1 саны және цифры

Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Базарбаева Мөлдір Талғатқызы

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 1 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1 саны туралы түсінік беру, көп, бір деген ұғымды бекіту

Сабақтың міндеті:

1.Бірнеше заттың ішінен біреуін бөліп алып, сол заттың санын, 1 см арқылы да бір санының пайда болатынын көрсету, түсіндіру

2. Тапқырлыққа баулу

3. Байқағыш, көргіштік қасиетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: бірнеше кіші, бір үлкен геометриялық фигура, суреттер

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Бірнеше фигуралардың ішінен түзу сызықты, нүктені, бұрышты тапқызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Мағынаны тану

Мақсаты: Оқушыларға көп және бір деген ұғымды қалыптастыру

  • Оқушылар біз отырған сыныпта оқушылар көп пе, мұғалім көп пе?
  • Мұғалім нешеу?
  • Сыныпта парта көп пе, тақта көп пе?
  • Сыныпта тақта нешеу?

Мұғалім 1 санына байланысты өзінің үстелінде тұрған заттарды да мысалға алуына болады: 1 кітап, бірнеше дәптер, 1 қарындаш, 2 қалам, 1 гүл, т.б.

  1. 1 санының кеспе цифрын балаларға көрсету;
  2. Суреттен жеке тұрған затты тапқызып, оның нешеу екенін сұрау;
  3. Тақтаға 1 саныынң салыну жолын көрсету

V. Кітаппен жұмыс

Мақсаты: 1 саны деген ұғымды қалыптастыру.

1 – тапсырма.

  1. Жемістерді санау қара өрік 1; шие – 1; өрік – 1;
  2. Тәрелкедегі жемістерді санау

Барлығы 4 алма: қызыл алма – 3, сары алма – 1

Барлығы 3 алмұрт: сары алмұрт – 2, жасыл алмұрт – 1

2-тапсырма.

Кесіндінің ұзындығын өлшеу

1 см

3 – тапсырма

Қорапқа не салуға болады. Түсіндір

Бірнеше жеміс берілген. 1 данадан кездесетін жемісті қорапқа салғызу.

  1. Ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты: Көп заттың ішінен 1 данадан кездесетін затты айырып алу арқылы, 1 деген ұғымды бекіту.

Оқушылардың алдына бірнеше заттың суреті таратылып беріледі. Бір данадан кездесетін заттарды қораптың ішіне салу керек

  1. Дәптермен жұмыс

1 санының салу жолын дәптерге жаздырту.

  1. Сабақты қорытындылау

Мадақтау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше