Жай сандар және құрама сандар

ШҚО,Үржар ауданы,Ақшоқы ауылы

“Ақшоқы орта мектеп- балабақша” КММ -нің

математика пәні мұғалімі

Джилкишина Айгерим Кыдырканқызы

5 сынып математика

Сабақтың тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік мақсаты: Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету

1. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу

2. Дамыту мақсаты: Танымдымдық қызығушылықты дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Жай сандардың кестесін пайдалану

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

Сұрақтар:

1) 9 санына еселік сандар 3 санына еселік бола ма?

2) 100 алманы 3 жәшікке тең етіп салсаң, неше алма артық қалады?

3) 10 асықты 3 балаға тең бөліп берең, неше алма артық қалады?

№245 9 санына еселік санды жазу керек:

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1) 1-ге және өзіне бөлінетін натуралсандарды жай сандар деп атаймыз

Мысалы: 13 және 101 – жай сандар

13 санының бөлгіштері: 1 және 13

101 санының бөлгіштері: 1 және 101

Ең кіші жай сан – 2 саны.

2 саннан басқа жай сандардың барлығы тақ сандар, сонда 2 саны ғана жұп сан

Жай сан шексіз көп.

2) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.

Натурал сан Бөлгіштері Бөлгіштер саны
35

41

26

11

1

18

1,5,7,35

1,41

1,2,13,26

1,11

1

1,2,3,6,9,18

4

2

4

2

1

6

Кестедегі 35,26,18 сандары құрама сандар.

Мысалы, 8 саны құрама сан, бөлгіштері 1,2,4,8

24 саны құрама сан, бөлгіштері 1,2,3,4,6,8,12,24

3) Натурал сан 1-дің бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі – 1 саны.

1 саны жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды.

Сыныпта шығарылатын есептер:

І-деңгей №258,260,262,264, ІІ-деңгей №266,268,270, ІІІ-деңгей № 274,276

шығармашылық деңгей қиындығы жоғары есептер .

І деңгей

№258

жай сандар:17,23,31,97

құрама сандар:28,36,70,96,120,185,207

№260

№262

Жай сандар қатарындағы екі тізбектес және айырмасы 2-ге тең сандар егіз сандар деп аталады.

Мысалы, 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13 сандары егіз сандар.

Жай сандар кестесін пайдаланып, 1- ден 100-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар:

17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43, 71 мен 73 сандары егіз сандар.

№264

Байыржан 5 дәптер мен 2 альбом үшін 130 теңге төледі.

Меруерт сондай 3 дәптер мен 2 альбом үшін 114 теңге төледі.

Дәптер мен альбом неше теңге тұрады?

дәптер – х

альбом – у

5х+2у=130

3х+2у=114 Бір-бірінен шегереміз. Сонда 2х=16, х=8

2у=130-5*8

2у=130-40

2у=90

у=45

жауабы: дәртер 8 теңге, ал альбом 45 теңге тұрады.

ІІ деңгей

№266 жай сандарды кему ретімен: 79,53,47,19

құрама сандарды өсу ретімен: 62,99,121,129

№268 Мына сандарды екі жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу керек:

22=2*11, 35=5*7, 77=7*11, 65=5*13, 69=3*23, 119=7*17

№270 Дүние жүзіндегі екінші ұстаз , қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби отырарда дүниеге келіп, 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген. Неше жай сандар бар?

877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947 сонымен 11 жай сан бар екен.

ІІІ деңгей

№274

№276

Оқушыларды бағалау

Сабақты бекіту: Жай сандар мен құрама сандарды оқушылардан сұрап, қайталатып бекіту.

Үй тапсырмасы:

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше