Жұрнақ пен жалғау

Атырау қаласы,№4 Ю.А.Гагарин атындағы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Баймуханова Бақтылы

Қазақ тілі 2 сынып

Cабақ тақырыбы:Жұрнақ пен жалғау.

292-296-жаттығулар.

Сабақ мақсаты: а)Білімділігі:Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,

түрлерін ажыратуға дағдыландыру.

ә)Дамытушылығы: Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге

баулу.

б)Тәрбиелілігі:Еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ әдісі: Түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Ребустар,слайд,сурет,оқулық,карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,математика,дүниетану.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.Ереже сұрау.290-жаттығу.

(Жеміс суреттері арқылы бағалау: “5”алма,”4”алмұрт,”3”қияр) .

III. Жаңа сабақ.Жұрнақ пен жалғау.292-296-жаттығулар.

«Орныңды тап»ойыны.Үлестірмелі карточкалар.

Түбір қосымшалы сөз

оқу биші

арба орындық

мақта тігінші

үйрек мектепке

Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу.

292-жаттығу.1.Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқу.

2.Қарамен берілгенсөздерді теріп жазу.

Шоқан Уалиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шын есімі Мұхаммед Қанафия 1835-1865 –қазақтың ұлы ғалымы, ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы,этнограф,географ,ағартушы.Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен,”Шоқан” аталып кеткен.

әдебиетші зерттеуші

тарихшы Шоқан заңгер

жаратылыстанушы саяхатшы

этнограф ғалым

3.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле.

4.Шоқан туралы білетініңді айт.

( Слайд,Шоқан суреті,”Күн сәулесі”)

293-жаттығу.1.Мәтінді көшіріп жаз.

2.Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз.

3.Қар сөзіне жалғанған қосымшалар жұрнақ па,әлде жалғау ма?

4.Мәтінге ат қой.

(тақтамен жұмыс.Слайд; Қыс көрінісі.)

IV.Сергіту сәті :«Қазақ тілі»әні.

Тарихтың тал бесігі тербеледі,

Жылдар жылжып,ғасырлар дөңгеледі.

Көз жүгіртіп қарасам өткендерге,

Қасиетті ана тілім тербеледі.

Қазақ тілім,қазақ тілім,ана тілім,

Көркейе бер,көктей бер,дана тілім.

294-жаттығу. 1.Ребус шешу.

2.Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Балық-ш-ы.

295-жаттығу.Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандарың жалғау екенін дәлелде.

Наурыз ді

Бала ға

Қала ның

Көмір да

VI.Үйге тапсырма.296-жаттығу.Ребус шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. (Слайд арқылы түсіндіру).

VII.Мадақтау.Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше