«Ер Төстік» ертегісінің сахналық қойылымы

Бабаджанова Ақжарқын Усербайқызы

№163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі. Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы.

«Ер Төстік» ертегісінің сахналық қойылымы

Би орындалады

Жүргізушілер сахнаға шығады

1- жүргізуші; -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған 6 сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

2-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

1-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-жүргізуші: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

1-жүргізуші;

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.

2-жүргізуші; -Иә, осы дана тіліміздің сөздік қорын көбейтіп , мол ілім мен білімді ұрпақтан-ұрпаққа таратып жүрген ақын-жазушылармыз жетерлік.

1-жүргізуші; Соның бірі ұлы Абай атамыз.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән: «Аяулы анашым»

Орындайтын: Ыбырайхан Бауыржан

Би: Өзбек биі , Тілеуберген Анел

1-жүргізуші: -Міне, оқушылар мен ұстаздар бүгінгі кезде Қазақстан Республикасының Тіл мерекесіне 16 жыл толыпты.

2-жүргізуші; Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін-
Қазақстан,Отанымның ұлымын!

1-жүргізуші: -Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай,суы мөлдір,ауасы таза,табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан –байтақ шаһар болған екен.

2-жүргізуші: -Біз осы елді мекендегі белгілі «Білімнен асқан жақұрт жоқ,ұстаздан асқан бақыт жоқ»дегендей,бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен,білім нәрін сепкен ұлағатты әз жүрек асыл жандары бар №163 орта мектебінің білім ордасына «Ертегі әлеміне» келіп қалған екенбіз.

-Сәлеметсіз бе, құрметті оқушылар мен қонақтар бүгінгі Қазақстан Республикасына Тіл мерекесіне арналған «Ертегілер елінде» сахналық қойылымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: -Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр,ертегі ой.

Ертегі айтса аналар еліктіріп

Қияға қызықтырып ертеді ғой.

Ертегіде халықтың мұн-зары бар,

Орман,тау,өрмелейтін құздары бар.

Жамандықпен алысып,жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар.

2-жүргізуші: -Жаулармен алысып,жекелеғен,

Батыр ма ел намысын өтемеген?!

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

Бірге: Кел,онда,ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген елтейік біз.

Ертегі кейіпкерлерін шақырайық,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз!

ЕРТӨСТІК

Әжесі мен немересі. Сахна пердесі ашылады.

Немересі : – Әже,әже, ертегі айтып берші

Әжесі: Е, балам , ертегі дейсің бе. Сен Ер Төстік ертегісін естігенсің бе?

Немересі:-Жоқ, әже

Әжесі: Естімесең мен саған соны айтып берейін. Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келетүйелеріболыпты. Өрістолғанжылқыларыболыпты. Ерназардыңсегізұлыболыпты. Біржылыүлкенжұтболып, елмалыналысқа, отарғаайдапкетіпті. Ерназардыңсегізұлыдасоныңішіндекетіпті. Бірқыстықазығыналып, кемпіріменЕрназарүйіндеқалыпты. Ерназардыңсегізұлысолкеткенненхабарсызкетеді, айларөтеді, келмейді. Ерназардыңазығытаусылады, ашығады, жейтінтамақтаппайды. Кемпіріекеуініңтұруғаәлдеріәрең-әреңкеледі. Біркүнікешкежақынкемпірітөсегінентұрып, үйініңтүндігінашады. Тұруғамұршасыкелмейжатқаншалшаңыраққақараса, шаңырақтыңкүлдіреуішіндекерулітұрғанкербиеніңтөстігікөзінетүседі. Ерназарқуанып, есішығады. – Кемпір, сүйінші! Кербиеніңкерулітұрғантөстігімайлыкөрінеді, бол, жылдамасыпжіберші, – дейді. Сөйтіп, бұлартөстіктіқазанғасалады. Төстіктіасыпжеп, шалменкемпірәлденеді. Ұзамайкемпіржүктіболады. Мезгілітолыпбосанады. Бірұлтуады, оныңатынтөстікжегенсоңбіткенбаладепТөстікқояды. Төстікөзгешебалабопөседі: бірайдабіржастағыбаладай, екіайдаекіжастағыбаладай, үшайдаүшжастағыбаладай, біржылдаонбестегіжасөспірімдейболып, екіжасындаалысқанкісілеріналыпұратынбалаболады. Бір күні тарғақты Төстікұстайындепқуыпжүреді. Сөйтіпжүргенде, тарғақбіркемпірдіңөрмегініңүстіненқарғыпөтеді. ҚуыпкележатқанТөстіктеөрмектенсекіреді. СөйткендеТөстіктіңбірбақайыөрмектііліпкетеді. Өрмектіңбірсыпыражібіүзіліпқалады.

