Шешендік сөздің негізгі белгілері

Мусаева Сабира Қостайқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «М. Шаменов» ауылындағы
№34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі. Сыныбы:11
Сабақ тақырыбы: Шешендік сөздің негізгі белгілері

Жалпы мақсат: Шешендік сөздің негізгі белгілері туралы түсінік бере отырып ,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;
Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта, флипчарт,оқулық,
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, диалог. АКТ, СТО
Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Тапсырмалар: сұрақтарға жауап беру, салыстыру, дәптермен жұмыс.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды сурет арқылы «Білім .Шамшырақ» топтарына бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Шешендік және сөз мәдениеті» тақырыбын сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. «Зымыран сұрақтар» әдісі.

1-топ. – Шешендік өнер дегеніміз не?

2-топ. – Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?

1-топ. – Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?

2-топ. – Риторика ғылымының негізі тарихта елден басталған?

1-топ. – Оның алғашқы негізін салушы кім болған?

1-топ. – Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді аламыз?

IV.Жаңа сабақ. Шешендік сөздің негізгі белгілері тақырыбын «Аш, оқы, жауап бер» әдісі арқылы меңгерту. Кесте толтыру.

1-топ. Бүгінгі күнгі шешенге қойылатын талаптар

2-топ. Ата – бабалар заманындағы шешенге қойылатын талаптар

1,2-топ. «Шешендік сөз талаптары» сызбаны тақтада орындау.

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру

Қазіргі кездегі шешендік сөздің негізгі белгілері, яғни оған қойылатын талаптар, шарттар мыналар:

Ø Әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болу керек

Ø Шешендік сөздер белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыптағы әңгіме болуы керек

Ø Тыңдаушыға әсер ететін эстетикалық қасиет болуы керек

Ø Тыңдаушылардың ақыл – ойы мен еркіне ықпалын тигізіп, оларды белгілі бір іс- әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы керек

Ø Айқындық пен түсініктілік – Аристотель айтқандай, шешендіктің басты шарттарының бірі

«Шешендік шыңы» әдісі. «Монолог,диалог, полилог» деген ұғымдарды даралап көрсету.

Оқулықтағы 4- жаттығуды орындау. “Шешендік өнер және Мен” Еркін пікір сәті

Жаңа сабақты бекіту. Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері.

1-топ. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда халық жадында

сақталған. Сондықтан, олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан – ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.

2-топ. Екіншіден, шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да – халық.

«Даналық сөзден дән ізде»

1-топ Қазыбек би атамыз айтқандай: « Бір қолың ұрыста болса, екінші қолың арашашы болсын».
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме деген…
Яғни: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса
Көшінің ең соңы болады.
2-топ. Әйтеке би: Асқар тау, сенде бір мін бар –
Асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар –
Өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар –
Басқаға сөз бермейсің!
1-топ Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
– Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)

«Жылдам жауап» арқылы білімдерін сынау.

1.Шешендік өнердің негізгі бастауларын көрсетіңіз. Греция, Рим.

2.Ұлттық шешендік өнер туралы ең алғаш еңбек жазған автор кім? Әл-Фараби.

3. Тәуке хан ұйымдастыруымен қазақтың белгілі билері жүйелеген еңбекті анықтаңыз.

Жеті жарғы.

4. Шешендік сөздің отаны саналатын елді көрсетіңіз. Эллада.

5.Платонның ойларын дамытқан адам кім? Аристотель.

6.Қазақ шешендік өнерінің ХІ-ХІІ ғасырларындағы өкілдері кімдер? Майқы би, Аяз би.

7.Академиялық шешендікке тән стиль түрлері қандай? Ғылыми, ресми, публистистикалық.

Үйге тапсырма

1) “Шешендік сөздің негізгі белгілері” тақырыбында іздену жұмысы.

2) Шешен – билердің сөздерін жаттау.

3) «Шешен тіл шешер сан істі» тақырыбында шағын шығарма жазу.

VI. Бағалау .
Өзін өзі бағалау.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикер арқылы жеткізу.

р\с Аты- жөні Үй тапсырмасы «Зымыран сұрақтар» Кесте толтыру «Шешендік шыңы» “Шешендік өнер және Мен” «Даналық сөзден дән ізде» Тест Қорытынды
1
2
3
4

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше