Сабақтың тақырыбы:
«Өө» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік:«Өө» дыбысы және әрпімен таныстыру. Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.
2) Дамытушылық: «Өө» дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Көркемдікке, әдептілікке баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, танымдық ойлау, талдау, топтау.
Көрнекілігі:«Өө» әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті суреттер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өтілген сабақты еске түсіру
1. — Балалар өткен сабақтағы әріптерді еске түсірейік:
Аа, Тт,Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Щщ, Ққ, Дд, Мм, Бб, Сс,Ыы,Жж,Ұұ,ң,Ее, Кк, Іі, Әә, Ии, Зз.
— Қазір қай мезгіл?
— Қанша мезгіл бар?
— Бүгін аптаның қаншасыншы күні?— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
— «Зз» -қандай дыбыс?
— «Зз» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мысалдар келтір (сөздің басында, ортасында, соңында).
Зебр, зымыран, қозы, бұзау, қарбыз, сәбіз, қобыз, көз, қаз.
III. Жаңа сабақ.
Ой шақыру
Жұмбақ
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты…… (Өрік)
— Өрік сөзінің басында қандай әріпті естіп тұрсыңдар?
— Енді бізде қонаққа «Өө»әрпі келіпті.
— «Өө»әрпін хормен айтқызыу.
— «Өө»әрпі қандай дыбыс екенін айтқызу.
— «Өө»әрпінен басталатын сөздерді тақтадағы берілген сурет арқылы талдау.
— «Өө» әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
— «Өө» әрпі қай әріпке ұқсайды? (О)
Сөз басында:Өзен, өрмекші, өріс, өрік, өшіргіш, өнер.
Сөз ортасында: Бөрік, көйлек, көктем, көз, көбелек, көгершін.
1 тапсырма. «Жоғалған әріпті тап»
Сергіту сәті
Мен гүлдерді жұмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Ұстазымды сыйлаймын.
2 тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Ж
азу жұмысы.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
1. Ауада жазу.
2. «Өө» дыбысынтақтаға жазу.
3. Үлгі дәптерге жазу.
Тақпақ
«Ө»- дегенім, Өрік
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп.
1. Оқушыларға тақпақты хормен оқыту.
2. Тақпақ не туралы, бүгінгі жаңа әріп тақпақта кездесті ме?
3. Өрік сөзіне тоқталу. (өрік — тәтті жеміс)
IV. Жаңа сабақты бекіту. Ой қорыту.
1. Балалар бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
2. «Өө» әріпінен басталатын қандай сөздер талдадық?
3. «Өө» әріпінен басталатын қандай сөздерге буындық талдау жасадық?
4. «Өө» әріпінен басталатын қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық?
5. Қандай буындардан сөз құрастырдық?
V. Оқушыларды бағалау:Оқушыларды бағалау, жауап берген оқушыларға өрік жемісі таратып беріледі (5 алғанын білдіреді).
VІ. Үйге тапсырма:
Үйренген «Өө» әріпін қайталау, дәптермен жұмыс.