Қызғалдақ құрағы .Технология 8 сынып кіріктіріл ген сабақ

Жамбыл облысы ,Жуалы ауданы,

Қошқарата ауылы, №9 Абай атындағы

Орта мектебінің технология пәні

мұғалімі Тұралы Асханбай Ануарбекұлы

телефон мобильдік 87027943581

Сабақ тақырыбы:“Қызғалдақ” құрағы

Сабақтың мақсаты:

Құрақтың шығу тарихымен таныстыру,құрақ түрлерін көрсете отырып, жасалу жолдарын үйрету.

Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамыту,қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.

Үнемділікке, ұқыптылыққа, ұлтжандылыққа, іскерлікке, ата-бабамыздың салт-дәстүрін білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Кіріктіілген сабақ

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта , құрақ үлгілері, компьтер сыныбы, дайын «Қызғалдақ » құрағының үлгісі

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгендеу

II.Үй тапсырмасын тексеру.

ә) Сөзжұмбақ шешу.

а) «Алтын қақпа» ойыны.

III.Жаңа сабақ

а) Кіріспе.Технология пәнінің мұғалімі .

ә)Құрақ түрлері мен жасалу жолын таныстыру.Технология пәнінің мұғалімі.

б)Гүлдердің маңызы.Биология пәнінің мұғалімі .

в)Құрақтың эскизін сызу,компютерде орындау. Информатика пәнінің мұғалімі.

г) Тест орындау.

д) Сергіту сәті.

у

IV.Сарамандық жұмыс.Технология пәнінің мұғалімі.

V.Қауіпсіздік ережесі.

VI.Сабақты бекіту.(Бес жол өлең,тб)

VI I. Үй тапсырмасы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушыларды түгендеу

II.Үй тапсырмасын тексеру.

ә) Сөзжұмбақ шешу. 2 топ өздері дайындаған сөзжұмабақтың жауабын Интерактивті тақтада жазуСөзжұмбақ «Тәуелсіздік»

т
ә

Талшық түрлері.(Табиғи)

Қалыңдықтың бас киімі.(Сәукеле)

Киіз үй жабдығы.(Уық)

Қол тігіс түрі.(Жөрмеу)

Киім түрі.(Белдемше)

Жерге төселетін қалың төсеніш.(Сырмақ)

Табиғи талшық түрі.(Жібек)

Қой жүнінен жасалатын зат.(Киіз)

Тоқыма айқаспаларының түрі.(Сәтендік)

Үй жиһазы.(Кілем)

Жан-жануар тектес ою-өрнек түрі(Ботакөз)

а) «Алтын қақпа» ойыны.

1. «Тас қақпа» сұрағы 1) Қазақстанның жер көлемі? Жауабы: 2724

2)Туымыздың авторы кім? Жауабы: Ш. Ниязбеков

2. «Темір қақпа» сұрағы. 1.Қазақстан қанша мемлекетпен шектеледі? (5)

2.Елтаңбаның авторы кім? ((Ш.Уәлиханов,Ж.Мәлібеков)

3. «Күміс қақпа» сұрағы: 1.Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орын алады? (9)

2.Әнұранның авторы кім? (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев)

4. «Алтын қақпа» сұрағы. 1. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?(1986ж)

2.Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж)

5. Алтын сандықтан шыққан сұрақ. Қазақстанды әлемге танытқан қай гүл?

III. Жаңа сабақ Құрақ түрі мен жасалу жолдары. Технология пәні.

Құрақ–мата қалдықтарынан жасалынатын үй бұйымдарының бірі. Құрақ құрау ертеден келе жатқан өнердің түрі. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып жаратып отырған. Құрақтан әртүрлі көрпешелер, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніштер тіккен. Құраққа қойылатын талап мата бөлшектерінің симметриялы болуы мен түсінің үйлесімділігі. Шеберлер түрлі геометриялық әдемі етіп орналастырып, тамаша құрақ көрпелерді құрастыра білген. Құрақ құрау өнері жылдан –жылға дамып келеді. Құрақ құрау өнері өзге елдерде де қолданылады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнерге байланысты фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Құрақ сәнді, сұлу болу үшін әр түсті белгілі бір ретпен, тәртіппен орналастыру қажет. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады.

Құрақ бұйымдар

Ас үй

Майлық

Ұстағыш

Қолғап

Дастархан

Ыдыс қойғыш

Жатын бөлме

Жастық тыс

Көрпелер

Төсеніш

Аксесуарлар

Сәнді сөмке

Әмиян

Құрақ түрлері:“Гүл” ,Шаршы”, “Ою”, “Ботагөз”, “Жұлдызша”, “Тырна”, “Мүйіз” құрақтары.

Геометриялық фигуралар: Пирамида , Шаршы, Алты бұрыш, Трапеция, Ромб, Төртбұрыш, параллелограм, Үшбұрыш , т.б.

Гүлдердің маңызы.( Биология пәнінің мұғалімі: Э.Белхожаева Қызғалдақ гүлі туралы түсінік беруде.)

Халқымыз табиғаттағы гүлдердің әсемдігін,сұлулығын көре де,сезе де білуді үйрете отырып, эстетекалық тәрбие берген.Табиғаттың сұлулығын қолөнер бұйымдарына кесте, ою-өрнек, өнер арқылы бейнелеген. Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген.Оны біз халқымыздың “көкті жұлма”, “бір тал-кессең, он тал–ек”, “гүлді жұлма”, “ағашты сындырма” деген сияқты ескерту сөздерінен де білуге болады. Гүл әсемдіктің, әдеміліктің символы. Сондықтан да қазақ халқы қыз баланы “Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі” деп гүлге теңеген,қыз баланы “гүлім” деп еркелеткен, қыздарына “Гүлнұр”, “Айгүл”, “Гүлбаршын”,

“Раушан” деп гүлге ұқсастырып ат қойған.

Гүл – өмірдің нұры.

Ол біздің өміріміздің байлығы мен

қуанышын, адамның жақсылығын

арттырады

– Гүлдердің қолданылуы:

Қазақстан -қызғалдақтар отаны:

Альберт қызғалдағы (Tulipa alberti)

Бузовский қызғалдағы (Tulipa buhseana)

Островский қызғалдағы (Tulipa ostrowskiana) Кауфман қызғалдағы (Tulipa kaufmanniana)

Шренк қызғалдағы (Tulipa schrenkii)

Информатика пәнінің мұғалімі:

компьютерде Paint графикалық редакторының

көмегімен “Қызғалдақ” гүлінің үлгісін салғызады.

Excel – де тест орындау «Білімді мыңды жығар» Оқушылар электронды тест орындауда

Сергіту сәті. «Мақал-сөздің мәйегі»

Өнерді қызықпасаң көре алмайсың, Таспаны үйренбесең (өре алмайсың»)

«Өнерлі болу-зейнет, өнерсіз болу (бейнет), . «Ердің атын(еңбек шығарады)

«Жеті өлшеп (бір кес), «Өнер іздеген өсер, өсек іздеген (өшер)

«Ата көрген оқ жонар, Ана көрген (тон пішер) , «Шебердің (қолы) алтын»

« (Асыл) қайшы пішуге сән, Күміс қасық ішуге сән».

IV. Қауіпсіздік ережесі.

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

Инені жіпсіз тастауға болмайды.

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

V. Сарамандық жұмыс.

Технологиялық карта бойыншы мата қиықтарынан “Қызғалдақ” құрағын құрастыру.

VI. Қорытынды. Бес жолды өлең.

Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.

Таң атқанда қызғалдақ

Қауызын жайып ашады

Хош иісін аңқыған

Жан-жағына шашады.

VII.Үйге тапсырма.

Құраққа байланысты,

еңбек туралы мақал –мәтел жазып келу.

Түрлі матадан құрақ көрпе құрап келу.

Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.

Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.

Инені ине қадағышқа шаншы.

Қайшыны ашық тастама.

“Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім”

Ә. Қастеев

қызғалдақ құрағы кірікт саб.pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше