Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбаев « Араша»
Елеусинова Шынар Амантаевна
Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбаев « Араша»
Сабақтың мақсаты:Білімділігі:«Араша» өлеңін оқып түсіндіру.Қара сөзбен әңгімелеуге үйрету,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру;
Дамытушылығы:Негізгі идеяларды суреттей отырып,оқушылардың белсенділігін шығармашылық қабілеттерін дамыту.Жаңа технологияны интерактивті тақтаны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру;
Тәрбиелілігі:Тақырыптың өзектілігін негіз ете отырып,шындыққа,адалдыққа,адам бойындағы жақсы қасиеттерге үйретіп,жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: дүние тану, бейнелеу
