1 саны жәе цифры; 7 санының құрамы; У у дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп – гимназия
батауыш сынып мұғалімі
Базарбаева Мөлдір Талғатқызы
Тел: 8778 895 88 93
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 1 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1 саны туралы түсінік беру, көп, бір деген ұғымды бекіту
Сабақтың міндеті:
1.Бірнеше заттың ішінен біреуін бөліп алып, сол заттың санын, 1 см арқылы да бір санының пайда болатынын көрсету, түсіндіру
2. Тапқырлыққа баулу
3. Байқағыш, көргіштік қасиетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: бірнеше кіші, бір үлкен геометриялық фигура, суреттер
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Бірнеше фигуралардың ішінен түзу сызықты, нүктені, бұрышты тапқызу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Мағынаны тану
Мақсаты: Оқушыларға көп және бір деген ұғымды қалыптастыру
- Оқушылар біз отырған сыныпта оқушылар көп пе, мұғалім көп пе?
- Мұғалім нешеу?
- Сыныпта парта көп пе, тақта көп пе?
- Сыныпта тақта нешеу?
Мұғалім 1 санына байланысты өзінің үстелінде тұрған заттарды да мысалға алуына болады: 1 кітап, бірнеше дәптер, 1 қарындаш, 2 қалам, 1 гүл, т.б.
- 1 санының кеспе цифрын балаларға көрсету;
- Суреттен жеке тұрған затты тапқызып, оның нешеу екенін сұрау;
- Тақтаға 1 саныынң салыну жолын көрсету
V. Кітаппен жұмыс
Мақсаты: 1 саны деген ұғымды қалыптастыру.
1 – тапсырма.
- Жемістерді санау қара өрік 1; шие – 1; өрік – 1;
- Тәрелкедегі жемістерді санау
Барлығы 4 алма: қызыл алма – 3, сары алма – 1
Барлығы 3 алмұрт: сары алмұрт – 2, жасыл алмұрт – 1
2-тапсырма.
Кесіндінің ұзындығын өлшеу
1 см
3 – тапсырма
Қорапқа не салуға болады. Түсіндір
Бірнеше жеміс берілген. 1 данадан кездесетін жемісті қорапқа салғызу.
- Ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: Көп заттың ішінен 1 данадан кездесетін затты айырып алу арқылы, 1 деген ұғымды бекіту.
Оқушылардың алдына бірнеше заттың суреті таратылып беріледі. Бір данадан кездесетін заттарды қораптың ішіне салу керек
- Дәптермен жұмыс
1 санының салу жолын дәптерге жаздырту.
- Сабақты қорытындылау
Мадақтау
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 7 санының құрамын меңгерту
Сабақтың міндеті:
- Оқушыларды 7 санының құрамын ажыратуға, әр түрлі текшелермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
- Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой-өрісін дамыту.
- Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, сандар
Сабақтың мазмұны
- Ұйымдастыру
- Оқушыларды сабаққа дайындау
- Құрал – жабдықтарын түгендеу
- Сергіту сәті
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
- Өткен сабақты еске түсіру
- Біз қандай санмен таныстық?
- 5 санының көршілерін атаңдар
- 5 санынан кейін тікелей қай сан келеді?
- Жаңа сабақ
Мақсаты: 7 санының құрамын таныстыру. Тура және кері санау дағдыларын жетілдіру
- Тура санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
– Кері санау 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
6 балапанға 1 балапанды қос
6 + 1 = 1 + 6 =
5 сәбізге 2 сәбізді қос.
5 + 2 = 2 + 5 =
4 қоянға 3 қоянды қос.
4 + 3 = 3 + 4 =
Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік.
2) Аптаның 7 күнін ата
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі«Балапанды құтқару» ойыны
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа
5, 4, 2, 6, 1, 3, 7.
IV. Кітаппен жұмыс
Мақсаты: тапсырмалар орындау арқылы өз беттерімен өрнек құруға үйрету
1 – тапсырма. Мақсаты:Теңдіктер құруды пысықтау. Өрнектің компоненттерін ауызша атауға үйрету
6 ара 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 6 + 1 = 7
5 ара 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 5 + 2 = 7
4 ара 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 4 + 3 = 7
2 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
Қызыл кесінді 7 см. Көк кесінді 6 см.
7 см >6 см
3 – тапсырма. Қалып қойған сандарды ата.
Мақсаты: Сандар қатарынан жетіспейтін сандарды атату арқылы ойландыру
1, 2, 3, 4, 5, 6 1, 2, 3 , 4, 5, 6, 7
6, 5, 4, 3, 2, 1 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
5 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Теңдіктер құр.
5 см + 2 см = ? см 7 см – 2 см = ? см
? см + ? см = ? см ? см – ? см = ? см
- Өздік жұмыс
Мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
- – тапсырма.
0? 7 7 см ? 5 см 3 ? 7 2 см ? 7 см
7 ? 7 7 см ? 7 см 7 ? 6 7 см ? 4 см
- – тапсырма. Сандардың құрамын тап
Мақсаты: сандардың құрамын пысықтау
4санының құрамы
7санының құрамы
5санының құрамы
6санының құрамы
- Сабақты қорытындылау
Біз қандай санның құрамымен таныстық?
Мадақтау
Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: У у дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқып жаттығу.
Сабақтың міндеті:
1.У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі:
- көрсету,
- түсіндіру,
- топтық жұмыс
- Сұрақ – жауап
- Ойын
- Тақтамен жұмыс
- Сигналдық карточка
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
- Түгендеу,
- Партаға дұрыс отыру.
- Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Кеспе әріптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жеке әріптерден буын құратып үйрету.
Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдалана отырып, буын, сөз құрату.
Құраған сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
Т – қатаң, дауыссыз дыбыс
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
| А |
| Ғ |
| Н |
| Т |
| П |
| Л |
| Р |
III. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
1)Л дыбысы қандай дыбыс?
-Л дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
-Л әрпіне берілген сөздерді оқыту.
Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
Ойлаған сөйлемді сызба арқылы көрсет
2) 1 буынды сөздерді тапқызу
Тал, тар
ІҮ. Ойын «Жасырынған буынды тап»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тексеру. Қалып қойған буындарды тапқызу арқылы ойлану қабілеттерін дамыту.
… – ға … – на
Па – …. та – …
Ар – … пар – ….
| Па – |
| – на |
| Ар – |
| Пар – |
V. Мағынаны тану
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру
- У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
- А уа, ау, на уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату
- У дыбысының емлесіне түсінік беру
- У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а – у, та –у
- У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады.
- Мысалы: н – у, т – у
VI. Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге, қатесіз оқи білуге дағдыландыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру
1)Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету.
Сөйлем неше сөзден тұратындығын анықтату
2)Берілген а-уа, ау, ну, на-уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту.
VII. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: Көркем және сауатты жазу дағдыларын дамыту
- Ауа, науа, тау, Алатау сөздерін тақтаға жатқа жаздыру
- Сөздердегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстарға ажыраттыру
- Буынға бөлдіру
- Сергіту сәтін өткізу
Жел уледі ,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты
- Дәптермен жұмыс
Мақсаты: У у әрпінің элементтерінің жазылуымен таныстыру, У у әрпін жазуға және басқа әріптермен байланысуын үйрету, сауатты жазу дағдыларын дамыту
- У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
- У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
- У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
- Буындық диктант жаздырту: уа, ау, ауа, тау, анау, ну, ту, туу, науа
- Кері байланыс
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс – түсіндім
Сары түс – әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс – түсінген жоқпын
Сигналдық карточкамен жұмыс
- Топтық жұмыс
Жасыл түс көтерген оқушыларға тапсырма: Құрамындағы У у дыбысы дауысты болатын сөздер тауып жазу
Сары түс көтерген оқушыларға тапсырма: құрамында у дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жазу
Қызыл түс көтерген оқушыларға тапсырма:
- У дыбысы бар сөздер айтқызу
- У дыбысының орнын анықтату
- У дыбысының алдында келген дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін анықтату
- Уу дыбысының ерекшелігін түсіндір
- Жаңа сабақты бекіту
Мақсаты: У у дыбысы туралы алған білімдерін тиянақтау, бекіту
- У дыбысы қандай дыбыс?
- Ерекшелігі неде?
- У дыбысы соңында келетін сөздерді ата
- У дыбысы дауыссыз болатын сөздерді ата
- У дыбысы басында келетін қандай сөздерді білесің?
Мадақтау
