Санды 2-ге бөлу кестесі
Атырау қаласы,№4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Баймуханова Бақтылы
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды 2-ге бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға 2-ге бөлу кестесін құрастыру ұстанымын түсіндіру
2.Бөлу мен көбейту амалдары арасындағы байланысты ұғындыруда одан әрі жалғастыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,өз бетіншек жұмыс істей білуін,логикалық ойын математикалық тілін дамыту.
Cабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,А.Құнанбаев суреті,күзгі жапырақтар,су перісінің суреті,тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі
-Армысың,күн,емендер мен кең дала!
-Армысың,тау,ормандар мен теңіздер!
-Армысыңдар,әлемде өмір сүргендер!
-Балалар,біз бүгін сондай тамаша әрі қуаныш пен ізгілікке толы қоршаған ортаға сәлем береміз.
Қане,мына жайдары да жарқын күзгі күнге,мына мейірімдісамал желге күлімсірейікші,бір-бірімізге бұрылып,жымия қарап,табыс тілейік.
2.Өткен сабақты пысықтау.Ой қозғау стратегиясы
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз
-Күзгі табиғат құрылыстары туралы әңгімелеп көрейікші.
Оқушыларға А.Құнанбаевтың суретін көрсете отырып,”Күз’’ өлеңін бір оқушыдан жатқа сұраймын.
Енді,балалар,сендердің парталарыңның үстінде күзгі жапырақтар-ерекше жапырақтар.Оларға өрнектердің мәндері жазылған.
Тақтада 2:2= 3*1= 6*0= 0:3= 3*1=
0:2= 2:1= 5:5= 7:7= 2*0=
Осы арада оқушылардан осы өрнектерге сәйкес математикалық ереже сұралады.
1.Санды өзіне-өзін бөлгенде 1 шығады.
2.Кез келген санды 1-ге көбейткенде немесе 1-ге бөлгенде сол санның өзі шығады.
3.Нөлді натурал санға бөлгенде нөл шығады.
Жаңа сабақ
-Балалар,біздің күзгі орманымыз да керемет,онда әлі де гүлдер гүлдейді,бірақ қарапайым емес,сиқырлы.Тақтада сандар жазылған гүлдер.
| 4 |
| 6 |
| 8 |
| 14 |
| 10 |
| 12 |
| 18 |
| 2 |
| 16 |
Балалар тақтаға шығып,кез келген гүлді таңдайды.
-Мына сан шығу үшін,2-ні нешеге көбейту керек?
Мысалы 10-ды таңдап алса,10 шығу үшін 5*2=10
Оқушыларға сандарды өсу ретімен таңдатамын.
-Енді,балалар,осы көбейту кестесіне қарап,бөлу кестесін құрайықшы.
2*1 2
|
2*2=4
2*3=6
2*4=8
2*5=10
2*6=12
2*7=14
2*8=16
2*9=18
Осы ереже оқушылардан сұралады.
2-ге бөлу кестесін құру.
2:2=1 10:2=5
4:2=2 12:2=6
6:2=3 14:2=7
8:2=4 16:2=8
10:2=5 18:2=9
4.Есептер шығару
№2,3 есептерді ауызша шығартамын.
Белгісіз бөлгішті,бөлінгішті табу ережесі сұралады.
5.Өзбеті жұмыс:
1-топ 2-топ
600-(420+80)= (864-394)+160=
(478+306)-250= 527+(912-280)=
3-топ
Тест тапсырмаларын беру
1.х:2= 6 теңдеуінің шешімі қайсысы?
А.10 Ә.12 Б.14
2.Бөлінгіш 16,бөлгіш 2,бөліндінің мәні неге тең?
А.6 Ә.7 Б.8
3. :
2=9 керекті сан қайсысы?
А.20 Ә.18 Б.16
6.Тақтамен жұмыс:
Тақтада «Су перісі»ертегісінің иллюстрациясы,теңіз атбас балықтарының суреті.
№5 есепті шығару
1)6*2=12(інжу)
2)16:2=8 қобдишаға бөліп салу
7.Сергіту жаттығулары
Мұғалім сандарды атайды: 10,15,12,14,11,13,18,19,8,17,6,16
Егер сан екіге бөлінсе-оқушылар екі рет секіреді,ал егер бөлінбесе-бір адымдайды.
8.Шығармашылық жұмыс
№8 есепті шығару
2м 2м 2м 2м 2м
Жауабы: 6 қазық қақты
9.Сабақты қорыту (Рефлексия)
«Математикалық лото» ойынын ойнату
| 4 |
| 2*1 |
| 10000000000 |
| 8*2 |
| 188 |
| 2*2 |
| 1222222 |
| 7*2 |
| 14 |
| 9*2 |
| 8 |
| 6*2 |
| 16 |
| 4*2 |
| 2 |
| 5*2 |
Енді,балалар,сендерге сабақ ұнады ма?
-Егер,көңіл күйлерің күндей жарқын болса,сары парақты,көңілсіз болса-қызылын көтеріңдер.
-Бәрінің көңіл күйлерің күндей жарқын екеніне қуаныштымын.
10.Үйге тапсырма: №5(3) №7
11.Оқушыларды бағалау
