Калиева
Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала бақша ұжымы.
Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекенің бірі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Балалардың сіздерге дайындаған «Мерекеңізбен анашым!» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар!
Аяна: Уа, ағайын, ағайын!
Көктем келді жайнаған
Бау-бақшада бүгін той
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар
Гүлдей жайнап тұрыңдар
Құттықтаймыз сіздерді
Мерекеңмен бүгінгі.
Нұрасыл: Құшағына кіргенде
Жылынамын бірдемде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен!
Зере: Ана деген Бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өмірдің.
Назгуль: Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам барма, сірә?
Аяна: Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы.
Дария: Өскеніңді жүреді аңсап,
Өмір бойы мәпелейді
Дәрігерге жетелейді
Анаң сенің, анам менің.
Акылбек: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұлыңызды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Гүлжаз: Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
Б.Нұрасыл: Анашым, анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам.
Ернұр: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Аяжан: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Дана: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Елека: Сізге бүгін сый құрмет
Жан анашым мерейім,
Қаласаңыз би билеп
Ән де шырқап берейін.
«Ақ мамам» әні.
Елека: Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын,
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Акылбек: Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.
Жаннұр: Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын
Шақырса даладан
Жүгіріп барамын
Ерасыл: Апаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Аяна: Менің анам
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.
Зере: Әже
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді
Өскенде мен ал енді
Аралаймын әлемді
Сыйлық әкеп әжеме
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін
Өйткені мен әжемді.
Өлең «Әжетайым»
Дария: Алтын әжем ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.
Динияр: Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Назгуль: Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырып әлемді.
Биші болып өскенде
Құрт пен майын жинаған,
балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Елека өлең Апа
Би Чунга-чанга
Аяна: Ардақты ана,
Аяулы ана,
Қымбаттым
Тәтті ұйқыңды
Бөліп талай
Түн қаттың
Өміріме нәрін берді
Ақ сүтін
Кең құшағын
Аясындай гүл бақтың.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
Аналар – асыл жандар
II сәбилер «ҚОШАҚАН» тобының тәрбиешісі:
Калиева Г.К
2014жыл
