Тарих пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде өткізілет ін тест түрлері.

Дана Ержановна <danochka_erasyl@mail.ru>
Кому: 45minut.kz@mail.ru

Дата: Mon, 15 Sep 2014 22:15:27 +0400
Тема: Тарих пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде өткізілетін тест түрлері.

Тарих пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде өткізілетін тест түрлері.

Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңінде тарих пәнінің оқытылуы айтарлықтай қиыншылықтар туғызып отыр. Сондықтан тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтетін және толықтыратын қосымша материалды кең қолдану арқылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруға тиіс. Осы міндеттермен талаптарды мұғалім сабақ барысында қолданып, баланың білімдік және біліктілік дағдыларын қалыптастыра алады.
Тарих пәнін оқытудың басты міндеті – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.
Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлау білуі мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.
Оқушылардың танымдық қабілетін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда тест әдістерін қолдану басты рөлдердің бірі болып саналады. Оқушылар білімін тексеруге арналған тест жүйесі белгілі бір тақырыпты не тарауды қорытындылау не пысықтау кезінде жүзеге асырылады. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – оқушыны қорытынды аттестаттау формасы болып табылатындықтан, оған оқушыларды дайындау бүгінгі күннің басты талабы болып есептеледі.

Әзірлеген баяндамамның мақсаты – бүгінгі күнде педагогикада қолданылатын тест түрлерімен таныстыру және өзімнің оларды тарих сабағында пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісу. Мұнда тест түрлеріне жалпы шолу және 6 сынып курсы бойынша Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындық кезінде өзім қолданатын тест тапсырмаларының үлгілері берілген.

Тест тапсырмаларының типтері мен түрлері.

Тест тапсырмаларының формасы олардың мазмұны мен тестілеу мақсатына байланысты болады. Бүгінгі күнде педагогикада кез келген пән бойынша тест тапсырмаларын құрастырудың негізі болып табылатын тест тапсырмаларының негізгі төрт формасы қалыптасқан.

1. Дұрыс жауап (жауаптар) таңдауы бар тапсырмалардың жабық формасы.

2. Дұрыс сәйкестілікті анықтауға бағытталған тапсырма.

3. Ашық формалы тапсырмалар (толықтырулары бар) – жауабын оқу өзі арнайы орынға жазады. Толықтырған соң оқушы дұрыс немесе қате жауабын алады.

4. Дұрыс бірізділікті анықтауға бағытталған тапсырмалар: әрекет, операция, есептеу т.б.

1 сызба. Тест тапсырмаларының типтері мен түрлері.

Тест тапсырмалары

Ашық типті Жабық типті

Толықтыру Еркін баяндау Баламалы жауаптары бар

Сәйкестікті орнату

Көптің ішінен таңдау

Бірізділікті орнату

Ашық типті тапсырмалар екі түрлі болады – толықтыру және еркін баяндау тапсырмалары. Мұндай тапсырмалардың ерекшелігі – оларды орындау үшін оқушы бір немесе бірнеше сөз (сан, әріп, сөз тіркесі, сөйлем) жазуы тиіс.

Жабық типті тапсырмалар (баламалы жауаптары бар, көп ішінен таңдау, сәйкестікті орнату және бірізділікті орнату) берілген сұраққа түрлі жауап нұсқаларын таңдау мүмкіндігі бар: ұсынылған бірнеше жауаптар ішінен бір немене одан да көп дұрыс жауаптар таңдап алынады, тізімнің ішінен дұрыс (немесе қате) элементтер алынады т.с.с. Бұл тапсырмалар қойылған сұраққа алдын ала дайындалған бірнеше жауаптардың болуын қажет етеді.

Жабық типті тапсырмалар.

1.Баламалы жауаптар тапсырмалары.

Баламалы жауаптардың әрбір тапсырмасына тек екі жауап нұсқасы беріледі. Тест өтуші біреуін таңдауы тиіс – «иә», «жоқ» немесе «дұрыс», «қате» т.с.с.