Кемпір: – Алда ғана шешек-ай! Өрмегімдіүзіпкеттің-ау! Ертеденқаракешкедейінбүйтіпжарқуалап, торғайатқанша, тентірепкеткенсегізағаңдытауыпалмайсыңба? – депқарғап-сілейді.

Төстік бұрын ағалары бар екенін естіген жоқ екен. Әке–шешесіТөстіккеоныайтпайдыекен. Төстікжүгіргенбетіменүйінекеледі.

Шешесі: – Сағаннеболды? Кімменжанжалдастың? – депсұрайды.

Төстік;. – Ағаларымқайда? Негекелмейді? Іздептауыпәкелемін! – дейді.

Шешесі: – Қақпас кемпір өтірік айтады. Сеніңағаларыңболғанжоқ, сенбеоныңсөзіне, – дейді.

Сөйтіп, Төстіктінандырыпқояды. Тағы бір күні Төстік асық ойнап жүріп, әлгі кемпірдің жалғыз баласын жұдырығымен қойып жіберсе, бала талып қалады. Кемпір Төстікті бұрынғыдан да жаман қарғап-сілейді:

Кемпір: – Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Меніңжалғызбаламаәліңжеткенше, айдаладатентірепөлгенсегізағаңныңқурағансүйегінтауыпалсаңболмайма?

КемпірдіңсөзіТөстіккеойсалады. Шешесіненағаларынсұрайды.

Шешесіендішынынайтады: – Сегізағаңныңбарыраседі, жұтжылыкетіпеді, соданқайтқанжоқ, қайдажүргендерінбілмейміз, – дейді.

Әжесі мен немересі.

Әжесі: -Міне, балам, Төстік ағаларын іздеу қамына кіріседі Төстік жолға шығады. Белінесадақбайлап, қолынатеміртаяқалады, аяғынаетіккиеді. Айжүреді, жылжүреді, талайелді, талайжердіаралайды. Өлдім-талдымдепкеліп, белгешықса, қарауытқанқалыңжылқыкөрінеді, жылқыныңаржағындаелкөрінеді. Жылқығакелсе, жылқыныңішіндетігуліқарақостұр. Қосқакірсе, асулымосы, ілулібақыртүр. Бақырдыңішіпіскенеткетолыекен. Төстікеткетойыпаладыда, елгеқарайжүреді. Төстіктіңкелгенеліасберіпжатырекен. “Ағаларымдыосыастаніздепкөрейін”, – депасқатігілгенқалыңүйдіжағалайқыдырабастайды. Сөйтіпкележатса, табақшыларбіржерде: “Ерназардыңсегізінетарт, Ерназардыңсегізінетарт”, – депшуылдасыпжүрекен.. СоларадаЕрназардыңсегізіжөнсұрасып, Төстікпенжылап-сықтаптабысады. Төстігібастап, Ерназардыңсегізіаман-есенелдерінекеледі. Балалары аман-есен келген соң, Ерназар ел жиып, той қылады. Түйеден бура, жылқыдан айғыр, ту бие, қойдан құнан қой сойып, қымызын көлдей, етін таудай қылып қояды. Ақсақал, қарасақалын түгел разы қылады. Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына кіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып, ел қыдырады. Көп елді аралайды. Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір үйден табылмайды. Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасындағы үлкен қоңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегенің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды.

Үйдің бәйбішесі Ерназардан: – Неге жыладыңыз?

Ерназар: – Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын, тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам, біреуі кем екен, соған жылап отырмын.

Бәйбіше:Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр, – деп бәйбіше тұсбақаннан тағы бір сырғаны алып келеді. – Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір төбе, Кенжекейім бір төбе. СондықтанКенжекейімніңсырғасыолардікіненбөлектұрады,

Ерназароған: – Сеніңсегізқызыңбіртөбе, Кенжекейіңбіртөбеболса, меніңсегізұлымбіртөбе, Төстігімбіртөбееді. КенжекейіңТөстігімдікіболсын!

Әжесі мен немересі.

Сөйтіп, Ерназартоғызқызғақұдатүсіпқайтады. Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады. Жолда бұларға перінің қызы Бекторы кездеседі, ол Төстікті көріп, ғашық болады. Төстікті Кенжекейден айырып қалу қамына кіріседі. Ерназар тоғыз ұлымен Кенжекейдің ауылына барып, көп уақыт жатады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын істетіп, келіндерін алып, еліне қайтпақшы болады. Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасаумен ұзатады. Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне, мінгізген ат, арттырған түйе, тарттырған жасауына разы болмайды:

Сахнада Кенжекей мен әкесі

Кенжекей: – “Әкем маған жылқыдан Шалқүйрық атты берсін, жасаудан Ақсырмалы сауытты берсін, түйеден Құба інгенді берсін”

Әкесі қызына ашуланып; -“Қызым., Ерназардың байлығы саған жетеді. Шалқұйрық атты сұрағаның не? Шалқұйрық – жылқымның құты, құтқа қыз ие болған жер бар ма екен? Құба інген – түйемнің басы, түйемнің басын сұрағаның не, қызда ондай түйе артқан бар ма екен? Ақсырмалы сауыт — атадан ұлға қалатын мұра, мені қызым қу бас дегенің бе? Қызым өйтіп жаулығыңды білдірме”, – дейді.

Кенжекей әкесіне: “Шалқұйрықты сұрағаным, ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім, Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп едім, Ақсырмалы сауытты сұрағаным, Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім”

Әкесі: – Кенжекей, сөзінің жаны бар сұрағандарыңды ал, “бірақ қызым , Сорқұдықтьң басына көшіңді қондырма, қондырсаң, кесірі болады”

Көш бетімен тарта береді. Алдынан Бекторы шығады.

Бекторы:

-Сүйген жарың Ер Төстік Киген де сауытың ақ сырмал

Құтты болсын Кенжекей Құтты да болсын Кенжекей

Мінген де атың Шалқұйрық Жар басында демесең

Құтты да болсын Кенжекй Жарты лашық демесең

Артқан да түйең Құба інген Біздің де үйге кіре кет

Құтты да болсын Кенжекй Көбікті саумал іше кет

Кенжекей:

– Перінің қызы Бекторы Киген де сауытым ақ сырмал

Шайпау сөзің қой торы, Өз сауытымды киемін

Сүйгенде жарым ЕрТөстік Жарты лашық демеймін

Өз жарымды сүйемін Қайтсеңде үйіңе түспеймін

Мінген де атым Шалқұйрық Бал берсең де жемеймін

Өз атымды мінемін Перінің қызы Бекторы

Артқан да түйем Құба інген Шайпау сөзің қой торы.

Өз түйемді мінемін

Бекторы:- Қап, бәлем, Кенжекей, саған қылармын,.

Әжесі мен немересі

Сол күні Сорқұдықтың басына келіп жетеді. Кенжекей атасына: “Атам бүл құдыққа қонбасын, ырымы жаман жер”, – деп хабар айтқызады. “Келінім келмей жатып, менің қонысымды билейін деген екен”, – деп Ерназар болмастан әлгі жерге қонады. Сол күні тұман болады. Кенжекей өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады. Ерте тұрып қараса, Құба інген жоқ. “Құба інген жоқ”, – деп атасына хабар береді. Ерназар ат ерттеп мініп, Құба інгенді айнала қарап жүрсе, анадай жерде тұрған Құба інген көрінеді. Қасына келсе, бұйдасы бір көкпекке оралып қалған екен. Жанында бір тал бар екен, талдың түбінде жарбиған бір жаман кемпір отыр.

Ерназар: – Шеше, шеше! Ана түйенің бұйдасына қол жалғап жіберші.

Кемпірсонда: -Тұрсам, отыраалмаймын, шырағым, отырсам, тұраалмаймын, шырағым! Әперугеәлімжоқ, нашарадаммын.

Кемпірдіңсөзіненанып, бұйданыіліпалайындепеңкейебергенде, Ерназардыкемпірекеңшапберіпжағаданалакетеді. Алдап отырған жалмауыз кемпір екенін Ерназар енді ғана біледі. Ерназарда тапжылуға шама жоқ. Олай-бұлай жұлқынып байқап еді, болатын көрінбейді, кемпір қысып әкетіп барады. Ерназардың мойны үзіліп, буынып барады, шыбын жаны шығып барады. Ерназардың “қоя бер” дегеніне кемпірдің босататын түрі жоқ.

Ерназаржалынабастайды: – Ағарғансақал, шашымбар! Қартайып келген жасым бар! Тоғыз келінімді жаңа ғана түсіріп, жаңа ғана қызығын көрейін деп отырмын. Қоя бер мені, шешежан!

Кемпір сонда: Жоқ, – деп кемпір онан сайын қысады.

Ерназардың жаны шығып барады. Оған разы болмасаң, сойылдай сегіз ұлым бар, – Менде қандай құның бар? Одаболсынсенікі. Бірәділжанменікі. Жіберекөр, шешеке!, Сегізіненбірбөлек, Жалғызымдақуатбоп, Жібершімені, шешеке!

Кемпір:– Төстікті маған қалай бересің?

Ерназар айтады: – Менің қалтамда Төстіктің садағының ұшын шығаратын егеуі бар. Төстік онсыз жүре алмайды. Мен бұны осы араға тастап кетейін. Төстік іздеп келеді, сонда өзің ұстап ал.

Кенжекей мұның бәрін көріп тұрады. Ерназар Құба інгенді алып қайтып келеді, көш жөнеледі, бірнеше күн көшеді.

Төстік: – Әкелші, әке! Мына жақта киік жүр екен, садағымның ұшын шығарайын деп едім, егеуімді берші?

Ерназар сасыңқырап қалып: “Қап, әттеген-ай, қалып қойған екен. Түнеугі Сорқұдықтың басында Құба інгенді іздеп барғанда, бір талдың түбіне түсіп қалған екен ғой!

Кенжекей ЕрТөстікті шығарып салып тұрады.

Кенжекей Құба інгенге бура шөгереді: “Не Төстік өлді деген күні, не Төстік келді деген күні шешіл”, – деп серт қылады.

Әжесі мен немересі

Төстік жолға шығады. Төстік ауылынан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді. Екеуі келісіп егеуді алып қашады. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай, қара жер қақ айырылады. Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.Ол жылан ордасы Бапы ханмен, алты досы Епті, Көлтаусар, Желаяқпен, Таусоғармен, Саққұлақ, Көрегенмен жолығады. Бапы ханға Темір ханның қызын әкелуге уәде береді, түрлі өнерлерін көрсетіп, жұртты таң қалдырады. Ұзақ жүріп, Ер Төстік жылан Бапы ханның еліне келеді. Айтқанын істеп келген соң, ол Ер Төстікке өте разы болады, өзінің қызын береді, Төстіктің тілегін орындап, қызын беріп және қаншама жолдас қосып, жер үстіне қарай шығатын есікке қарай шығарып салып, қош айтысып қала береді. Жер үстіне шығатын есікке дейін алты айлық жол екен. Жолдың ауырлығына шыдамай, жылан Бапы ханның қызы жөне жолдастарының бәрі қырылып қалады, жалғыз-ақ Күңке деген бір күңі мен Шалқұйрық, Ер Төстік үшеуі аман қалады. Үшеуі шаршап бір бұлақтың басына келіп жатады. Бұлақтың басында бір үлкен бәйтерек тұрады екен. Жылда соған ашқан қарақұстың балапандарын айдаһар жеп қояды екен. Ер Төстік оны да айдаһарды өлтіріп, балапандарын құтқарады екен. Ал, енді, балам, сен Төстіктің жер бетіне қалай шыққанын білесің бе?

Немересі? – Жоқ, әже.

Әжесі:– Олай болса, тыңда. Сол құтқарған балапандардың анасы Самұрық Төстікті жер бетіне көтеріп алып шығады. Содан кейін Самұрық құс қазақ елінің тыныштығы мен бақытын қорғаушы болған екен. Ер Төстік елін іздеп тарта береді. Ер Төстік жер астына түскеніне көп жыл болады. Елде күдер үзіп қояды. Жалғыз ғана Кенжекей: “Ер Төстік бір келер”,- деп дәмелі болып жүреді. “Құба інген қашан боталар екен? Ер Төстіктің не өлген хабары, не келген хабары қашан білінер екен?”- деп соны күтумен болады. Бір күні Кенжекей ертемен тұрса, Құба інген жоқ. “Бошалап кетпесе игі еді!”- деп, Кенжекейдің жүрегі су ете қалады. Жан-жақтан жүгіріп Құба інгенді іздейді, іздеп жүріп зарлап жүреді. Құба інген бір сайда боталайын деп жатыр екен. Ар жағынан ақсақ боз атқа мінген бір ақсақалды шал көрінеді. Құба інген боталап жатқанда Кенжекейдің беліндегі торғын орамалы шыр айнала тарқатылып, жазыла береді.

Кенжекей: “Енді Төстік өлген екен. Тірі болса, әлдеқашан бір хабар болар еді

Жылап отырады. Ақсақал шалдың астындағы боз ат кісінеп қоя береді. Кенжекей аттың кісінегенінен оның Шалқұйрық екенін таниды. Кенжекей мен Құба інген екеуін Ер Төстік те таниды. Сол арада амандасып, мәз болысып қалысады. Бәрі де баяғыдағы айырылған күндегі қалыптарына келіп, қайтадан жасарады. Ер Төстік жас жігіт, Кенжекей жаңа түскен келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді. Одан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп, мақсаттарынажетеді.

Жүргізушілер сахнаға шығады

2- жүргізуші: -Міне, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізілген 6 сынып оқушыларының «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбындағы «Ер Төстік ертегісінің» сахналық қойылымы аяқталды. Қойылымға келгендеріңізге көп-көп рахмет айта отырып, қойылымға қатысқан кейіпкерлерімізбен таныстырайық.

1-жүргізуші:

Ер Төстік рөлінде – Тұрар Дінмұхаммед

Кенжекей – Әбубәкір Саида

Ертегі айтушы әжей – Құрбанбай Аружан

Немересі – Тұрсын Ерсұлтан

2- жүргізуші:

Жалмауыз кемпір – Әбілқасым Асылзат

Ер Төстіктің анасы – Әбілтай Аружан

Кенжекейдің анасы – Үсен Айжан

Бекторы – Құттықожа Ділназ

1- жүргізуші:

Ер Төстіктің әкесі – Әлібек Асылжан

Кенжекейдің әкесі – Исмаил Асылжан

Және Ерназардың 8 ұлы мен бәйбішенің 8 қызы –

6 «а» сыныбының ұл-қыздары

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше