Оспанова Айжан Токтагуловна
Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті Жәйрем №10 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Айжан Токтагуловна
- Тақырыбы: Өтірік өлең.
Мақсаты: Өтірік өлеңнің мазмұнын түсіну, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой- қиялын дамыту.
Міндеттер: Өтірік сөзінің адам өміріне пайдалы және зиянды жақтарын түсіну,бар ақпаратты пайдаланып жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, бір – бірлерін тыңдауға ,критерийлерді пайдалана отырып, дұрыс бағалау. - Тақырыбы: Қожанасыр туралы әңгімелер
Мақсаты: Халқымызға тән сөйлеу тілінің ерекшелігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқу.
Міндеттер: Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерін сіңіріп, оқиғаға сын көзбен қарауға қалыптастыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушылардың сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауы,еркін пікір айта білуі; Топпен жұмыс, болжау стратегиясын пайдаланып оқушылардың өзіндік жұмыс істей білуі;
Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден (қызғаныш, мақтаншақ,) аулақ болуды түсінуі; - Сабақтың тақырыбы: Кімге қарыздармыз?
Мақсаты: Диалогтік оқыту әдісі бойынша оқушының сындарлы сөйлеу тілін дамыту, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Міндеттер: Алған білімін өмірде пайдалану,өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге , тапсырманы ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу . - Сабақтың тақырыбы: Асыл сөз қайда?
Мақсаты: Мәтінді оқи отырып, оның негізгі идеясын ашып, табиғатты аялауға, қамқор болуға үйрену.
Міндеттер: Кейіпкерлер бейнесін салыстыру жұмыстарын жүргізу.Айтылған ойды дәлелдеуге үйрету. Ұжымдық ауыз біршілікке баулу.