Тапсырма формасы

Тапсырма мәтіні (сұрақ) Жауабы
1 тұжырым Иә Жоқ
2 тұжырым Иә Жоқ
3 тұжырым Иә Жоқ
… … …

Баламалы жауаптар тапсырмасына арналған нұсқаулық: Сізге өзіңіз дұрыс санайтын жауаптың бір нұсқасын таңдап алу қажет.

Баламалы жауаптар тапсырмалары көбінесе күрделі анықтамаларды игеру деңгейін, біршама күрделі графиктер, диаграммалар, сызбаларды білуін анықтау үшін қолайлы.

Баламалы жауаптар тапсырмаларының ерекшелігі – мұндағы сұрақ тұжырым ретінде қойылуы тиіс, себебі, жауап келісуді немесе келіспеуді білдіреді.

Мысал.

Нұсқаулық: өзіңіз дұрыс деп санайтын жауап нұсқасын таңдап алыңыз.

Сұрақ: Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей ме?

Жауап нұсқалары:

– Иә

– Жоқ

Жауап: иә.

2.Көп ішінен таңдау тапсырмалары.

Бұл нәтиже тесттерінде қолданылатын тапсырмалардың негізгі түрі. Көп ішінен таңдау тапсырмалары таңдау нұсқаларының болуын меңзейді. Тестті орындаушы ұсынылған жауаптың ішінен біреуін таңдауы тиіс, көбінесе олардың біреуі ғана дұрыс болады.

Көп ішінен таңдау тапсырмаларын ұсыну формасы:

Сұрақ (тұжырым):

А) 1 жауап нұсқасы

В) 2 жауап нұсқасы

С) 3 жауап нұсқасы

Д) 4 жауап нұсқасы

Е) 5 жауап нұсқасы

Көп ішінен таңдау тапсырмаларына арналған нұсқаулық: Дұрыс жауап нұсқасына сәйкес келетін әріпті (әріптерді) таңдаңыз.

Мысал 1.

Нұсқаулық: дұрыс жауап нұсқасына сәйкес келетін әріпті таңдаңыз.

Сұрақ: қазақтардың патша үкіметіне қарсы 1783-1797 ж.ж. болған ұлт-азаттық көтерілісін басқарған қолбасшы:

Жауап нұсқалары:

А) К.Қасымұлы

В) С.Датұлы

С) М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы

Д) Есет Көтібарұлы

Е) Тентектөре

Дұрыс жауабы: В)

Мысал 2.

Нұсқаулық: дұрыс жауап нұсқасына сәйкес келетін әріптерді таңдаңыз.

Сұрақ: XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларын атаңыз:

А) К.Қасымұлы

В) Әмір Темір

С) С.Датұлы

Д) Қ.Рысқұлбеков

Е) А.Иманов

F) Есет Көтібарұлы

G) Тентектөре

H) М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы

Дұрыс жауаптар: А, С, F, H.

3.Сәйкестікті орнатуға арналған тапсырмалар.

Мұндай типті тапсырмаларға екі тізім, екі қатар элементтерінің арасында сәйкестікті орнату тапсырмалары жатады.

Сәйкестікті орнату тапсырмаларын ұсыну формасы:

Нұсқаулық: 1 және 2 бағанда жазылғандарды сәйкестендіріңдер.

Сұрақ:

Жауап нұсқалары:

1 баған 2 баған
А 1
В 2
С 3
Д 4
Е 5

Мысал.

Нұсқаулық: 1 және 2 бағанда жазылғандарды сәйкестендіріңдер.

Сұрақ: Қазақстан жерінде ертеде мекендеген тайпалық одақтарды билеушілерінің титулымен сәйкестендіріңдер:

Жауап нұсқалары:

1 баған 2 баған
А) Сақтар 1) шаньюй
В) Үйсіндер 2) көсем
С) Қаңлылар 3) гуньмо
Д) Ғұндар 4) хан
Е) Сарматтар 5) патша

Дұрыс жауаптар: А-5, В-3, С-4, Д-1, Е-2

Мұндай түрдегі тапсырмалардың басты артықшылығы – нақты ғылым саласындағы білім, білік, дағдыларды жылдам бағалау және тесттегі тапсырмалардың үнемді орналасуында.

4.Бірізділікті орнатуға арналған тапсырмалар.

Бұл тапсырмаларға бір қатарда аралас берілген мәліметтерді сәйкесінше алғашқысынан соңғысына қарай немесе бұрынғысынан кейінгісіне қарай орналастыруға арналған тапсырмалар жатады. Мұндай тапсырмалар – тест түріндегі тапсырмалардың өте сапалы формасы, оның артықшылықтары қысқалығы, тексерудің оңайлығы.

Тапсырма.

Нұсқаулық: дұрыс бірізділікте орналастыр.

Сұрақ.

Жауап нұсқалары.

1. А

2. В

3. С

Бірнеше мысал келтірейік:

Мысал:

Нұсқаулық: дұрыс бірізділікте орналастыр.

Сұрақ: мына оқиғаларды ең ертесінен бастап кешіне қарай орналастыр.

Жауап нұсқалары:

1 баған 2 баған
1- А) Кіші жүздің Ресейге қосылуы
2- В) Тәуке ханның өлімі
3- С) Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның басталуы
4- Д) Бұланты шайқасы
5- Е) Аңырақай шайқасы

Жауабы: 1-В, 2-С, 3-Д, 4-Е, 5-А.

Жабық типті тапсырмалардың артықшылықтары:

– Тапсырмалар сенімді болады, себебі, сенімділікті төмендететін субъективті бағалаумен байланысты факторлар жоқ;

– Тапсырмаларды бағалау толығымен объективті: әр түрлі тексерушілердің бағаларының арасында айырмашылық жоқ;

– Тест тапсырушылардың жауаптарды жақсы құрай білу қабілеті ескерілмейді;

– Мұндай типтегі тапсырмалар жылдам өңделеді, тестілеу жылдам өткізіледі;

– Толтырудың қарапайым алгоритмі кездейсоқ қателердің санын азайтады;

– Бұл тапсырмалар білімнің көп көлемін қамтиды, бұл тест үшін ерекше маңызды;

– Жауаптарды техникалық құралдармен өңдеу мүмкіндігі;

– Дұрыс жауаптарды болжап білудің төмен ықтималдығы.

Ашық типті тапсырмалар.

Бұларға екі түрлі тапсырмалар жатады:

1) Толықтыру (жауаптары шектеулі тапсырмалар). Бұл

тапсырмаларда тест тапсырушылар сұрақтарға жауапты өздігінен береді, бірақ олардың мүмкіндіктері шектеулі.

Толықтыру тапсырмасына арналған нұсқаулық: көп

нүктенің орнына тек бір сөзді (символды, белгіні) жаз.

Мысал:

Сұрақ: орта ғасырлық қалалардағы үйлерде орнатылған канализацияның қарапайым түрі ….

Жауабы: ташнау.

2) Еркін баяндау немесе еркін құрастыру. Бұл тест

тапсырушылардың сұрақтарға еркін жауап беруін білдіреді. Жауаптарға шектеу қойылмайды. Алайда тапсырмалардың құрылымы тек бір дұрыс жауапты қамтамасыз ету керек.

Еркін баяндау тапсырмасына мысал.

Нұсқаулық: сөйлемді аяқтаңыз.

Сұрақ: бір мемлекет ішінде бір ел азаматтарының билік үшін соғысы бұл – ….

Жауабы: азамат соғысы.

Бұл тапсырмаларды пайдаланудағы қиындықтар жауаптарды құрастыру, бағалау схемаларын дайындау қажеттілігі, өткізуге көп уақыт қажет етуімен байланысты.

Ашық түрдегі тапсырмаларды құрастырғандағы негізгі қиындық – тест тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптарды сақтау (бір дұрыс жауаптың болуы).

Дұрыс құрастырылған толықтыру және еркін баяндау тапсырмаларының артықшылықтары:

1) Жауабын болжап табу мүмкіндігінің жоқтығы;

2) Жауаптардың қысқалығы және бір мағыналығы;

3) Жауапты есінде қайта жаңғырту қажеттігінің болуы;

4) Жауаптың бірнеше нұсқасын іздеудің қажет болмауы;

5) Сұрақ құрылымының қарапайымдылығы;

6) Тексерудің қарапайымдылығы.

Ежелгі Қазақстан тарихынан Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындық барысында өткізілетін тестілер үлгілері.

1 тақырып: Ежелгі адамдар өмірі. Тас дәуірі.

1.Баламалы жауаптар тапсырмалары.

Сұрақ Жауап
1. Ежелгі адамдар Африкада пайда болды ма? Иә Жоқ
2. Ғалымдар ең ежелгі адамды кроманьон адамы деп атай ма? Иә Жоқ
3.Питекантроп Ява аралынан табылды ма? Иә Жоқ
4.Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі аңшылық пен терімшілік. Иә Жоқ
5.Синантроп Қытайдан табылды. Иә Жоқ
6.Ерте тас ғасыры – мезолит. Иә Жоқ
7.Орта тас ғасыры – неолит. Иә Жоқ
8.Қазақстандағы алғашқы адамның іздері Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасынан табылды. Иә Жоқ
9.Ежелгі тас ғасыры – палеолит. Иә Жоқ
10.Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – бет-әлпетінде. Иә Жоқ

2.Көп ішінен таңдау тапсырмалары.

Тас дәуірі.

1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі?

А) қола дәуірі В) тас дәуірі С) темір дәуірі

D) мысты-тас дәуірі Е) орта тас дәуірі

2. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі:

А) егіншілік В) балық аулау С) терімшілік D) мал шаруашылығы Е) тігін

3. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары:

А) үңгірлер В) күркелер С) ағаш үйлер D) шалаштар Е) киіз үйлер

4. Адамның шыққан отаны:

А) Америка В) Африка С) Антарктида D) Европа Е) Евразия

5. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі:

А) тайпа В) тобыр С) рулық D) отбасы Е) көршілік

6. Қазақстанда ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы:

А) Орталық Қазақстан В) Солтүстік Қазақстан С) Оңтүстік Қазақстан

D) Батыс Қазақстан Е) Шығыс Қазақстан

7. Ғалымдардың ең ежелгі адамдардың атауы:

А) саналы адам В) епті адам С) тік жүретін адам

D) маймыл тектес адам Е) қытай адамы

8. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары:

А) қой мен жылқы В) сиыр С) аю мен қасқыр D) мамонт пен бизон Е) түйе

9. Епті адам қайдан табылған?

А) Ява аралынан В) Қытайдан С) Кениядан D) Франциядан Е) Кубадан

10. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі:

А) рулық В) отбасылық С) тайпалық D) көршілік Е) қауымдық

3.Сәйкестікті орнатуға арналған тапсырмалар.

1) Ежелгі адамдарды табылған жерлерімен сәйкестендір.

Адам Қайдан табылды
1) Австралопитек 1) Франция
2) Питекантроп 2) Қытай
3) Синантроп 3) Германия
4) Неандерталь 4) Кения
5) Кроманьон 5) Ява аралы

2) Ежелгі адамдарды өмір сүрген кезеңімен сәйкестендір.

Адам Осыдан қанша мың жыл бұрын өмір сүрді
1)Австралопитек 1) 100-35 мың жыл бұрын
2) Питекантроп 2) 40-35 мың жыл бұрын
3) Синантроп 3) 1 млн 750 мың жыл бұрын
4) Неандерталь 4) 1 млн жыл бұрын
5) Кроманьон 5) 500-200 мың жыл бұрын

3)Тас дәуірінің хронологиясын сәйкестендір.

