Тақырыбы
“Қазтамақ гүлінің пайдасы”
Мақсаты : Қазтамақ гүлінің үй жағдайында өсуін және медицинада емдеу жолдарын зерттеу.
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қазтамақ гүлінің тарихы
- Қазтамақ түрлері
- Қазтамақ пайдасы,қолданылу жолы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Жұмысымның тақырыбы : “Қазтамақ гүлінің пайдасы” деп алуымның себебі:
Өйткені қазтамақ гүлін ерте заманнан ата- бабаларымыз дертке ем ретінде пайдаланғанын көп естігенмін.Қазтамақ гүлінің ұмытылған емдік қасиеттерін қайта жаңғырту мақсатында осы жобаны таңдадым.
Тақырыбы
“Қазтамақ гүлінің пайдасы”
Мақсаты : Қазтамақ гүлінің үй жағдайында өсуін және медицинада емдеу жолдарын зерттеу.
Міндеті :
- Берілген тақырыпта мәліметтер жинақтау, қазтамақ гүлінің емдік қасиетін зерттеу.
- Қазтамақ гүлінің пайдасы.
- Қазтамақ гүлін өсіру және көбейту жолдары.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Қазтамақ гүлінің адам ағзасына пайдасы және оның емдік қасиеті.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы :
Ол өзінің үйінде қазтамақ гүлін үйінде өсіріп, оның адам ағзасына пайдасын зерттеп білді.
Қазтамақ гүлінің тарихы
Қазтамақ (pelargonium пеларгония (герань)) — герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка 280 – ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен , қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Қазтамақ –қазтамақ тұқымдастығына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазтамақтың түрлері
Қазақстанда шалғындық жерлерде, өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биіктігі 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама – қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері , көбінесе шоқталып , кейде жеке дара шығады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп , шілде –қыркүйекте жемістенеді. Жемісі –дәнек.
Қазтамақтың күтімі
Қазтамақ тез өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Өсімдіктің күтімі дұрыс болса,араға аз уақыт салып демалып, үздіксіз гүлдей береді. Мамыр айында аулаға шығарып , гүлзарларға егіп қоюға болады.Күзде қайтадан қазып алып,түбекке отырғызып үйге кіргізеді.Қараша айында жапырағы сарғайып , түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15 см дей биіктікте кесіп тастау қажет.
Қазтамақты жаз айларында жиі , ал қыс айларында бірқалыпты суғарған дұрыс . Аталмыш гүл шамалы суыққа шыдағаны мен , негізінен жылу мен жарықты жақсы көреді.Көптеген қазтамақ жарықта ерекше гүлдейді. Өсімдік жиі тыңайтқанды қажет етпейді.Сондықтан , өсімдікті ерте көктемде және жаз айларында айына бір рет тыңайтып тұрса жеткілікті.
Қазтамақтың емдік қасиеті
Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында және сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) аминқышқылдары,дәрумендермен антибиотиктер бар.
Халық медицинасында қазтамақтың тұнбасын ішу арқылы асқазан, ішек және көз ауруларын емдеуге болады. Сонымен қатар , бүйрекке тас байланғанда , тамақ пен ауыз қуысы қабынғанда, сыртқы жараларға,тұмауға , бас ауруына, жөтелге және ревматизмге қарсы қолданылады.
Қазтамақтың гүлінің де , жапырағының да , сабағы мен тамырының да шипалық қасиеті мол.
Қазтамақты косметологияда да қолданады.Өсімдіктің 200 грамм ұсақталған жапырағы мен гүлінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, тоңазытышқа қояды. Дайын болған мұзды таңертең бетке ұқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп , теріні жақсартуға көмектеседі.
Қызықты деректер
Қазтамақ бөлмедегі ауаны стафилакокк, стрептококк бактерияларынан тазалайды.Оны тексеру үшін ғалымдар стафилакокк бактериясының 1-2 тамшысын қазтамақтың жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар , шыбын шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс керіс болмайды мыс.
Қорытынды
Қорыта келгенде қазтамақ гүлі тек медицина тұрғысынан ғана емес ,сонымен қатар үйге сән және де тыныштық алып келеді.Қазтамақ гүлі ерте де өзінің сұлулығымен тек байлардың аулаларында,биік үйлердің алдында өсірілетін «ақсүйектер гүліне» айналған.Содан да болар, гүлдің сұрыптары да ақсүйектердің ұғымына сай «Кароль Эдуард 7 » , «Кароль Альберт» , «ЭмильЛемуан» сияқты атақтылардың құрметіне аталған.Ал 19 ғасырдан бастап қазтамақ гүлі әлемге таралған .
Дәрі дәрмекті пайдаланғанша , үйіңізге қазтамақ егіп , емделіңіз және әдеміліктің ортасында өмір сүріңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ж.Жатқанбаев . Өсімдік және адамзат.
- М.Қожабеков . Дәрілік өсімдіктер. Алматы,Қазақстан 1982 жыл.
- “Денсаулық“туралы журнал
- Қ 74 Құлжабаева Г. Ә. «Өсімдіктер әлемі» оқу – әдістемелік кешені
- Ақпараттық құралдар