Калиева Гүлжанат Канагатовна
Тақырыбы: 5-ке дейін санау, геометриялық пішіндер.
Мақсаты: 1-5 санының цифрлық таңбасымен таныстыру. 5-ке дейін санау дағдыларын бекіту. 1-ден5-ке дейін тура және кері санауға үйрету. Геометриялық пішіндерді дұрыс атап, ажырата білуге үйрету. Ойлау, елестету логикалық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
– Балалар біз бүгін қарапайым математика сабағын өткіземіз. Тақырыбы: 5-ке дейін санау; геометриялық пішіндер.
– Жылдың қай мезгілі – көктем
– І жылда неше мезгіл бар – 4
– І айда неше ай бар 12
– І аптада неше апта бар 4
– І аптада неше күн бар 7
– Атап өтейік: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
– Дұрыс. Ал балалар біз неше санға дейін санай аламыз? -5.
– Мен сендерге 1-5 дейін сандардың таңбасын көрсетемін кім барып санап береді; тура және кері.
– Жақсы.
– Ал енді д/ойын «Қай сан жоқ?»
Сурет бойынша жұмыс. Суретте не салынған қандай сан.
Келесі д/ойын «Ойлан тап»
Балалар бүгін сабаққа мен сендерге сиқырлы сандықша әкелдім, ішінде сылдырлайды, ол не екен? Кім барып көреді.
Әр бала бір бірден барып геметриялық пішіндерді алып шығады.
Бой сергіту сәті.
Ал енді балалар біз сендер 5 көлемінде санды білемін геометриялық пішіндерді білеміз осы 5 көлемінде геометриялық пішіндерден сурет құрастырамыз.
Көздерінді жұмамыз; денені бос, өздерінді еркін ұстаймыз. Көз алдарында елестетіп, мен айтқан сөздерден сурет құрастырып көріндер. Музыка әуенімен балалар тәрбиешіні тындап көз алдарына осындай суретті елестетеді.
Жерде әдемі үлкен шатырлы үй тұр. Қасында биік жасыл шырша орналасқан. Аспанда алтын күн сәулесін шашып тұр. Көздерінді ашындар. Баршаларын үстелге жайғасындар. Көз алдарына елестеткен суретті құрастырыңдар.
Балалардың сұрау. Біз не салдық.
Үй- қандай геометриялық пішіннен құралған төртбұрыш және үшбұрыш
Шырша- 3 ұшбұрыштан
Күн – дөңгелек және жан-жағы үшбұрыш.
Әр түрлі суреттерді беріп балалардан сұрау. Не салынған; Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Қорытынды: Бүгін сабақта не істедік?
– 1-5 санадық. 5-1 кері санадық, ойын ойнадық және геометриялық пішіндерден сурет салдық.
– Ал мен сендерге сыйлық дайындадым.
Жұмбақ:
Жұдырықтай қызыл шар
Тілді үйірген шырын бал. (Алма)
Балаларға алма таратылады.
КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
Ашық сабақ
Қарапайым математика
II сәбилер «Қошақан» тобы
Тәрбиеші: Калиева Г.К
Көкпекті ауылы
2014жыл
