Көкөніс түрлері және көкөністен бутерброд жасау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы М.Тәжин атындағы орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі Мусаева Бану Кенжалықызы
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс түрлері және көкөністен бутерброд жасау.
Сабақтың мақсаты : Білімділік– Оқушыларға көкөніс және бутерброд туралы түсінік беріп ,
олардың маңызы , пайдасы ,қолдану ерекшеліктерінен
мағлұмат беру. Бутерброд жасауды үйрету.
Дамытушылық–еңбекті ұйымдастыра отырып ,олардың шығармашылық,
ізденімпаздық , ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік– іскерлікке ,шеберлікке ,ұқыптылыққа тәрбиелеу , өз бетінше
бутерброд жасауға үйрету.
Сабақтың типі: біліммен іскерлікке үйрету
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-илюстративті , сұрақ-жауап, салыстыру, баяндау т.б
Пәнаралық байланыс: өсімдіктану, география
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта , тест, нұсқау картасы, бүктеме т.б
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Санитарлық- гигиеналық талап
2. Асханалық ыдыстар мен құралдар
Балама тест. Жауап «Ия» немесе «Жоқ » деп беріледі.
1. «Технология» ежелгі грек сөзінен шыққан
2. Кешкі асты жатардан 1 сағат бұрын жеу керек
3. Ыстық тағам 50-60градус , салқын тағам 10 градустан төмен болмауы тиіс.
4. Асханалық ыдыстар қызметіне қарай 5-ке бөлінеді
5. Асханалық құралдар 3-ке бөлінеді
6. Ас қасық пен шәй қасық көмекші құралдарға жатады
7. Ожау мен кондитерлік қысқыш негзгі құралдарға жатады
8. Сорпа құятын қақпақты ыдыс І тағамды ұсынуға арналған
9. Шәйнек пен кеселер ІІ тағамды ұсынуға арналған
10. Сулықтарды қатты қағаздан жасайды.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
«Көкөніс түрлері және көкөністен бутерброд жасау»
1. Көкөністің маңызы мен пайдасы туралы қысқаша айтып өтемін
-Адам организміне қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді.Оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы өте мол. Себебі олар әртүрлі дәрумендерге бай, қайнар көзі болып табылады.
Дәрумендердің жетіспеушілігінен адамдарда әртүрлі аурулар иайда болады.Біздің елімізде көкөністердің көптеген түрлері өсіріледі.Көкөністер өздігінше тағам ретінде немесе гарнир ретінде ұсынылады.
Көкөністер мынадай топтарға бөлінеді
Тамыр жемісті/ Сәбіз , шалғам Қызылша,Шалқан,Аскөк,Желкөк,сельдерей/
Түйнекті- картоп
Орамжапырақты /Аққаудан,Қызылбас,Савойлық,Кольраби,брюссельдік/
Жемісті көкөністер:
Асқабақты: асқабақ,патиссон,кәді , қияр,қарбыз,қауын
Томатты: қызанақ,баклажан,бұрыш
Ірі бұршақты: ірі бұршақ,бұршақ,үрме бұршақ
Дәнді:қант,жүгері
Жапырақты: салат,саумалдақ,қымыздық,қалақай
Пиязды: бас пияз,жасыл пияз,порей пияз,сарымсақ
Енді көп тараған көкөністерге тоқталайық
1.Аққаудан орамжапырық-грекше «капут» – бас деген сөзден шыққан. І,ІІ –ші тағамдарда қолданылады, дәрумендер мен минералдық заттарға бай.
2.Сәбіз-каротин көзі, көптеген ауруларға ем / жұқпалы, көзге, ағзаның өсіп жетілуіне , іш қатқанда, бүйрек, жүрек , суық тигенде, балаларға т.б/
3.Қызылша-жапырақтарында белок болады, салатқа, сорпаға пайдалынылады.Құрамында кальций көп, жүйке жүйесін реттейді.
4.Қияр-95 % су. Асқазанға пайдалы, семіздікке қарсы қолданылады.Салатта.рдан басқа тұздалған, маринадталған күйінде пайдаланады.
5.Қызынақ-каротин, В тобындағы дәрумендер көп, кальций тұзы жеткілікті.Ішек қызметін жақсартады.
6.Тәтті бұрыш- аскорбин қышқылы жөнінен І орын алады.Көкөністерді тұздағанда , тұздықтарда қолданылады
7.Асқабақ- ем ретінде әртүрлі тағамдар, тосап, шырын дайындайды.
8.Пияз- «Пияздан барлық аурулар қашады» деген мәтел бар.Пияздың бактерицидтік қасиеттері гайморит , бронхит, тыныс жолы ауруларына ем.Көптеген тағамдарға қосылады.
9.Сарымсақ-тағамдарға ашқылтым дәм береді, көкөністерді консервілеу кезінде қолданылады.
10.Картоп-«екінші нан» деп аталады.Құрамында крахмалы көп. Дұрыс сақталмаса солонин көбейіп кетеді.
Көкөністен бутерброд дайындаудың технологиялық картасы.
| № | Орындалатын жұмыс | Керекті заттар |
| 1
2 3 4 5 6 7 8 |
Бутербродқа қажетті заттарды дайындау
Көкөністерді тазарту, қабығын аршу Нанды турау Көкөністерді үккіштен өткізу Араластыру Дәмдік заттар қосу Нанның бетіне жағу Әсемдеу, дастарханға қою |
Көкөністер, нан, ыдыстар, дәмдік заттар
Пышақ, ыдыс, тақтай Пышақ, ыдыс, тақтай Үккіш, ыдыс Ыдыс , тұз, қасық Майонез, сарымсақ Пышақ, қасық Бұршақ, тарелке |
Бұдан кейін сарамандық жұмыс жүргіземіз.
ІV. Сарамандық жұмыс
1. Техникалық-қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
2. Қажетті құралдар: көкөніс, нан, пышақ, тақтай, үккіш, тарелке т.б
3. Жұмыс орнын дайындау, оқушыларға жұмыс бөліп беру
4. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау, бағыт-бағдар беру
5. Олардың жұмыстарын бақылай жүріп, сұрақтарына жауап беру
6. Жасаған жұмыстарын тексеріп бағалау.
V. Сабақты қорытындылып , үйге тапсырма беру
1. Орындаған жұмыстың нұсқау картасын толтырып келу
2. Көкөністер тақырыбына мәнжазба немесе бүктеме дайындау.
Құрметпен,
Бану Мусаева
banu.musaieva@mail.ru
