У у дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп – гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі
Базарбаева Мөлдір Талғатқызы
Пәні: Әліппе
Сыныбы: 1 «г»
Сабақтың тақырыбы Уу дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: У у дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқып жаттығу.
Сабақтың міндеті:
1.У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Кеспе әріптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жеке әріптерден буын құратып үйрету.
Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдалана отырып, буын, сөз құрату.
Құраған сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
Т – қатаң, дауыссыз дыбыс
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
III. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
1)Л дыбысы қандай дыбыс?
-Л дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
-Л әрпіне берілген сөздерді оқыту.
Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
Ойлаған сөйлемді сызба арқылы көрсет
2) 1 буынды сөздерді тапқызу
Тал, тар
ІҮ. Ойын «Жасырынған буынды тап»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тексеру. Қалып қойған буындарды тапқызу арқылы ойлану қабілеттерін дамыту.
… – ға … – на
Па – …. та – …
Ар – … пар – ….
V. Мағынаны тану
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының қандай жерде бірде дауысты, бірде дауыссыз айтылатынан түсіндіру
У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
А уа, ау, на уа, тау сөздерін хормен айтқызу.
У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а – у, та –у
У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады. Мысалы: н – у, т – у
VI. Кітаппен жұмыс
Мақсаты: Кітаптағы сөздерді дұрыс оқуға, буындап, бірге дұрыс оқи білуге дағдыландыру
1)Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету.
2)Берілген а уа, ау, ну, на уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту.
VII. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: тақтамен жұмыс істей білуге, қатесіз жазуға дағдыландыру
Сергіту сәтін өткізу
VIII. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: Дәптерге қатесіз жазуға, У у дыбысын, у дыбысы кездесетін сөздерді жаза білуге үйрету.
- У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
- У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
- У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
- Диктант жаздырту: уа, ау, ауа, тау, анау, ну, ту, туу, науа
IX. Сабақты қорытындылау
Мадақтау
