егер түтікше бұралып кете берсе, түтік пен түтікшенің біріктіру көпірін тот пен шаңнан тазалау |
Гранататқышты тазалау төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1) тазалау мен майлау үшін материалдар дайындау;
2) гранататқышты бөлшектеу. РПГ-7Д гранататқышының ұңғысы сүмбімен тазалауға бөлшектенбейді;
3) сүмбіні қарап, оны тазалау үшін дайындау;
4) ұңғы арнасын тазалау.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1) РПГ-7Д неге арналған?
2) РПГ-7Д-нің ұрыстық қасиеттерін атаңдар.
3) РПГ-7Д-нің бөліктері мен механизмдерінің құрылғысы және олардың міндеттері
қандай?
4) РПГ-7Д-ні толымсыз бөлшектеу қандай мақсатпен жүргізіледі?
5) Толымсыз бөлшектеуден кейін РПГ-7Д-ні жинастыру реті қандай?
6) Оқтау кезіндегі гранататқыштың бөліктері мен механизмдері жұмысының реті
туралы айтып беріңдер.
7) Гранататқыштан ату кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
туралы не білесіңдер?
8) Гранататқыштан ату кезіндегі кідірістерді және олардың пайда болу себептерін
атаңдар.
9) Ату кезінде болатын кідірістерді қандай тәсілдермен жоюға болады?
10) Гранататқышты тазалау мен майлау реті қандай?
V. Сабақты қорыту (талдау).
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: Т4С3, 4 АӘД оқулығы Алматы «Мектеп» 144-154 бет.
