Бағдарламалау жүйелері

Алматы облысы, Ақсу ауданы,

Н.Есеболатов атындағы орта мектебінің

Информатика пәнінің мұғалімі Кырыкбаева Айгерім Абайбекқызы

I. Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалау жүйелері

II. Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға бағдарламалау жүйелері туралы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының сабаққа деген ынтасы мен қабілетін біріктіріп, қызығушылығын арттыру.

III. Сабақтың түрі: аралас сабақ

IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

V. Сабақтың көрнекілігі: компьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

VIII. Сабақтың барысы:

VIII. Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) үй тапсырмасын сұрау

В) Жаңа сабақ

Г) Бекіту

Е) Қорытынды

Д)Үйге тапсырма

Ж)Бағалау

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
  2. ОЖ қызметкері қандай
  3. ОЖ дамуына не себепші болды?
  4. Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?

Жаңа сабақ

Бағдарламалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программа жиынтығы аталады.Программалау жүйесі пайдаланушыны немесе програмистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босататын және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді.Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін,программалау жүйесінің программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын программасы бар.

Әдетте программалау жүйесінде:

· қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамасы;

· тілді жүзеге асыру құралдарнын сипаттау- бұл осы тілдерден аударғыш программалар;

· стандартты бағыңқы программалар кітапханасы бар.

Программалау тілдерімен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру керек.

Программалау тіі- бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін,пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен симатикасы анықтайтын ережелер жинағы.

Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз орындайды.

Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен талдайды.Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік құрылымы машиналық кодка бірінен соң бірін негізгі жад аймағында интерпретацияланатын программамен бірге болуы керек,бұл жадтың айтарлықтай көлемін қажет етеді.

Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің өзінің артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері негізінен компиляциаланады. Ассемблер ьтілі негшізінде интерпретацияланады, Бейсик пен Лисп тілдері осы екі әдісті де кең қолданылады.

Құрылымы, кірістік тілінің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады:

· машиналық-бағытталған;

· машиналық-тәуелсіз

Машиналық бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен айтарлықтай тәуелді ішкі тілі бар. Машиналық бағытталған жүйелер машиналық тәуелді тілдердің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік береді:

– жасалынатын программалардың жоғары сапалылығы;

– белгілі бір аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі;

– объектік код пен жад тапсырмаларының болжаулылығы.

Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушілігі де бар:

* тиімді программалау жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет;

* қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру поцесінің қиындығы;

* программалау жылдамдығының төменділігі;

* бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютнрлердің басқа типтерінде пайдалану мүмкіндігінің

жоқтығы.

Машиналық-бағытталған программалау жүйелері бұл компьютердің ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін,есептерді шешу алгоритімдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен сипаттау жүйесі.

Қазіргі программалық жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік арнаулы:

1. Объект – бағытталған визуалды програмамлау жүйелері. Олар графикалық интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағын жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Программалау жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Программалау жүйесінің құрамында не болуы керек ?

3. Машиналық – бағытталған программалау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай ?

IX . Сабақты қорытындылау Жаңа материалды пысықтау,

X . Үйге тапсырма Бағдарламалау жүйелері

XI . Бағалау. Оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше