XXI ғасыр көшбасшысы
ШҚО,Үржар ауданы,Ақшоқы ауылы
“Ақшоқы орта мектеп- балабақша” КММ -нің
математика пәні мұғалімі
Джилкишина Айгерим Кыдырканқызы
Тақырыбы:XXI ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:
• Білімділік:Оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.
• Дамытушылық:Ғылымға,білімге құштарлықтарын арттыру.
• Тәрбиелік:Топта бірлесе жұмыс жасау,ға,жылдам ойлауға, тез шешім қабылдауға баулу.
• Логикалық танымдарын дамыту.
«Арифметика -математиканың, ал математика- ғылымдардың патшасы».
(К.Гаусс
Бүгінгі кеш төрінде, нақты ғылым елінде,
Есеп шешіп жарысып, шабыттасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық, жұмбақ шерді шашайық,
Ат салысып аянбай, бар білімді қосайық
Сайыстың шарттары:
(Әр 3 тур сайын төмен ұпай жинаған топ сайыстан шығады)
«Сәлем- сөздің анасы» топтардың таныстыруы.
«Қабырға газеттерін қорғау»
1. тур«Сұрақ-бізден, жауап- сізден» викториналық сұрақтар
2. тур«Қас қағым сәт» физикалық, информатикалық және математикалық құралдардың суретіне қарап, есте сақтау.
3. тур«Кім көп біледі?» ИФМ термин сөздері сайысы
4. тур«Тапқыр болсаң, тауып көр..» логика әлемі
5. тур«Ғажайып ұяшық» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
6. тур «Мақал-сөздің мәйегі» суретке байланысты мақал құрастыру
7. тур«Сөйлемді жалғастыр» ойыны
8. тур«Тест тапсырмалары»
І-тур
«Сұрақ-бізден, жауап-сізден..» ( викториналық 5 сұрақ)
(Әр топқа викториналық сұрақтар беріледі)
ІІ-тур
«ҚАС ҚАҒЫМ СӘТ..» ( Байқағыштық қасиетіңіз қандай?)
(Интерактивті тақтада Математика, Информатика, Физика пәндеріне байлаысты суреттер беріледі әр топ сол суреттерді көріп есте сақтап, жазу керек.Көп жазған топқа жоғары балл беріледі)
ІІІ-тур
«КІМ КӨП БІЛЕДІ..» ( СОҢҒЫ ТУР:БЕРІЛГЕН ӘРІП БОЙЫНША
ИФМ ТЕРМИН СӨЗДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ-45 сек.)
«Логика-ойды өзара байланыстыратын және реттейтін өнер».
Г.Лейбниц
VІ-тур
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР..» ( ЛОГИКА ӘЛЕМІ)
1.Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын
жануар қалай аталады?
Жауабы: Мысық
2.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
(слайдтан бірнеше логикалық сұрақтар қойылады)
V-тур
«ҒАЖАЙЫП ҰЯШЫҚ..» ( ӘР ТОП ҰЯШЫҚТАРДАҒЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ)
VІ-тур
«МАҚАЛ-СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ..» ( СОҢҒЫ ТУР:СУРЕТКЕ ҚАРАП, МАҚАЛ- МӘТЕЛ ҚҰРАСТЫРУ
VІІ-тур
«ОЙЫМДЫ ЖАЛҒАСТЫР..»(ӘР ТОП САНДАР ЖИЫНЫ БАР СӨЙЛЕМДЕРДІ ЖЫЛДАМ ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК)
«Ойымды жалғастыр» сайысы:
1. 7жұрттың тілін біл…
2. Білекті 1-ді жығар…
3. 2 жақсы қас болмас…
4. Досыңды 3 күн сынама…
5. 1 елі ауызға –
6. 100 сомың болғанша…
7.30 тістен шыққан сөз…
8. Білгенің 1 тоғыз…
VІІІ-тур
«ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ..» (ДҰРЫС НҰСҚАСЫН КӨРСЕТЕДІ)
“МАТЕМАТИКАМЕН БАЛА КҮНІНЕН АЙНАЛЫСҚАН АДАМДАР ӨЗІНІҢ ІЛТИПАТЫН ДАМЫТАДЫ, МИЫ МЕН ЕРКІН ЖАТТЫҚТЫРАДЫ, КӨЗДЕГЕН МАҚСАТЫНА ЖЕТКІЗЕТІН ЖІГЕР МЕН ТАБАНДЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ”
А.И.Маркушевич
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар, осыменен
ИНФОРМАТИКА,ФИЗИКА,МАТЕМАТИКА
апталығы тәмамдалды
(Әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарады).
