Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыпта су жолы
Пәні: Қазақ тілі
| Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы |
Атырау облысы Исатай ауданы жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі | |||||
| Мерзімі: 17.09.2014 | Мұғалім Тулеуова Бибигул Орынгалиевна | |||||
| Сыныбы: 9 | Қатысқан оқушы саны: 17 | Қатыспағандар:0 | ||||
| Сабақ мақсаты: | Ана тілінің шығу тегін тану, тілдердің туыстас тығының шарты, туыстас тілдер және қазақ тілінің қалыптасуы туралы түсіну. | |||||
| Күтілетін нәтиже: | Қазақ тілінің қалыптасу, шығу тегін біледі.
Тілдің қалыптасу жолын тарихи деректер арқылы таниды. Тілдің қарым-қатынас құралы ғана емес, өнер, тәрбие құралы екендігін таниды. |
|||||
| Оқытудағы жүйелілік: | “Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі “ тарауы
3-сабақ. |
|||||
| Сабақтың жүрісі: | ||||||
| Сабақтың кезеңдері : | Жоспарланған іс- әрекет | Ресурстар, әдебиет | ||||
| Оқыту | Оқу | |||||
| Ұйымдас тыру бөлімі
3мин Үй тапсыр масын тексеру 7 мин. Негізгі бөлім 20 мин Қорытынды бөлім 6. Бағалау Кері байланыс |
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже анықталады. Өзін – өзі бағалау бетшесі, бағалауға арналған ресурстар таратылады.
”Ойды жалға“ Аудиожазба тыңдалады. Тіл — ұлттың басты негізі.mp4. Мәтінмен танысу – 5 мин “Айналмалы бекеттер” әдісі арқылы жұмыс жасау – 13мин 1-бекет. ”Деректі қалпына келтір“ Түркітану ғылымында түркі тілдерінің шығу, даму жолын: Алтай дәуірі, Хун дәуірі; Көне түркі дәуірі; Орта түркі дәуірі, Жаңа түркі дәуірі(ХV –XXғ.ғ.) аталатын кезеңдерге бөліп қарастырады. 3-бекет. .”Қисынсыз мәліметті тап, теріске шығар“ Түркі халықтары тілдерінің туыстығын дәлелдейтін жазба мәліметтер жоқ. Түркілер ” бата тау“ деп атаған кітаптарда түркі тілдерінің туыстығын дәлелдейтін деректер көп. 4- бекет. Сұрақ- жауап
Топтарға оралу. ”Өкіл“ әдісі 1- топ 6, 2- топ-7, 3- топ 8- тапсырманы орындау. Өзін – өзі бағалау бетшелерінің қорытындысы бойынша бағалау. Өкіл жұмысын бағалау критериі · Теориялық дәлдік · Баяндау тілі · Жеткізу формасы · Қосымша сұраққа жауап беруі |
Дәптеріне жазады.
Топтық жұмыс ережесін еске түсіреді Топта рөлдерді бөліседі. Мәтінді ой желісін сақтай отырып жалғастырады. . Тапсырманы орындайды.Орындарына оралып, өзін –өзі бағалайды. Топта тапсырманы орындайды, келесі топқа барып, қалай орындағанын өкіл түсіндіреді. Бағалау · “5” – критерийлердің барлығы да орындалса; · “4” – бір критерий орындалмаса; · “3” – бастапқы 2 критерий орындалса. Бағалау бетшесін толтырады. |
”Топтық жұ мыс ережесі“ флипчарты
Бағалау бетшесі, бағалау ресурсы ретінде смайлдар мен блобтар беру Оқулық, дидактикалық материалдар |
|||
| Қосымша мәлімет | ||||||
| Дифференциация– | Бағалау – . | Пәнаралық байланыс
Түркі халық тары тілдері Әдебиет,тарих АКТ |
||||
| Рефлексия
Оқыту мақсаты мен сабақ мақсаты шынайы болды ма? Оқушылар жаңа не білді? Оқыту атмосферасы қандай болды? Уақыт дұрыс бөлінді ме ? Жоспарланғаннан не жүзеге аспай қалды, неге? |
Сабақ басындағы топтастыру кезінде сыныптағы С деңгейіндегі 4 оқушы бір топта болып шықты. Олардың біреуі менен қайта топтастыруды, не болмаса келесі топтан жақсы оқитын бір оқушыны қосуымды өтінді. Мен бұл өтінішін елеусіз қалдырып, олардың өздеріне сенімін арттыру үшін бірыңғай ер балалардан құралған топ ретінде сіздер ерекшесіздер деп қошемет білдірдім. Алғашқы бекетте біршама уақыттарын топтағы міндеттерді бөлісуге арнап, жұмысты сылбыр бастаған олар үшінші бекетте өзара қызу пікір таластырды. ”Өкіл“ әдісімен жұмыста жақсы бағаға ие болған С деңгейіндегі Б. есімді оқушы үзіліс кезінде де келесі топтарға барып, дәптеріндегі жұмысын көрсетумен болды. Сабақтың басында тақтаға жазылған табыс критерийлеріне жеткендеріне оқушылардың өздері сенімді болды. |
|||||
| Жалпы баға
Оқыту мен оқуға қатысты қандай екі аспекті жақсы өтті? 1: Таңдап алынған әдістер оқушыларды жұмыс жасауға ынталандырды. 2: Диалогке түспей қалған оқушы болмады. Оқыту мен оқуды жетілдіретін тағы қандай екі нәрсені айтуға болады?? 1: Оқушыларды критериалды бағалауға үйрету 2: Жазу кезінде орфографияны есте сақтау Келесі сабақты жоспарлауда ескеруге сынып турасында жаңа не білдім? Мақсатты таңдап алынған әдіспен жұмыс жасаған кезде сыныптағы барлық оқушылардың да оқуға қабілетті екенін білдім. |
||||||
