Қазіргі шағын жинақталған мектептерде математи ка пәнін оқытуды ұйымдастыру.
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин селосы,
Мичурин орта мектебінің математика пәнінің
мұғалімі Алимова Ақгүл Едіресқызы
Қазіргі шағын жинақталған мектептерде
математика пәнін оқытуды ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта, яғни ақпараттық технология заманында, жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр. Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерлердегі бала саны салыстыруға да келмейтін шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та бір, әрине, әр істің өз қиындығы, сонымен бірге артықшылығы, жалпы айтқанда кез келген жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді осы салада үзбей жұмыс атқарып жүрген, өз істеріне шын берілген, тәжірибе жинақтаған мамандар ғана біле алады.
Шағын жинақталған мектептер негізінен келешегі бұлыңғыр, қазіргі таңда бала санына ғана байланысты ауыл мектептері екені белгілі. Осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер толып жатыр. Атап айтсақ, оқу бағдарламасын қазіргі заман талаптарына сай іске асыру.
Алдымен шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық:
· Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі сынып біріктіріледі
· Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек.
· Сабақтың құрылымы өзгертіледі.
Аталмыш мәселелер оқушылардың білімді қабылдауына біршама нұқсан келтіреді. Олай деуімнің себебі бар:
Біріншіден, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың даму ерекшеліктері, мінез-құлықтарының қалыптасу мерзімі ескерілмейді. Бір сыныптың оқушылары өте белсенді, өздігінен жұмыс жасаулары қиындық тудыратын болса, келесі сыныптың оқушылары тым селсоқ, немесе ұяң. Мұндай балалар белгілі бір уақыт аралығында үнемі жеке жұмысты қажет етеді. Кейде жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде түрлі сауалдармен кедергі келтіруі мүмкін.
Екіншіден, назары ауып, көңілдерінің бөлінуі. Бір сынып бөлмесінде отырғандықтан, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде өзіндік тапсырма алып, жұмыс жасап отырған басқа сынып оқушысының еріксіз көңілі бөлініп, назары басқаға ауады. Мұғалім тақта алдында, бар сыныптың назарын өзіне аударатындай қалыпта дауыстап жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде қайтіп сыныпта отырған балалардың назары аумайды? Нәтижесінде бала ойын жүйеге келтіре алмай қиналуы мүмкін.
Үшіншіден, үлгерімі төмен оқушылар мұғалім назарынан тыс қалуы ықтимал. Өйткені екі түрлі сыныпқа, екі түрлі тақырып бойынша сабақ беріп тұрған мұғалімнің уақыты шектеулі, ол үй жұмысын тексеріп, оқушының өткен тақырып бойынша нені ұғып, нені ұқпағанын біліп, көмек көрсетіп, жаңа тақырып түсіндіріп, бекіту жұмыстарын өткізіп, бағалап, үй жұмысын түсіндіріп үлгеруі керек емес пе!
Төртіншіден, психологиялық, эмоционалдық қиыншылық. Бір сабаққа біріктірілген екі сыныпта бір үйдің екі баласы оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалардың бірі психологиялық күйзеліске түсу қаупі бар: нашар оқитын бауырының кемшіліктері, қателері үшін ұялып, үнемі қорқыныш үстінде отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бала өзге түгіл өзінің не оқып, не қойғанын білмей қалары сөзсіз.
Бесіншіден, әртүрлі жастағы екі түрлі сынып-кешендерде жеке пәндерді оқытудың арнайы әдістемесі жоқ және сынып-кешендерде жұмыс істей алатын педагогикалық мамандардың сандық-сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген. Жаңа келген жас маман жоғары оқу орнында оқығанда мұндай жағдайдан бейхабар болып келеді, яғни бірден екі сыныпқа қатар сабақ беруді, жоспарлауды оларға ешкім үйретпейді. Өздігінен үйреніп, әдістенгенше уақыт өтеді, оқушылардың білім алуына міндетті түрде қиыншылық пайда болады. Мысалы, 5 сынып оқушыларының адаптация кезеңі болады: бала жаңа мұғалімге үйренумен қатар басқа сынып оқушыларына да үйренуі керек. Бұл жағдай бала үшін өте қиын.
Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің жақсы жақтары да баршылық:
1)Оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс-әрекеті мұғалім назарында болады;
2)Әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы есепке алынады.
3)жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті.
4)даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды.
5)жаңа педагогикалық технологиялардың ебін тауып қолдануға болады.
6)Әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі;
7)Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете алады. Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу кәсібіміздің басты құралы болып саналғандықтан, оны пайдалану мүмкіндігі мол.
Бала саны көп қалалық, үлкен мектеп оқушылары үшін ата-аналар жеке репетиторлардың көмегіне жүгініп жатады, ал шағын мектептің балаларына репетитордың қажеттілігі шамалы болып қалады, өйткені мұғалімнің әр оқушыға жеке көңіл бөлуіне мүмкіндік бар. Шағын мектеп мұғалімінің сабақ дайындалу кезіндегі жеңілдіктері сол, мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма дайындайды, дәптерлерін тексеруге уақыт аз кетеді. Сонымен қатар оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады, ал сабақта белсенділік танытатындардың есте сақтау қабілеті артады, білімді орнықты меңгереді, танымы кеңейеді, шығармашылығы артады.
Қазіргі кезде кез келген ауыл мектебі компьютермен, т.б. техникалық құралдармен ішінара болса да жабдықталған. Интернет жүйесі іске қосылған, басқа да ақпараттық құралдар, әдістемелік баспасөз құралдары: газет, журналдар, олармен байланыс бар. Дегенмен, ауылдың шағын жинақталған мектептерінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуына әлі де кедергі болатын жағдайлар өте көп. Мәселен, оқушыларды қабілетіне қарай дамытатын ешқандай жағдай жоқ: мұғалім болса, кабинет жетіспейді, кабинет болса, тиісті құрал-жабдық жоқ, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтуды талап етеді. Немесе топтар құруға бала саны жетіспейді, сондықтан үйірмелердің бірен-сараны ғана жұмыс жасай алады. Бір сөзбен айтқанда ауыл мектебі оқушыларының оқуын одан әрі жалғастыруға қажетті кәсіптік бағдарланған білім алу қиынға түсуде. Осыған байланысты шағын жинақталған ауыл мектептерінде оқушы саны аз сыныптарды оқыту үрдісі туралы педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар осындай сыныптарда жаңа педагогикалық технологияларды, өзге елдің оңтайлы озық тәжірибелерін қалай тиімді қолданып, білім деңгейін әлемдік стандартқа сай болуына қалай қол жеткізуге болады деген сауал қазіргі жағдайда шағын жинақталған ауыл мектептерін ғана емес бүкіл еліміздің білім беру жүйесінің басты да, маңызды мәселесі болмақ. Өйткені жалпы орта білім беретін мектептердің басты бөлігі ауылдарда орналасқан. Ал мектептегі білім беру сапасы әрине, мұғалімнің қолында. Шағын жинақталған мектепте сабақ беретін мұғалімдердің қолында нақты көмек бере алатындай бірде-бір әдістемелік құрал жоқ. Сондықтан мұғалім пәнді оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарынан бастап әр сабағын шағын жинақталған мектептің өзіндік ерекшеліктеріне бейімдеп мұқият жоспарлау керек.
Әрине, шағын жинақталған мектепте әр пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни оңтайлы жағы да, қиындығы да бар. Алдымен екі тілде сабақ беру кезіндегі оқушылардың ұлттық ерекшелігіне тоқталайын. Орыс тілді сынып оқушыларының сабақта өздерін еркін ұстап, сабақта белсенділік танытатынын байқадым. Ал қазақ тілді сынып оқушыларының ұлттымызға тән ұяңдық басым, көбіне ашылып сөйлей алмайтынын байқаған болатынмын. Бұдан кейін қос тілді параллель сыныптарды математикадан кей сабақтарда біріктіріп өткізіп көрдім. Тақырып бір, яғни екі сыныпқа бір тақырып бойынша сабақ беруге дайындаласың. Сонымен, қос тілдегі екі параллель сыныпқа сабақ берудің тиімді ерекшеліктері:
1. Сабақты жоспарлаудың ыңғайлылығы. Қазақ және орыс тілінде сабақтың тақырыбы мен мақсаты бір, үй тапсырмасын тексеру әдісін де бірдей қолдануға болады. Жалпы сабақтың кезеңдері бір.
2. Қос тілді меңгеруге (қазақ тілді балалардың орыс тілін, орыс тілді балалардың мемлекеттік тілді) қосымша мүмкіндіктің пайда болуы. Және де математикада көптеген терминдер бір тілде айтылады емес пе?
3. Оқушылардың танымдық белсенділіктері артады. Өздігінен білім алу жағдайында, қосымша материалдар іздеген уақытта тіл білімінен қиналмайды. Аудармашылық қабілет қалыптасады.
4. Пәнаралық байланыс іске асады: қазақ тілі – орыс тілі – математика – т.б.
5. Екі сынып болғандықтан бала саны аз да болса артып, педагогикалық әдіс-тәсілдерді, кейбір жаңа педтехнологияны қолдануға, топпен жұмыс жасауға, деңгейлік тапсырмалар беруге мүмкіндік туады.
6. Математиканы оқытуда практикалық мәселеге көп көңіл бөлінеді, атап айтқанда есеп шығаруға үйрету. Ал бұл жағдай тілге тәуелді емес.
Осындай сабақтардың нәтижесінде түлектер математиканы екі тілде меңгереді, ұяң оқушылар ысылады, жеке оқушылардың өзіндік намысы оянады.
Әдетте шағын жинақталған мектептің сыныптарындағы бала саны 5-6, көп болса, 9-10 бала болады. Математикада екі сыныптағы тақырыптар сәйкес келмейді, өйткені жылдан-жылға өтілетін тақырыптар тереңдетіліп, өзгертіліп отырылады. Мұнда тек өзіндік жұмыс, есеп шығару, қайталау, бақылау сабақтары сәйкес келеді.
Әр түрлі жастағы екі түрлі сыныпты біріктіп оқытудың тиімді ерекшеліктері:
1. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың жоғарғысының өткен тақырыпты есіне түсіріп қайталап отыруына жағдай бар;
2. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың кішісінің алдағы өтілетін материалдан хабардар болып отыруы олардың танымын белсенділейді;
3. Оқушылар арасында өзара көмек, саналы ынтымақтастық, сабақтастық іске асады;
4. Сыныптар арасында еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігі туады;
5. Екі сынып арасында туындайтын бәсекелестік есебінен оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады;
Біріктіріп оқытып жатқан сыныптарда оқушы саны аз болса да мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын орындап, оқытудың тиімді инновациялық технологияларын пайдалану шағын жинақталған метептің мұғалімінің құзырында. Мұғалім таңдаған оқытудың әдіс-тәсілдері алдымен оқушы үшін тиімді болуы керек, яғни осыдан жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатса, неге сол тәсілдерді қолданбасқа?
Назарларыңызға жоғарыда баяндалған екі түрлі жағдайда математикадан сабақ берудің үлгісі-жоспарын ұсынамын:
1.Қос тілді параллель 5-сыныптағы математика.
Сабақ жоспары:
| Сабақтың тақырыбы:
Ондық бөлшектерді қосу |
Тема урока:
Сложение десятичных дробей |
| Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ондық бөлшектерді қосу алгоритмін үйрету 2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, қырағылық дағдысын дамыту 3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзара көмек, бір-біріне деген жанашырлық сезімін ояту. |
Цели урока:
1. Формировать у учащихся алгоритм сложения десятичных дробей 2. Развитие мыслительных способностей учащихся, внимания и памяти. 3. Воспитание интереса к предмету, чувства взаимовыручки и взаимопомощи. |
| Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті 2. «Ой қозғау» 68-20:4-2=58 мына өрнектің қай жеріне жақшалар қойылмаған? Дұрыс жауабы: 68-20:(4-2)=58 3. Үй жұмысын тексеру 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 1)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. 2)Оқушылардан кез келген ондық бөлшектер атауын сұраймын. 3)Аталған сандарды қосу арқылы ондық бөлшектерді қосудың ережесін шығарамыз. 4,283 4,283 1,7 1,700 |