Дәуір атауы Хронологиясы
1) Палеолит 1) Б.з.б. 5-3 м.ж.
2) Мезолит 2) Б.з.б. 3000-2800 м.ж.
3) Неолит 3) Б.з.б. 2,5 млн-12 м.ж.
4) Энеолит 4) Б.з.б. 12-5 м.ж.

4)Тас дәуірі кезеңдерін оларда пайда болған еңбек құралдарымен сәйкестендір.

Дәуір Еңбек құралдары
1) Палеолит 1) Садақ пен жебе, микролит, ине, жіп, дән үккіш, орақ
2) Мезолит 2) Жебе ұштары, тілікшелер, жаңқалар, нуклеус
3) Неолит 3) Бифас, пышақ, қырғыш, үшкір тас

5)Тас дәуірі кезеңдерін әрқайсысында болған жаңалықтарымен сәйкестендір.

Дәуір Жаңалықтар
1) Палеолит 1) Мата тоқу, киім тігу, өндіргіш еңбек, кен кәсібі, қыш құмыра жасау (керамика)
2) Мезолит 2) Мыс өңдеу, еңбек бөлінісі, аталық ру үстемдігі
3) Неолит 3) Жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдарды өсіру
4) Энеолит 4) Адамдар тобыры, отты пайдалану

6)Тас дәуірі кезеңдерін археологиялық ескерткіштерімен сәйкестендір.

Дәуір Археологиялық ескерткіштер
1)Палеолит 1) Есіл
2)Мезолит 2) Шақпақата, Арыстанды, Семізбұғы,
3)Неолит 3) Ботай, Шебір
4)Энеолит 4) Усть-Нарым, Зеленая Балка, Қарағанды, Пеньки, Сексеуіл

7)Неолиттік тұрақтарды табылған жерлерімен сәйкестендір.

Территория Археологиялық ескерткіштер
1) Шығыс Қазақстан 1) Сексеуіл
2) Орталық Қазақстан 2) Усть-Нарым
3) Солтүстік Қазақстан 3) Қарағанды, Зеленая Балка
4) Қызылорда облысы 4) Пеньки

8)Ертедегі адамдардың діни түсініктерін анықтамаларына сәйкес

орналастыр.

1) Тотемизм 1) Тасқа түсірілген хат-суреттер
2) Пиктография 2) Қанның жанмен байланыстылығы
3) Анимизм 3) Әр түрлі тылсым әрекеттер жасау
4) Магиялық әрекеттер 4) Адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру

4.Бірізділікті орнатуға арналған тапсырмалар.

1)Ежелгі адамдарды алғашқысынан соңғысына қарай

орналастыр.

Неандерталь
Синантроп
Питекантроп
Кроманьон
Австралопитек

2)Тас дәуірінің хронологиясын ертесінен соңғысына қарай

орналастыр.

Мезолит
Энеолит
Палеолит
Неолит

Ойын «Орнын тап». Төмендегі адасып кеткен түсініктерді өз орындарына орналастыр.

Дән үккіш, бумеранг, адамдар тобыры, отты пайдалану, Шақпақата, б.з.б. 2,5 млн-12 м.ж., мұз басу, садақ пен жебе, питекантроп, инициация, Пеньки, б.з.б 12-5 м.ж., егіншілік, көзе, микролит, австралопитек, Шебір, мыс, б.з.б. 3000-2800 м.ж., Усть-Нарым, Ботай, Қарағанды, Сексеуіл, қыш құмыра жасау (керамика), өте көп жылқы сүйектері, Батпақ, б.з.б. 5-3 м.ж., жануарларды қолға үйрету, Семізбұғы, дәнді дақылдарды өсіру , Зеленая Балка, 158 тұрғын үй, 20 тұрақ, еңбек бөлінісі және аталық ру үстемдігі, 500 тұрақ.

Палеолит Мезолит Неолит Энеолит

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше