Бала-келешегіміздің кепілі. Баяндама
Шығыс Қазақстан облысы. Аякөз қаласы. Аягөз аудандық
білім бөлімінің «№4 аралас жалпы орта білім беретін
мектеп» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі
Мусабаева Багдат Мухтаровна
Қазір ХХІ ғасыр.Адамның тұрмысыгың,қарым-қатынасының,ғылым мен техниканың дамыған ғасыры.
Қоғамның,қоршаған ортаның бет-бейнесін жасайтын адам.Замананың да,уақыттың да иесі-адам.Онда неге біз адамдардан өзіміз күткен адамгаршілікті көре алмаған сәтте «заманы сондай» деп заманды кінәлаймыз!
Дамыған қоғамда неге түсінбеушілік,қылмыс көп? Оны істейтіндердің көбі-жастар. Олардыңтас жүректілігінде,әдепсіздігінде шек жоқ.Оны қайдан үйренген?Қалай істейді?Себебі неде?Осының сырын ұғуға, емін табуға тырыстық па?
Қазір тәлім-тәрбие жайлы әңгіме айтыла қалса,баласының бойындағы кемшілікті мектеп пен мұғалімдерден іздейтін ата-аналар кездеседі.
Осындайда «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілерсің» деген бабалар тағлымы ойға оралады.Кәзір отбасының үлкендері жұмысбасты болғандықтан,бала тәрбиесі мектепке қалады.
Ата-ана таң атқаннан қас қараяүйіне оралады.Шаршап,жүйкесі қозып,жінері тозып келген адам тәлім-тәрбиемен айналысуға уақыты да,құлқы да жоқ.Сондықтан да еркі өзінде болған бала ойына не келсе соны істеуге бейім.Күні бойғы «тәлім-тәрбиешісі» теледидар,аудио,видио дискілер,интернет желісіндегі ойындар,автоматты ойындар.
Мәні мен мағынасы жоқ музыка мен «агенттегі» танысулар.Жасөспірімдер арасында «амарикандықтар» сияқты ойына келгенін істейтін жастардың кешкі отырысын жасауды армандау басым.Өз достарыңның арасында ойына келгенін істеп,аузына келгенін айту «қуу», «қуған» атану үшін барын салады.
Сонда ұлттық діл,әдеп қайда қалады?
Бала кезінен еркелеп,хат тану үшін ақы алып үйренген бала,мектептегі ұстаздарынан да ақы сұрайды.Ондай балаға жалынып сабақ айттырғанымен бірдей.
Балалардың сызғышты,шыбықты қылыш қылып «қылыштасып»,бос сөзге бола өзеуреп,өштесіп жүргенін көргенде жүрегің қан жылайды.
Тәрбие сағаты ретінде «Кино және өмір» туралы пікірталаста ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін қорытындылай алмай отырған балаға бағыт-бағдар беру қисық инені түзетумен (бірдей) тең болады.
Күнұзақ телехикаяларды көріп отырып бала сабағын,ата-ана балаларын ұмытады.
Сызғышпенен сынасқан,
Шаңды шығарып аспанға.
«Мынау не?»-деп сұрасам
Қисық жауап алғаным.
Жүз «батырдың» бірі тек қана
Жауабын айтар адамша.
«Джумонгты» мен көремін,
Еліктеймін төренің
Адалдығы,ісіне
Қайраты мен күшіне
Елді ойлаған жанына
Асау,қызу қанына
Ілеспейді ешкім шаңына
Түспейді дұшпан торына»
-деп қорытынды айтады.
Осындайда айғайлап
Айтқың клкді баршаға
Тарихты тура сомдаған
Қазақ елін қорғаған
Батырлар жайлы баяндар
Кино түсіріңдер ағайындар.
Баланың көретіні-түзу кино,еститіні-түзу ән,үлгісі –дұрыс өнеге болсын десек,дамыған ғылым мен техниканы пайдаланайық!
Сіздер баладан «жатқа Абайдың бір өлеңін білесің бе?» -деп сұрап көрдіңіздер ме?Жоқ!
Туған-туыс жиналғанда балаларыңызды өлең айтқызып жарыстырып көрдіңіздер ме?Жоқ! Себебі ,өлең білу «модаға» айналмаған.Мектепте бала өлең жаттайды,бірақ баға үшін.Сосын,оның білгені қоғамға,үлкендерге қажет болмағандықтан пысықталып,санада жатталып қалмайды.
Ал,сонау «дамымаған,оқымаған» ғасырдың өзінде өнегелінің ісі,сөзі,ақылы,астарлы сыны арқылықауым өз бойындағы адами кемшіліктерін түзеп,әдеп пен тәртіпті алға қойған.Неге ендеше үлгінің қайнар көзі болып саналатын Абайдың мұрасын оқып,үлгі алмасқа,жырымен сусындап, «қуған» емес,адам болмасқа!
Мәселен,Абайдыңоныншы қарасөзінде бала,бала тәрбиесі туралы айтылады.Онда, «Баланың жақсысы-қызық,жаманы-күйік» делінген.
Баламыз жанымызға күйік түсірмес үшін біз тәрбие деген тәңірді естен шығармауымыз қажет.Қызға да,ұлға да қырық үйден тыю керек.Әуелі баланы өзің алдайсың: «Әне,оны берем,мұны берем» деп.Соңы балаң алдамшы болсакімнен көресің. «Боқта» деп біреуді боқтатып, «осыған тимеңдерші» деп оны массаттандырып,әбден тентектікке үйретіп қойып, «қу бол,сұм бол»-деп, «пәленшенің баласы сені сатап кетеді»-деп тірі жанға сездірмей жат мінез қылып,осы ма берген тәлімімің?Осы баладанқайыр күтесің бе?!-деген сөздерді бізді ойлантуы тиіс.
Ұлы ақын: «Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам демеңіз…
Өзің үшін үйренсең
Жамандықтан жиренсең
Ашыларсың жылма-жыл…
Сөзіне қарай кісіні ал
Кісіге қарап сөз алма
Шын сөз қайсы біле алмай
Әр нәрседен құр қалма»,-дей отырып,жаман мен жақсыны айыра білуге,білімге ұмтылуға шақырады.
Ойға түссем,толғанып,Өз мінімді қолға
Мінезіме көз салдым,
Тексеруді ойладым.
-дей отырып өз мінезіне,қылығыңа есеп беріңдер,өздеріңді өздірің қолғ алыңдар,өзіңді-өзің таны дейді.
Осы сөздердің сырына үңіліп,жаттап алып,көпшілік ортасында насихаттауға болады ғой!
Өлеңдерді жаттай отырып бала бір жағынан Абайды таныса,екінші жағынан әдеп пен тәртіпті,жақсы мен жаманды айырады,үшінші жағынан Абай сөзін түсіндіре,ұғындыра отырып «уақыты жоқ» ата-анабала тәрбиесіне тағы бір рет көз тастар.
Менің өз зерттеуімше баланы әдептілікке тәрбиелеу жолдары ретінде мыналарды ескергеніміз жөн:
1.Ұлағатты ұлттық тәрбиені сіңіру,үлгілінің сөзіне ,атқарған ісіне үңілту.
2.Балаға достарын таңдауда көмек беру.
3.Бала бос уақытын қалай өткізетінін бақылау.
4.Бала қойған сұраққа біржақты емес,жан-жақты жауап беру
5.Балаңызды қуантқыңыз келсе кітап әперіңіз.
6.Ата-анасы балаға өмірінің мәні өздері екенін түсіндіру
7.Мектеп өміріне белсене араластыру(себебі,мектептегі барлық іс-шаралартек бала үшін жасалады).
8. Барлық адами құндылықтарды ақшаға сатып ала алмайтындықтарын түсіндіру.
Әдептіліктің адам өмірінде алатын орны зор.Әдеп дастархан басында,қоғамдық көлікте,сәлем беруде,қонақ күткенде,дүкенде,кітапханада,достар арасында,киіну мәнерінде,тіпті телефонмен сөйлескенде көрініс табады.Әдеп-тәрбиелілігіміздің өлшемі.
Тағы да Абайға сүйенсек: «Балаға ақылын бермей,ашуын берген адамнан үлгі болмайды.Себебі,бала да ашуланады.»Ұрысу,ашу шақыру тәрбиеге жат қылықтар.Мына ұстанымдарды есте сақтайық:1.Бала алдында ұстамды,сабырлы,төзімді бол.Соныңмен үлгі көрсет.
2.Теріс ісін ұғынықты етіп түсіндіріп,дұрысын мадақта.
3.Өз бетінше ой қорытындысын жасауға үйрету.
4.Отбасында «бір күннің қорытындысы», «сыр айтатын минуттар», «отбасымыздың келешектегі бейнесі» сияқты кештер өткізу қажет.
Осы арқылы баланы не мазалап жүр,оның арманы,тілегі,басқалармен қарым-қатынасын біле аласыз.
Осы орайда:
Бала-келешегіміздің кепілі,
Бала-өміріміздің өскіні.
Бала-бақытымыздың байламы,
Бала-сая болар орманымыз-
Дей келе отырып бала тәрбиесіне тек мектеп қана емес,ата-ана мен қоғамның да жұмысы екенін ұмытпайық.
